- •2.Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7.Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8.Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни.
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз, Ибн Сина. М.Қашқари, ж.Баласағұни.
- •21.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •22.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз
- •25.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •28.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •34.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз
- •41.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •49. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •51.Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз.
- •53.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •54.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •59.Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •60.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •83.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •89.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымда.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •94.«Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз.
- •95.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •99.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
- •100.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
Екінші жалпықазақ сиезі - 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған сиез. Бұл сиез Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды. Сиез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Сиез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зэки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Сиез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сиез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасыныңуақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Алашордасыныңуақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Сиез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады. Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Сиез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл сиез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
69.Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайын талдап көрсетіңіз. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дэл шекара болған емес. Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісуда казак әскерлері кеңесінің “әскери үкіметі” жэне революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды. 1918 жылдың көктемінде кеңестік билік тарапынан түсінушілік пен қолдау табудан күдер үзген Алашорда, енді болыиевиктерге қарсы ымырасыз күрес жүргізуге үйғарып, Сібір Уақытша үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік Қүрыл- тай жиналысы мүшелерінің (Комуч) Самар комитеті қолдауына сүйеніп, Алаш автономиясын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, азамат соғысының бастапқы кезеңінде алашордашылар ақтармен одақтасып, қызылдарға қарсы соғысты. 1918 ж. шілде мен тамызында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков пен эскери бөлім меңгерушісі капитан Қ.Тоқтамысов Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен кездесіп, Алаш орданың қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді. Алашорда Батыс бөлімінің басшылары Халел мен Жаһанша Досмүхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алды жэне таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядтарын үйымдастыруға уэде береді. Торгай тобына 300 берданка мылтыгы, 20000 патрон, эскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен екі атты полк: біріншісі — Қостанайда, екіншісі — Ырғызда қүрыла бастады. 1918 жылы тамызда Семей қаласында қүрамында 38 офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі үйымдастырылды. Ақ гвардияшылардың көмегімен асығыс үйретілген Алаш отрядтары көп үзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты. 1918 ж. жазында азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Ақ гвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай ең басты пәрменді күш — Сібір мен Оралда шоғырланған Чехословакия корпусының офицерлері бүлік шығаруына байланысты эскери қақтығыстар күшейе түсті. Бүл корпус революцияға дейін Австро-венгрияның түтқын солдаттарынан — чехтар мен словактар қатарынан қүрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. 1918 ж. наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласында Кеңес билігіне шабуылдап, облыстық атқару комитетінің мүшелерін қамап, соңынан оларды өлтірді. Алашорданың Батыс бөлімімен бірлесіп эрекет еткен Дутов бөлімдері Орал-Гурьев ауданында генерал Толстов басқарган ақтардың негізгі күштерімен бірікті. 1918 ж. күзінде Орал ақтарымен күресу үшін ’’Ерекше армия (кейінгі шығыс майданының төртінші армиясы) қүрылды. Жыл бойы Шыгыс майданындагы Колчак әскерлерінің шешуші жеңісіне дейін Орал аймагы қолдан-қолга өтті. Орал облысында “Бірінші ерекше атты эскер” бригадасы қүрылып, кейін Қызыл армияның 4-армиясының қүрамына кірді. 4- Армияның қолбасшысы болып М.В.Фрунзе тагайындалды. Оралды босату операциясына В.И.Чапаев басқарган 2- Николаев дивизиясы жэне 4- армияның бөлімдері қатысты. 1919 ж. 24- қаңтарда қала босатылды. Сөйтіп большевиктер үшін азамат согысының алгашқы кезеңі сәтті аяқталды. 1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдар ақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметіне қарсы күштер үйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жерлерде бүқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан үлттардың өзін-өзі бнлеу қүқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалар- мен одақ құруы жэне 1919 жылы шілдеде Казревком қүрылғанда қазақтардың жерге мүқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып, Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бүл шаралар болыиевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтүрсынов бастаған алашорда- шылар қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орыс шовинистік көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына үлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдап жүрген Алашорда үкіметін де мойындамады. Сібірдегі уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан — 4 қарашадағы грамотасымен Алашорда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Сонымен қатар, Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың аумақтық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса, 1919 жылы жазға қарай ақтар Сібірде жеңіліске үшырады.