- •2.Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.
- •3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •4.Сақтардың материалдық және рухани мәдениетіне байланысты жазба деректерді талдаңыз.
- •5.Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.
- •6.Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілерін анықтап көрсетіңіз.
- •7.Ғұн тарихына қатысты жазба деректерді талдаңыз.
- •8.Бірінші Түрік қағанатының тарихы мен тарихнамасы.
- •10.Батыс Түрік қағанатының тарихын баяндаңыз.
- •19. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, р.Бируни.
- •20.Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз, Ибн Сина. М.Қашқари, ж.Баласағұни.
- •21.Найман және Керейт ұлыстарын сипаттаңыз.
- •22.Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулау тарихын жүйелеп көрсетіңіз.
- •23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).
- •24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз
- •25.Ақ Орда – Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет болғандығын дәлелдеңіз.
- •27. Моғолстан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.
- •28.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.
- •29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •34.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз
- •41.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.
- •45.Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының бастапқы кезеңін анықтаңыз.
- •46.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат болғандығын дәлелдеңіз.
- •47. Сырым Датұлы (1783-1797 жж.). Басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктерін жүйелеңіз.
- •48.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктерін (1836-1838 жж.) жүйелеп көрсетіңіз.
- •49. 1822-1824 Ж.Ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылардың мазмұнын талдаңыз.
- •50.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызын (1837-1847 жж.) талдап көрсетіңіз.
- •51.Хіх ғ. 50-ші жылдарындағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •52.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу себептерін түсіндіріп және оның салдарын көрсетіңіз.
- •53.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформаларының мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •54.1886 Және 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелердің мазмұнын талдап және олардың негізгі нәтижелерін көрсетіңіз.
- •55.1867-1870 Жж. Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтарының көтерілістерінің ерекшеліктерін анықтап көрсетіңіз.
- •56.Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері.
- •57.«Зар заман» мектебі ақындарының еңбектерін талдап көрсетіңіз:. Д.Бабатайұлы, ш.Қанайұлы, м.Мөңкеұлы және т.Б. Еңбектері.
- •58.Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдарының еңбектерін талдап көрсетіңіз: ш. Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а. Құнанбайұлы және т.Б.
- •59.Хх ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ зиялыларының орны мен рөлін анықтаңыз.
- •60.1916 Жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызын түсіндіріңіз.
- •68. Екінші жалпықазақ съезінің тарихи маңызы. Алашорда үкіметі.
- •83.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарларын қарастырыңыз.
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның 1993, 1995 жж. Конституциялары.
- •89.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымда.
- •90.Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы.
- •91.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы
- •92.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын анықтап көрсетіңіз.
- •93.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесін талдап көрсетіңіз.
- •94.«Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге асу процесін көрсетіңіз.
- •95.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •99.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі
- •100.«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •101.Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •102.«Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
34.Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін көрсетіңіз
Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінедегі ру –тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени –эканомикалық байланыстар бұзылды.Көптеген бейбіт халық,егінші,малшы,зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды.Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанмен,халық болып қалыптасудың негізгі шарты- тіл бірлігі жойылмады.Қайта керісінше,уақыт өйткен сайын монғол шапқыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып,жергілікті ру –тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне,әдет-ғұрыпына,сал– санасына көшіп,XIV ғ.өзінде-ақ толық түркіленіп кетті.Алайда,бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйегенмен территориялық бөлінуге ұшырап,Ақ Орда Моғол,Әбілхайыр,Ноғай,Көшім хандықтарының астында өмір сүріп жатты.Олар саяси,мәдени және эканомикалық жағынан бытыраңқы болды. Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал.Қазақтң үш жүзі ешқашанда бір –бірімен жауласып,өзара араздыққа барып көрмеген.Керісінше,олар қазаққа қауіп төнгенде,батырлары,билері,тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып,мәселені шешіп отырған.Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп,қастерлеп келе жатқан халық.Төле бидің «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін»-деуі де осыдан. жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан,өз шекарасында эканомикалық жағынан оқшауланған еді.Жалпы,алғанда XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да,кейінірек «қазақ»деген этникалық ортақ атауға ие болды,сөйтіп халықтың қалыртасу процесі негізінен аяқталды.Бірақ бұл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты.Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың,бірнеше мемлекет құрамына енгені,кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы сабеп болды.Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарының тақырыбына айналған.Ол халықтың өзінің шыққан тегі туралы туғызған көптген аңыз-әңгімелерінде сөз болады. Сонымен,қортып айтқанда,қазақ халқының этнос болып қалыптасуы өте ұзақ процесс.Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму жолынан өткен.
35. Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі. XVI –XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып,оның шекарасы едәуір ұлғая түсті.Өз тұсында «жерді біріктіру» процкссін жедел жүзеге асырып,неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды. Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды. Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
36.XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдап көрсетіңіз. Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде "Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. "Тарихи – Рашиди”, "Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген. стік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – бірін- шісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған. 1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында батыр Хұнтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады. Жәңгір хан екі таудың арасындағы тар жырауда ор қазып, бекініс жасайды. Өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Хұнтайшы ор қазып алып, ерлікпен қорғанып жатқандарға қарсы күрес жасайды. Осы кезде Жәңгір жаудың ту сыртынан соққы береді. Сөйтіп, жоңғарларды қатты жеңіліске ұшыратып, 10 мыңдай адам қырылады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Хұнтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады. Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді. Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы- мен айналысқан феодалдық мемлекет болды. Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.
37.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығы. Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат.XVII ғ.екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді.1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-17171)көшті.Ол өзін жақтайтын феодалдардың,ел силаған билердің қолдауына сүйене отырып,халықтың,елдің бірлігінің туын жоғары ұстады. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының тарихы – сол кездегі ішкі қырқысқа толы және сыртқы жаудың да жан-жақтан қауіп төндіріп тұрған кезі еді. Осылайша 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді. 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинағы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Тәуке хан сыртқы саясаттан да мақұрым болған жоқ. XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді . Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді. Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтаттату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген. “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.
38.ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз. XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті.Қазақ жоңғар қатнастары,әсіресе Батур-қоңтайшы/1634-1654 ж.ж/билік құрған кезде ерекше шиленісе түсті.1698 жылдан ойраттар мен қазақ хандар арасында қарулы қақтығыстардың жаңа кездері басталды.Жоңғарлардың әскер басшылары маңызы сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді.Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнінде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жеріне басып кіріп,қырғын соғыс жүргізіді.1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді.1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет қаратпай басып алуға әбден бекінген,жоңғаралар шешуші жорыққа шықты.Мол әскер жинап,барынша толық қаруландырып,оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады.Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері старатегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды.Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп,Шу мен Талас өзендеріне шығу болса,екінші бағыт-қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп,Шыршық өзеннің қойнауына жету еді.Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп,оның бірі Жетісу Алатауының етегінде Балқаш құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды.Сөйтіп,Алатау баурайын жайлаған қанен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды.Еркек кіндікті адамдарды қырып,әйелдерді,қыздарды байлап-матап алып кетті.Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады.Шапқыншылықтың басты ауырпалығы Ұлы жүздің,Жетісудың халқына түсті.Ешбір бөгетсіз,қарсылықсыз,жолындағының бәрін жайлап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті.Малын,қонысын тастап,бала-шағасынан туысқандарынан айырылпып босқан халық беті ауған жақа қашып-пысуға мәжбүр болды.Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады.Мұхаметжан Тынышбаевтың айтуынша,Орта Азияда осындай екі көл болған.Халық осылардың алғашықысына барып паналаған.Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама»деп атады.Яғни,қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып,Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді.Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы,ән ұраны сияқты «Елім-ай» әнін білмейтін,оны атқанда тебіреніп,қатегездіктің құрбаны болған боздақтарын еске түсіріп,бүгінег дейін көзіне жас алмайтын қазақтың кәрі-жасы кемде –кем.Қазақты бірлікке,елдікке,ерлікке үндейтін бұл өлеңді білу,ұмытпау жастар үшін бүгінгі таңда да тарихты білу болып табылады.
39.«Ақтабан шұбырынды – Алакөл сұлама» кезеңінің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25).[1] Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті. 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі, Нұра өңірін қанға батырып (Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі, Шу өңірін таптап, тоқтаусыз Іледен өтіп қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды.Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі. Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді. 1724-1725 жылдары жоңғар феодалдарының әскерлері Сырдария алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам, т.б. қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңырап, қолөнер, сауда орталықтардан қол үзу елдің экономикасын қатты күйзелтті. Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады.Әбілхайырдың елге елге қарай кері бұрылуына Батыстағы қалмақтар мен башқұрттардың Кіші жүз жеріне шабуылын үдетуіне байланысты болуы да мүмкін.Осы жорамал тарихи деректер негізінде шындыққа айналып отыр.Өйткені 1730-1731 жылдары Аңырақай шайқасынан кейін екі жақта әлсіреп,соғысты тоқтату жөнінде келісім-шарт жасасқан.Оған тағы бір себеп,Жоңғар мемлекетіне Цинь империясының шабуылының күшеюі еді.Аңырақайдағы жеңіліске ұшырағанына қарамастан жоңғар мемлекетінің қазақтардың жеріне қайта шабуыл жасау қауіпі жойылмады.1734 жылы жоңғалар Қазақ хандығының жеріне тағы да бір үлкен жорығын ұйымдастырды.Қалмақтардың жойқын шабуылы өте-мөте Жетісу жеріне ауыр тиді.Өйткені Ұлы жүз қазақтары қарарлы жауға жалғыз өзі тойтарыс беруге күштері жетпеді.Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай,Бөгенбай,тағы басқа жасақтарының басын қосып,1750 жылы Аякөз өзені бойындағы ірі шайқаста жеңіп шықты.Үш жүздің басын біріктіріп,жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып,қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.
