Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.

1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады[3]. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары -Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды.Қазақстандағы референдум (30 тамыз 1995 жыл). Бұл күн мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі өзгерістер енгізілді.

89.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымда.

1985 жылдан кейінгі қоғамды қайта құру,жаңарумен байланысты Қазақстанда бұрынғы кездегі жеке Коммунистік партияның үстемдік етуінен бірте-бірте арылып,әр түрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге көшу белең алды.Бұл елде болып жатқан демократикалық процестермен,саяси сипаттағы өзгерістермен тікелей өзектес еді.Қазақстанда көппартиялық және жаңадан саяси партиялық пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн.Оның бірінші себебі- 1989 жылдан бастап Қазақстан саяси өмірінде болған өзгерістер,соның ішінде әртүрлі көзқарастар,қоғамда ала бастаған саяси еркін ой.Екінші себебі -1991 жылғы Мәскеуде болған мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған тамыз оқиғасымен байланысты.Үшінші себебі – бұл еркіндік синдромы,ол барлық саяси ұйымдар мен күштерге тән.Міне,осындай себептердің нәтежесінде 1990 жылдан бастап Қазақстанда ең әуелі социал-демократиялық партия,одан соң демократиялық «Азат» қозғалысы қалыптасты.Көппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес,сонымен қатар өздерінің ұлттық тәуелсіздігін алған,бұрынғы одақтас республикаларда да құрылды.

1999 ж.республикада 14саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар,бірлестіктер орнықты.Ал 2002 ж.саяси партиялардың саны 20-дан асты.Жаңадан халық арасында танымал «Отан», «Ақ жол», «Асар» т.б. партиялар бой көтерді.Қазақстанның саяси аренасында беделді табиғи іріктеуден өткен парияларды қалдыру мақсатында 2002 жылы Елбасы жарлығымен «Саяси партиялар туралы» арнайы заң қабылданды.Онда халық арасында беделін көрсеткен және тіркеуден өту үшін партияның кемдегенде 50мың мүшесі болу керектігі туралы талап қойылды.Бұл саяси париялардың сан жағынан өсуіне итермеледі.2004 жылы заң бойынша тіркеуден өткен саяси партиялардың 12-сі қалды.Саяси партиялардың ұйымдық құрылымындарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған.Республиканың бірқатар саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда өткен парламент сайлауына белсене қатысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]