Алаш көсемдері қазақ мемлекеттілігін қүрудың жаңа жолда- рын іздеуге мэжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес үкіметімен ымыраға келу жолдарын қарастырды. 1919 ж. басында Алашордалықтар Кеңес үкіметімен арадағы келіссөздерін қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда атынан емес, А.Байтүрсынов басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді. А.Байтүрсынов ең эуелі Ә. Жангелдинмен, одан кейін Мэскеуде Ста- линмен келіссөздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жа- риялады. Алашорда басшыларының бірі А.Байтүрсынов, оның жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жағына шықты. Желтоқсан айында Ә.Бөкейханов бастаған Алашорданың Шығыс бөлімі толығымен Кеңес үкіметін мойындады. Алашорданың белсенді қызметкерлеріне өшпенділікпен қарайтындықтары ескеріле отырып, олар ревком мүшелігіне жэне басқа да жауапты кеңес қызметіне үсынылмайтын болсын”. Ақырында жоғарыда көрсеткеніміздей Қазревкомның 1920 ж. 5 наурыздағы қаулысына сәйкес Алашорда таратылды.Осылайша біртұтас тәуелсіз ұлттык мемлекетті кұруға талпынған қазақ зиялыларының пәрменді эрекеті нэтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ ¥лттық Автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, тәуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде тарихта ғана қалды. Азамат соғысының қиын-қыстау жылдарында кеңес органдары жергілікті жерлерде мэдени қүрылысты да жүргізіп, саяси үгіт қатаң нысаналы сипатта болды. Қорыта келгенде, Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен жэне көпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісінің мэнін, Ленин бастаған болыиевиктер партиясының бағдарламасын түсінген де жоқ, қабылдаған да жоқ. Әлеуметтік революцияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясының мән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып алынған жер- суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды.
70. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызы. 1920 жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті.Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті және Халком Кеңесі сайланады. 1920ж. 26 тамызда «Қырғыз(Қазақ) Автономиялық КеңестікСоциалистік Республикасын құру туралы» жарлы қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасыболды. Аумағы – Семей, Орал, Торғай, Маңғышлақ облыстары, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахан губерниясының бір бөлігі. Халқы – 5 млн.– ға жуық болды. Орталық Атқару Комитетінің төрағасы –С.Мендешев болды.1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Соцалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады.Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР да Кеңастік Ресе Федерациясы құрамында Одаққа кірді.Ұлттық жерлердің межеленуі нәтежесінде Түркістан АКСР-нің құрамындағы бұрынғы Жетісу мен Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды.Соның нәтежесінде Қазақстан жері 700 мың шаршы шақырымға,ал халқы – 1млн 468 724 адамға өсіп 5230 мыңға жетті. 1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды. Қазақстанда жауларды «әшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономияқұқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мәдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң әкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты. Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді.
71.Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуінің ерекшеліктерін көрсетіңіз: себептері мен нәтижелері. Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын В.И.Ленин «куйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады. Империалистік және Азамат соғысы, «әскери коммунизм» шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 307 көсіпорынның 250-і өз жұмысын тоқтатты. Мұнай өндіру 1913 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге, көмір өндіру - 5 есеге азайып кетті, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтатылды. Спасск байыту фабрикасы, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары қаңырап қалды. Өнеркөсіптің үлесі халық шаруашылығы жалпы өнімінің- 6,3%-ын ғана құрады. Ауыл шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. Егістік көлемі Орал губерниясында 2,5 есеге, Жетісуда - 3 есеге қысқарды. Мал басы республикада 29,9 млн-нан 16,3 млн басқа кеміп кетті.Социализмнің экономикалық іргетасын қалау үшін жаңа техникалық база негізінде ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, оны қайта құру қажет еді. Бұл үшін бөрінен бұрын жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркөсіп салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын қалпына келтіру керек болды.Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді . В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні - елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі - партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу, екіншісі - шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды. Елді бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет еді. Бұл міндетті шешу үшін бәрінен бұрын шаруаларды ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруді арттыруға ынталандыруды жүзеге асыру күрделенді. Сондықтан да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды. Заттай салыктың орташа мөлшері азык-түлік салғырты мелшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топы- рактың кұнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл енімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салықтар салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. 1924 жылдан бастап ол ақшалай алына бастады. Азық-түлік салығына кешу шаруаларға ез шаруашылығын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді.