40.«Орбұлақ», «Аңырақай» шайқасының тарихи маңызын дәлелдеңіз.1643-1647 жылдары қазақ-жоңғар соғысы басталды. Жазба көздерге сүйенсек, осы оқиғалардың жүйелігінің уақытын белгілеу арқылы соғыс кезін өршітпеуге тырысқан құжаттар әрбір жылдың соғыспен өткенін айтады. Соғыс өткен жылдардың оқиғалары жоңғар феодалдарының және Батыр хан тайшының тілегімен дайындалған еді. 1643 жылы Батыр хан тайшы екі рудың: Алай қырғыздарының және Тоқмақтың жерін басып алды. Бұл жерлердің біреуі – қазақтың, екіншісі – қырғыз руларының жері екендігі туралы жорамалдар бар. Қоңтайшы Батырдың соғыс ашудағы мақсаты – Жетісудың мал бағуға қолайлы бай жерін басып алу еді. Оған апаратын тура жол – Тарбағатайдың таулары және Аякөздің өзендері арқылы жүретін жерлер. Бұл екі жол да Батырды қанағаттандырмады. Онда қазақ әскерлерімен соғысуға тура келген болар еді. Ол өте қауіпті. Жәңгір әскерінің аз болуы екі жағдаймен қарастырылады. Бірінші себебін М.Тынышпаев: «Жәңгір өкіметі әлі күшейген жоқ» – деп түсіндіреді. Ол кезде Есім ханның өлген жылы әлі толық белгісіз болатын. М.Тынышпаевтың айтуынша, бұл кез әлі хан сайланбаған кез еді. Дегенмен де 1628-1643 жылдар аралығы өте ұзақ мерзім. Сондықтан Жәңгір әскерінің мұндай аз болу себебі, уақыттың тығыз болғандығына байланысты болар. Өкінішке қарай, бізге Жәңгірдің хан болып жарияланған нақты күні белгісіз. Ол 1635 жылы әлі де сұлтан болған. Жоңғарлармен шайқаста Жәңгір тапқырлық көрсетіп, дұрыс шешім қабылдады. А.И.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабу. Аман-есен шыққандары қазақ жауынгерлерінің оғынан қаза тапты. Шайқас бір жағдайда ғана тоқтауы мүмкін еді, ол – жоңғарлар жағдайды түсініп, кезеңге шығу үмітінен бас тартулары тиіс. ХVІІІ ғасырдың тарихшысы И.Фишер осы оқиғаны: «Олардың бір бөлігіне (Қазақ әскерлерінің – В.Г.) таулардың арасындағы қалмақтар бекіністен тар өткелмен өткенде қоршап алу бұйыса, екіншісіне тауда жасырыну бұйырды. Ол қалай ойласа, солай болды. Қоңтайшы бекініске шабуыл жасады. Содан ерлікпен қорғана бастады. Осы кезде Жәңгір сұлтан жауға сырт жағынан шабуылдады. Винтовкасымен соққы берді. Жаулар жағынан 10000-ға дейін адам қырылды» – деп сипаттайды.ылдады. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Богатырға (Батырға В.Г.) қатты соққы берді», – деп сипаттайды. Жоңғарлар тағдырмен ойнамай, кейін шегінді. Таудағы шайқас Жәңгірге қанат бітірді. Оқиға аяқ астынан ойламаған шешім қабылдатты. Енді жоңғарлар шайқасқа ашық жерлерді іздей бастады.Ондай жер Орбұлақтың шет жағынан табылды. Тактикалық әдіс түрінде Орбұлақ шайқасы күштерді біріктіре білгендікті көрсетті. 1643-1644 жылдары Жәңгірдің әскери өнерін көрсетті. Ол оқиға болып жатқан кезде не істеу керектігін тез ұға білді. Шешуші кезеңде жауынгерлерді жігерлендіріп өзінің тікелей соғысқа қатынасуымен шешіп кетіп отырды. Осы ерекшеліктерімен Орбұлақ шайқасында көзге түсті. Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді.Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақтыСаурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмайАягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғызарқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.
