Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.

18- ғасыр қазақ хандығы үшін ауыр кезең болды. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің соғыс ашуына жол ашты. Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндірген – жоңғарлар болатын. Қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов «18 ғасырдың алғашқы он жылдықтарының қазақ халқының өміріндегі қияметі терең болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар ұлыстарды талқандап ,малдарын айдап, отбасыларын талқандап алып кетті» деп жазды. Жоңғарлар мен қазақтар арасында қиян-кескі шайқастар болды. Тарихи сахнада «Қалмақ қырылған», «Аңырақай шайқастары » қалды. 1729 жылғы көктемде Аңырақай шайқасынан кейін қазақтар жеңіске жетті. Болат хан қайтыс болған соң, Әбілқайыр мен Сәмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Нәтижесінде: Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жырып әкетті. Осы себептен Сырдария алқабына шегінген. Ұлы жүз әскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстаннның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқараратын жол іздеуді талап етті.Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Бұл Қазақ елінің Ресей құрамына кіруінің басы болатын. Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды. 1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді. Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді. Біріншіден, XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды. Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды. Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды. Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлата түсгі. Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін шабуыл жасауды жиілетті. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар дағдарысты қиын жағдайда калды, көшпелілердің кедейленіп, қайыршылану үрдісі басталды.

Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарлары

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды. Патша үкіметі жалпықазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді. Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]