Барлық қарама-қайшылықтарына қарамастан жаңа экономикалық саясат қысқа мерзімде халықтың тұрмыс дәрежесін арттырып, халық шаруашылығын калпына келтіруге, елдін, саяси өмірін жандандыруға және мәдени өмірін сауықтыруға мүмкіндік жасады. Жаңа экономикалық саясаттың тежелу себебін партия мен мемлекет басшыларының бұл саясатты түсіну мен іске асырылу мүмкіндіктерін бағалаудағы жіберген елеулі қателіктерімен түсіндіруге болады. Осындай жете түсінбеушіліктің нәтижесінде жеке меншік капиталға қарсы мерзімінен бұрын шабуыл науқаны басталды. Оның нөтижесі - деревнядағы шаруалар мен каладағы жұмысшылар наразылығымен қатар жүрген рынок айналымы берекесінің кетуі болды. 20-жылдардың соңында жаңа экономикалық саясаттың бәсеңдеуі байқалды. Осының бәрі Ленинесімімен іске асырылса да, іс жүзінде партия мен бүкіл елдің тарихында келесі кезең басталды. 20-жылдардың соңында партиялық (мемлекеттік) басшылықтың күрамы түбірімен өзгеріп, Сталин мен оның жақтастары шектеусіз жеңіске жеткен шақта жаңа экономикалық саясаттың соңғы сәті туды.
72.1924 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеудің себептерін түсіндіріңіз. Орталық Азия республикалары арасында ұлттық-территориялық межелеуді жүргізу аса күрделі мәселе еді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңде жатуы мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Сондай-ақ, экономикалық орталықтар мен ірі елді-мекендерді бөлу мәселесі көп жағдайда тығырыққа тіреліп отырды. Экономиканың даму деңгейі мен халықтың ұлттық құрамы туралы статистикалық мәліметтердің мардымсыздығы жағайды одан әрі қиындатты. Осының бәрі көптеген жұмысты талап етті. Осы мақсатта РК(б)П ОК Орталық Азиялық бюросы жанынан және әр ұлттық республикалардың жеке комиссия бөлімшелері құрылды. РК (б)П-ның XII съезіндегі кейін Орта Азия республикаларының партия және кеңес органдары РК (б)П ОК-нен Орта Азияны ұлттық территориялық жағынан межелеуді жүргізу мәселесін құрауды сұрап тілек білдірді. Қазақ АКСР-інің үкіметі 1924 жылы қаңтарда кеңестердің IV съезінде берген есебінде Жетісу мен Сырдария облыстарындағы қазақ аудандарын қосу туралы мәселені орталық партия комитетінің және мемлекет органдарының алдына қойды. Түркістан кеңестерінің XII съезінде делегаттары сөйлеген сөздерінде межелеу жөніндегі мәселені тез арада шешу қажеттігін ерекше атап көрсетті. 1924 жылы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің хатшысы Я.Э. Рудзутакқа осы мәселе жөнінде Ташкентте кеңес шақыруды тапсырды. Кеңес 1924 жылы наурызда өткізілді. Түркістанның ұлттық-территориялық межеленуі туралы Түркістан коммунистік партиясының орталық коммитетінің хатшысы А. Рахымбаев баяндама жасады [21]. Кеңеске қатысушылар межелеудің жүргізілуін қолдады. Түркістан ОАК төрағасы Айтақов өз сөзінде Орта Азияның ұлттық-территориялық межеленуін және түркімен халқының біртұтас кеңес республикасына бірігуінің қолайлы екенін айтты. Сонымен қатар, С. Қожанов 1924 жылғы 10 наурызда өткен ұлттық-территориялық межелеуге байланысты мәжілісте Орталық Азияны федерацияға, экономикалық жағынан емес, саяси әкімшілік жағынан біріктіру туралы ұсыныс жасады. Екінші талас тудырған мәселе – Мырзашөл уезі болды. Бұл уездің барлық территориясы көшпелі қазақ елін суландыруға бағытталған бір арнаның жүйесімен шектелді. Қазақ делегациясы 3 өзбек болыстарынан басқа уездің барлық территориясын Қазақстанға қосуды ұсынды, ал өзбек делегациясы, керісінше, мүлде қарама-қайшы ұсыныстар жасады. Комиссия бұл мәселені қарастыра келе, қазақ делегациясының ұсынысын қабылдады. Қазақтар мен түркмендер арасындағы шекара сол қалпында қалдырылды. Экономикалық межелеуге қатысты жұмыс бұл кезде әлі жүріп жатты. Комиссия межелеу бойынша барлық дайындық жұмыстары 15 қыркүйекке дейін, ал 20 қазанда межелеу белгіленген тәртіппен толық аяқталуы тиіс деген шешім шығарды. Межелеу туралы ереже қабылдау мақсатында қыркүйек айында Орталық Азия республикалары Орталық Атқару Комитеттерінің кезектен тыс сессиялары шақырылсын деген қаулы қабылдайды. 