- •2.Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7.Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8.Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни.
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз, Ибн Сина. М.Қашқари, ж.Баласағұни.
- •21.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •22.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз
- •25.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •28.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •34.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз
- •41.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •49. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •51.Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз.
- •53.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •54.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •59.Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •60.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •83.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •89.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымда.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •94.«Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз.
- •95.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •99.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
- •100.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
Б.з.д. 2 ғасырының орта шенінде жібек жолы елшіліктің және сауда – саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастады. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын. Қымбат бағалы жібек маталары Орта Азия мен Жерорта теңізіне дейін жеткен. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп,4 тармаққа бөлінді:
-Батыстан шығысқа тармақталған жол,
- Іле бағыты,
- Еуропа бағыты,
- Орталық және Шығыс қазақстан бағыты.
Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар- Отырар мен Шауғар.Отырар көптеген керуен жолдары түйіскен қала. Жібек матасы алтынмен теңеліп, халқаралық валюта рөлін атқарды. Ұлы жібек жолымен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:
1.Пілдер патшалығы- Үндістан,
2.Бағалы тастар патшалығы- Иран мен Византия,
3. Сәйгүліктер патшалығы- Түрік қағанаты,
4. Адамдар патшалығы- Қытай. Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сарайдың қабырғасында салынған суреттерден байқалады. Ұлы Жібек жолымен ән-би өнері, әдебиет туындылары тарады.Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын- сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан 10-11 ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылған. Ұлы жібек жолымен дін таралды. Буддизм –Үндістаннан Орта Азия мен қазақстанға келіп,Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддизмді таратуда соғдылар , қаңлылар үлкен рөл атқарды. Испиджабқа жақын жерден жер асты храмы, Ақбешім, Суябтан екі будда харамы табылды. Христиан діні- Сирия, Ираннан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады. Сонымен қатар манихейлік діни ағым да тарады. Оның ғимараттары Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. 8-9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең қанат жайды. Ең алғашқы мұсылман бейіті Отырардан Боран жұртынан табылды. 10-13 ғасырларда исламның таралуына байланысты мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Бабаджа хатун, Айша бибі кесенелері. Б.з 1 мыңж. ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар 3 топқа бөлінді: 1.Бұлғар-хазар, 2. Батыс-түрік, 3. Қарлұқ тілдері. Оңтүстік қазақстан халқы моңғол-қидан, соғды, сирия, араб тілдерінде де сөйлеген. Ал, көне түрік тіліне келетін болсақ, бұл туралы алғашқы деректі Менандр Протектор қалдырды. Көне түрік жазуын тұңғыш рет 18-ғасырда Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Страленберг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуына ұқсас болған соң руна жазуы деп аталды. 1869 жылы Н.М. Ядринцев Солт. Моңғолияда, Орхон өзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты. 1893 жылы Дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды. Томсонныңң алғашқы оқыған сөзі «тәңірі, түрік, көк» сөздері еді. 8-10 ғасырларда Сырдария алқабында қыпшақ «Қорқыт ата» эпосы тарады. Қорқыт ата кітабын тұңғыш зерттеген неміс ғалымы Ф.Диц: Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққанын және оны көп халықтардың әулие тұтатынын айтады.Тағы бір ел арасында тараған эпос-«Оғыз наме »эпосы. Оны 13 ғасырда Рашид-ад-дин , 18-ғасырда Әбілғазы көшірген. «Оғыз-наме» эпосында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады. Қорыта айсақ, Ұлы Жібек жолы арқылы, тек сауда-саттық жүріп, тауар тасылып қана қойған жоқ, сонымен қатар білім де , ғылым да, мәдениетте, дін де, өнер де таралды. Көптеген алыс-жақын елдер бір-бірінің мәдениетімен таныс болды. Бір-бірінің тілін үйренді. Сондықтан Ұлы Жібек жолының атқарған тарихи маңызы зор болды.