1924 жылы Орта Азия бюросы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік құрылыстың күрделі мәселелерін шешуге байланысты межелеу кезінде күрделі қиындықтармен кездесті. Үлкен қалалардың бірі республикаға өтуі талас тудырып, республикалар мен облыстар ішінде “автономиялы қалалар”, ұлттық анклавтар мен автономиялы ұсақ бөлшектер құру жобалары ұсынылды. Сонымен қатар, осы кезде Ташкент қаласының айналасында екі республика комиссиялары арасында үлкен талас туды. С.Қожанов бастаған топ Ташкентті қазақ автономиясына қарату керек деген ұран тастады. Ол осы қаланың тарихында Ташкенттің он екі қақпасын қазақтар билеген, Төле би және қазақтың басқа да атақты билерінің осында жерленгенін тілге тиек етті.
Қазақстан және Орта Азия республикалары мен облыстарының партия ұйымдары барлық ұлттардың еңбекшілеріне кеңес мемлекетінің ұлттық саясатында шағын ұлттарды кеміту, олардың мүдделердің тежеу дегенің ешқандай формада мүмкін емес екендігін және территорияны шамадан тыс бөлшектеу ұсақ-ұсақ автономиялы бөлшектерді қолдан жасау шағын ұлттардың өздерін экономикалық әлеуметтік жағынан өркендетуіне теріс әсерін тигізетіндігін түсіндірді. ТАКСР-ін ұлттық территориялық межелеуді бүкіл халық болып талқылау барысында қарақалпақ еңбекшілері Хорезм республикасы Ходжелі облысының қарақалпақтармен қосылуға, Қазақ АКСР –інің құрамында Қарақалпақ автономиясын құруға тілек білдірді. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан ОАК-тің ІІІ төтенше сессиясында ТАКСР-ін ұлттық-территориялық межелеу барысында, оның құрамында қазақ облыстарына Қазақ АКСР-і құрамына қосылу құқық берілді.Ұлттық-территориялық межелену негізінде ТАКСР-ның бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының көптеген жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды.
73.Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеудің саяси және экономикалық салдарын анықтап көрсетіңіз.Салықтық ауырпашылықты күшейте түсті. Айта кетер жай, бай шаруаларға қысым жасау саясаты тек қана Қазақстанға емес Кеңес үкіметінің республикаларына, барлық мемлекеттерге тән. Кеңес үкіметі өзінің ең басты мақсаты индустрияландыруды жүргізу деп санады. Бұған қаржылық экономиканың аграрлық саласы беру қажет болды. Жеке меншіктегі мал мен жерге сүйенген дәстүрлі шаруашылықтар қысқы уақытта қажетті қаржыны жинай алмады. Сондықтан да 20-жылдардың аяғында большевиктер ұжымдық шаруашылық жүйесін қалыптастыруға бағыт ұстады, өндіріс өнімі құралынан өндіріс өнімін бөлуден шаруа толық аластатылды. Жеке меншікке қарсы күрес Совет үкіметінің басты нысанасына айналды. Коммунистердің жаңа саясатында Қазақстанға ерекше рөл дайындалды. Ол бай табиғи ресурс. Мұнда ірі индустриалдық ошақ құруға мүмкіндік болды, бірақ жұмыс күші сырттан әкелінді. Жұмысшылар орталық Ресей және Украина аймақтарынан әкелінуі тиіс болды. Көшпенділер мен малшылар ретінде қазақтар болашақ «Социалистік Қазақстан» жүйесіне енбеді. Сондықтан Голощекин Сталин келісімімен қазақ шаруашылығын толықтай күйретіп, бүкіл халықты жоятын ұжымдастыру әдісін таңдады. Осылайша кең көлемді геноцидке жол ашты. Ресей патшаларының отаршылдық саясаты, қанау мен қорлау советтік тоталитарлық жүйенің қазақ жерінде, қазақ ұлтына жасаған айуандық шараларының жанында ойыншық болып көрінді. 30 жж. бұқаралық сипатталған репрессияның жаңа толқынымен ерекшеленеді. Сталиннің жеке басына табынудың күшеюі және өзгеше ойлаушыларға қарсылық, ымырасыздық, шыдамсыздық, ел дамуының қиыншылықтарын «халық жауларының» әрекетінің нәтижесі деп жариялау партияға және кеңес үкіметіне, яғни билік етуші режимге оппозиция құра алатын ықпалды көш басшылардың түгелдей дерлік жойылуна әкелді. Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.
Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.
74.Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтарын нақты талдаңыз.Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. 1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді.Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады. Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі жәнеДоссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылығана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды.Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті. Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды. Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады. азақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді.
75.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мәселелерінің зерттелуін ашып көрсетіңіз.20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы — 2354, ал 1929 жылы — 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді. Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Колхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бірүлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.Колхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп «жер аударылып» жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді. Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады.
76.1929-1931 жж. күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістерді нақты сипаттаңыз.Ресми құжаттарға қарағанда 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болған. Бұл көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысқан. ОГПУ-дің саяси құпия бөлімінің 1931 жылы 1 желтоқсанда берген статистикалық мәліметіне қарағанда 1929 жылы 54, 1930 жылы 77, 1931 жылы болған көтерілістердің барлығын қосқанда 372 көтеріліс болған. Көтерілістірге 1921 жылы 31 топ, 351 адам, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, 1931 жылы 80 топ, 3192 адам қатысқан. Барлығы үш жылдың ішінде 196 көтерілістер жасаған. Аталған жылдары көтерілістерге барлығы 5468 адам қатысса керек. Кеңес үкіметіне қарсы 460 рет қастандық әрекеттері, колхоз және совхоз құруға қарсы 127 рет зиян келтіру оқиғасы ресми тіркелген. Көтерілістер мен оған қатысқан адамдардың саны ресми мәліметтерден қарағанда әлдеқайда көп. Демек, бірнеше оқиғалар ресми тіркеуге алынбастан жабылған. Оның себебі, Кеңес үкіметіне қарсы көтерілгендер саны көп болды. Сонымен бірге, бұндай ішкі алауыздықтар Кеңес үкіметінің сыртқы «келбетіне» кір келтіретін еді. Күллі әлемге коммунизмді таратқысы келген Кеңес үкіметі, алдымен бұл идеяны өз халқына мойындатуы керек болатын. 1929 жылы 7.4 пайыз қазақты мәжбүрлеп ұжымдастырды. 1930 жылы 5 қаңтарда Мәскеуден келген директивалар нәтижесінде Қазақстанның 1932 жылдың көктеміне дейін колхоздастыруды аяқтау керек болды. Бұл бұйрықтар нәтижесінде 1930 жылдың қаңтарында қазақтарды колхоздарға топтастыру жүрді. 1930 жылдың 1 ақпанында 53.3 пайызы, 1930 жылыдң мартында 42 пайызы, 1931 жылдың қараша айында 62.7 пайызы, 1932 жылы 70 пайызы колхоздастырылды. Қыс маусымында халықтың қолындағы мал алынып, жерді мемлекеттік меншікке өткізу үшін Мәскеуден 25.000 жеке топ қызметке тағайындалды. Қазақстанда бұл жылдары орын алған көтерілістердің негізгі себебі Кеңес үкіметінің отаршылдық саясатының бір көрінісі болған колхоздастыру реформасынан туындады. Бірақ, мемлекет жетекшілері көтерілістердің негізгі себебін басқаша көрсеткісі келді. Ф.И.Голощекин 1930 жылы 21 сәуірде Сталинге: «Қазақ ауылындағы 91 жағдай туралы» атты жіберген хатында, көтерілістер «бай, атқамінер, ру басысы әлі де ауылда елеулі күш болып табылатын тап күресінің шиеленісе түсуінен» [19, 127 б] – деп бұны баскөтеру себебі ретінде көрсетті. Көтерілістерді ресми мәліметтерде көрсетілгендей Ташкенттегі зиялылардың ұйымдастырған. еңес үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы шыққандар «бандит» деп бағалады. Олардың талап-тілектері өкінішке орай назарға алынбады. Көтерілістер Кеңес үкіметінің айтқаны секілді байлар мен дін адамдарының бастағын көтерілісі емес, ашынған халықтың отаршылдыққа қарсы наразылығы болатын Денеге кірген у денені қаншалықты қыздырса, бұл жердегі жағдай да халықтың өз-өзін қорғаудағы жанталасы еді. Қазақстанда 1929-1931 жылдары аралығында жоғарыда айтып өткен себептердің негізінде көптеген көтерілістер орын алды. Жетісу (Сарқанд), Балқаш, Қазалы, (Қарақ Ақмырза Тасов көтерілісі), Қарақұм, Ырғыз, Созақ, Батпақара, Тақтакөпір, Бостандық т.б. көтерілістер болды. Көтерілістің нәтижесінде мыңдаған адамдар өлім жазасына кесіліп, көптеген адамдар түрмеге, айдауға т.б жазаларға тартылды. Халықтың көп бөлігі өз жерін тастап, басқа өлкелерге, шет елдерге көшті. Көш барысында мыңдаған адамдар қаза болды.
77. 1931-1933 жж. аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдарын талдап көрсетіңіз.Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Бірақ қалай болғанда да отандық тарихымыздың проблемасын біздің өзімізден артық ешкім шеше алмайды. Сондықтан осы бағыттағы зерделік ізденістерді жеделдететін уақыт келді. Және бұл ретте тарихи демография, оның тиімді танымдық құралдарымен және зерттеудің әмбебаптық әдістерімен қоса, елеулі рөл атқаруы тиіс. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп, ал қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстанның эканомикасын лдырап құлдыратып төмен түсіріп жіберді.Республика эканомикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келеді.Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қасдандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып,қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады:1 млн,750 мың адамынан,яғни қазақ ұлтының 49пайызынан айырылды.Тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей,қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады.Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан,сондай-ақ өлім-жетімнің көп болуы,халықтың басқа республикаларға Иранға,Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтежесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды.Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп,барлық бәлені соларға жапты.1934жылы наурызда мал өсіру серіктестіктерінің Үлгі жарлығысы жарияланды.Қазақ этносының бұрынғы санын қалпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялық өсудің арқасында,яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.
78.ХХ ғ. 20-30 жж. мәдени революцияның қайшылықтары мен салдарын түсіндіріңіз.Қазан революциясынан кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне,оның қайшылықтарына қарамастан Қазақстанның мәдени дамуына кебір ілгерілеушіліктің болғанын айту керек.Оны біз мәдени революция деп атап келдік.Бұл революция қилы-қилы жағдайларлдың барысында мүмкін болды. Сауатсыздықты жою Халыққа білім беру Кәсіптік білім беру Қазақстанда осы жылдары сауатсыз адамдар көп еді. Сондықтан сауатсыздықты жою, мәдени деңгейді арыттыру үшін, арнайы мектептер мен жоғарғы оқу орындары, балабақшалар ашылу қажет болды, сол үшін мынандай шаралар қолданды: 1924 жылы “Сауатсыздықты жойылсын” қоғамы пайда болды. 1931 жылы Қазақ АКСР Орталық атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық комиссарлары 7-жастан бастап арнайы мектептерде міндетті түрде білім алу қажет және 15-50 жасқа дейінгі адамдарға сауатсыздықтарын жою үшін арнайы білім беру енгізілді. 1928-30 жылдары қызыл мүйістер, арнайы клубтар, оқу үйірмелерін ұйымдастырды. Сауатсыздықты жою 50-жылдардың аяғында толық аяқталды. 1920-шы жылдары қазақ жазуына реформа жасалды. 1929 жылға дейін араб, 1929 жылдан шілдеге дейін – латын, одан ары қарай кирилица және қазақ тіліне ауысып кетін, ғасырлар бойы зиялыларымыз жазған әдеби мұрамыздан айырылып қалдық. 1936 жылы республикамызда сауаттылық деңгейі – 25,2%, 1939 жылы 83,6%, соның ішінде қазақтардың – 40% сауатты болды. 1926 жылы мамырда республиканың Халық Комиссарлар кеңесі “Қазақ АКСР-і бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын” қабылдады. Бұл жарғыда қазақ мектептерінің оқыту жылдарын 3-4 жылға көбейтуге, шығыс ұлттарының көңілін тартуға, ағарту ісіне жұмсалған шығын өсті, қаржы бөлуді ұлғайтуға бағытталды. Мұндай мектептер Алматы, Шымкент, Орал, Түркістанда ашылды. 1920 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар шыға бастады. Мәселен алғаш шыққан оқулықтар: А.Байтұрсынов – суретті әліппе, мысал мен бұмбақтар оқулығын, Ж.Аймауытов – ана тілі оқу әдістемесін, Қ.Сәтпаев – алгебра оқулығы, Ә.Бөкейханов – география оқулығын құрастырып қазақтың бүлдіршіндеріне білім берді. Соғыс қарсаңында жүздеген мұғалімдер ордендермен және медальдармен марапатталды. Олардың кейбіреуіне “Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі” атағы берілді. Олардың ішінде С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев және басқа халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері болды. Қорытынды: Ең бірінші жалпыға бірдей білім беру асты, интернаттар желісі ұлғайды, мұғалімдер саны өсті. Қазақ мұғалімдері арнайы медаль мен ордендермен марапатталды. Қазақстанда 1928 жылдан бастап кәсіптік білім беру қалыптаса бастады.Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі дамып келе жаты. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты. «Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін» ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. «Ислам дініне бой ұрады» деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады. Патша өкіметі тек орыс мектептерін ғана ашып қойған жоқ, жер-жерлерде қазақ балаларын шоқындырып, оларға орысша ныспы беру рәсімдерін де жасады. Бұның бәрі бүгінгі күж ғана тұрғыдан айтылып отырған шындық.Халықты тарихынан жаңылдыру үшін бірнеше рет жазу графикасы ауыстырылды. Бұның өзі бүгінге дейін ел тарихын зерттеуге үлкен қол байлау болып отырғанын жасырып, — жабудың қажеті жоқ. ХХ ғасырдың басында қазақстанның тарихи өмірінде елеулі өзгерістер, аса бір алмағайып оқиғалар болған еді. Атап айтқанда, бұл кезеңде қазақстанның барлық территориясы Ресей империясының ішкі отарына айналып, өзінің саяси-экономикалық дербестігінен айрылған, орыс мемлекетінің құрамдас бөлігі ретінде танылды. Сондықтан XX ғасырдағы қазақ зиялыларының рухани қалыптасуы мен олардың ұлттық педагогикалық ой-пікірлері жайлы ғылыми тұрғыдан сөз еткен, біріншіден, олардың сол кездегі кеңес заманының алдыңғы қатарлы әлеуметтік ортасынан және өздері қатар ғұмыр кешкен ойшылдарды бөлек алып қарауға болмайды. Екіншіден, қазақ зиялыларының шығармашылықтарындағы ұлттық педагогикалық идеяларды талдап М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедұлы еңбектерін сараптай отырып дүниетаным мен тәлімдік ойлардың қалыптасуына дүние жүзінің белгілі педагог ғалымдарының еңбектерін талдауымыз өте орынды. Әсіресе қазақ зиялыларының шығармашылықтарының мәйегі болған, ұлттық педагогикалық идеяның одан әрі дамуына мүмкіндік берді. 1941 жылы республикада жоғары оқу орындарының саны 20-ға жетіп,оларда 10,4 мың студент оқыды.
79. 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді . Бұдан кейін осы облыста кызмет істеген Ғ. И. Пинхасик, Ә. Макатов, Ж.Сәдуакасов,М.Тәтімов , Ж.Сұлтанбеков , X.Әміров,О.Беков,X.Жүсіпбеков, Т.Нұртазин,С.Талжанов,Р.Әлсенов , А . Асылбековтыңәкесі-Мүсәпір , С.Сейфулиннің әкесі - Сейфулла , Хасен Жетпісбаев сияқты карттар камауға алынып, ауыр жазаға ұшырады .Сол жылдары Федоровда , Куперман,Мрачковский , Кадаленко, Шедин , Измаиловтардың тобы деген «істер» ұйымадастырылды , көптеген адамдар нақақтан - нақақ жауапқа тартылды. Солардын ішінде Смирнов , Смертюк, Парамонов,Хенкин , Скрипкин , Көрпебаев сияқты жұмысшы гвардиясының көрнекті өкілдері де кетті . Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. Сөйтіп,1937 ж. кезінде Қазақстанның Петропавл, Қостанай,Семей обл ның чекистері тәрізді Қарағанды обл . Ішкі істер басқарма сынын қызметкерлері де ерекше қаталдығымен көзге түсті .Тіпті Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Карағанды чекистерінің ұйымдастыруымен 1944 ж. қаланың Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастары- 3.Әбділдин, Б. Жақсылықов, А.Рүстемов,Ж.Өмірбеков т. б . « ЕСЕП » («Елін сүйгенерлер партиясы » ) атты ұлтшылдық ұйым құрды » деген айыппен қамауға алынып ,жауапқа тартылды. Ал 1951-52ж. Карағанды оқытушылар институтының профессор К.Жұмашев , аға оқытушысы А.Нарешев, осы институттың түлектері Б. Ысқақов,М. Теміров, Р. Нарешев т.б. жоғарыда аталған ұйымға қатысы болған деген айыппен қамауға алынып, әрқайсысы ұзақ жаза мерзіміне сот алып кетті . Бұл репрессия нын жалғасы 1963-64ж. дейін созылып , сол жылдары ұлтшылдық ұйым құрды деген жаламен К. Жүнісов, К. Сауғабаев т.б . институттан шығарылып, түрліше жазаларға ұшырады.
80. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі.Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз мүдесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді.КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті.
81. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерлігі.Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-шы маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды.
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық болды, Смоленск облысында қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
82. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965 жж.). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға қорынан келген көмегін аяған жоқ. Оларға өздерінің отбасынан орын беріп, бір үзым нанын бөлісіп жеді, жаңа жағыдай, бөтен ортаға тез үйренісіп кетулеріне жәрдемдесті. Сол арқылы қазақ халқы өзінің ұлтты, адамгершілік, интернационалистік қасиеттерін іс жүзінде танытты. Соғыстан кейінгі он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. Соғыстан кейінгі жылдарда республика эканомикасын қайта құру. Кеңес Одағының эканомикасы соғыстан айтарлықтай әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында 1710 қала және 70 мыңдай ауыл қирады. Тек қана Беларусьте 300 мың отбасы, ал бүкіл ел бойынша 2 мил. 32 мыңнан астам өнеркәсіп орындары мен 100 мыңнан астам ауылшаруашылық кәсіпорындары орасан зиян шекті, олардың бір бөлігі түгелдей жойылды. Соғыс жылдарында Кеңес Одағы өзінің 27 мил-ға жуық азаматтарыннан айырылғаны белгілі. Өндірістегі жұмыс қолынаң жетіспеуін толтыру мақсатында КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан сан мыңдаған адамдарды босатты. Армия қатарынан бірінші кезекте жасы ұлғайған жауынгерлер және халық шаруашылығы мен мәдениетті қалпына келтіруге аса қажет инженер, мұғалім, ограном, механизатор сияқты мамандық иелері босатылды. 1945-1948 жылдарда армия 8,5 мил. адамға қысқарды. Соғыс қажеттерін өтеп келген Қазақстанның көптеген зауыттарды енді бейбіт тұрмыс өнімдерін шаруаға көшті. Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ. Зауоттар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс қолдады жетіспеді. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы демакратиялық жағыдайға 30-жылдардың басында күштеп ұжымдастыруға байланысты қазақ шаруашылардың жаппай аштықтан ққырылуы мен ата-мекендерін тастап, басқа елдерге ауа көшуінің салдары қатты әсер етті. 1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946-1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениеті дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамытуына, жаңа темір жол желісін салуға,ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға айтарлықтай қаржы бөлінді. Соғыстан кейінгі жаппай бейбіт құрылысқа көшу, тұрмыстың жақсаруына деген сенім төртінші бдесжылдық орындау барысында республика тұрғындарының еңбек өрлеуін туғызу. Қазақстан өнеркәсібінің дамуы көлік жүйесінің кеңейе түсуіне ықпал етті. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол төсемін салу аяқталды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралінің төсемін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл- Шолақтар темір жолымен пойыздар жүре бастады.
