Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

30.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

      Қазақ халқының қалыптасуын  анықтаған этнотектік үрдістердің  қайнар көзі өте ерте замандардан алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірінен басталады. Алғашқы кезеңде бұл үрдістер ең ежелгі тұрғындармен  байланысты болды да, уақыт өте келе Орталық Азияның  кең байтақ далаларында этникалық үрдістер маңызды рөл атқара бастады.  Қазақ жерінде халық болып құрылу үрдісі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.д.д.ІІ-І мыңжылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. VІІ-ІVғғ.) кезеңдерінен басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі үрдістің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. ІІІ-І мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезеңде Қазақстанға шығыс жақтан көшпелі тайпалардың, ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Қандай болмасын халықтың шығу тегі — этногенезі оның мәдениетінің шығу тегімен (культурогенез), тілінің шығу тегімен (глоттогенез), түр-сипатының қалыптасуымен (расогенез) байланысты. Қазақстан жерін көне заманда мекендеген тайпалар бізге қола дәуірінен бастап белгілі. Андрондықтар — үнді-иран тектес тайпа. Андронов мәдениетін қалдырушы қола дәуірі тайпаларының негізгі орталығы Қазақстан жері болды. Бұдан біз, негізінен, Қазақстан жерін мекендеген андрон тайпаларының сол көне заманның өзінде-ақ көп жұрттармен мәдени-этностық байланыста болғандығын байқаймыз. Андрондықтар Қазақстан жерін 1 мың жылдай мекендеді, Қазақстан жерінде өздерінің ең көрнекті мөдени ескерткіштерін қалдырды, олар — қоныстар мен жерлеу орындары. Бұлардың жақсы зерттелгендері Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстан жерінде.Қола дәуіріндегі тайпалардың отқа, күнге табынуы, ата-баба аруағына сиыну, құрбандық шалу, туыстас адамдарды ортақ қорымға қою салты, жылқы мен қой малын көп өсіріп, солардың еті мен сүтін көп пайдалануы олардың қазақтармен мәдени тектестігін көрсетеді.            

Сақтар. Б. з. д. 1-мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген.  Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстік-шығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген. Сонымен, ғалымдардың тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдени-этностық жақын, туыстас тайпалар болған. Б. з. д. V ғасырда Оңтүстік Монғолия мен Ордоста түркі тілдес, түр-әлпеті монғолоид типтес ғұн атты тайпа өмір сүрді. I ғасырдың соңы мен II ғасырдың ортасында ғұндар сәнби тайпаларының ығыстыруымен батысқа жылжиды. Алдымен олар Шығыс Қазақстан және Жетісу жеріне еніп, осындағы жергілікті тайпалармен араласты. Осы жерлерде Юэбан атты мемлекет құрды. Бұл мемлекет б.з. V ғасырына дейін өмір сүрді. Ғұндар біртіндеп Еділ, Жайықтан батысқа қарайғы жерлерді де жаулап алды.  Ғұндар Қазақстан жерін бұрыннан мекендеген сақтармен, үйсіндермен араласты. Олар бір-бірімен тұрмыс-тіршілігі, тілі жағынан жақындасты. Ғұндар өздерінен бұрын Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың түркіленуіне, бет-әлпетінің монғолдануына біршама әсер етті. Дәл осы замандарда Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында ерекше аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-батыс Қытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б. з. д. II ғасырларда ауып келген. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан.Қазақ этногенезінің түркілік кезеңі - Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этностық тарихы түркілердің тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркі тектес, түркі тілдес тайпалардың көне заманда да болған. Бірақ нағыз түркілердің этностық тарихы б.з. V ғасырынан басталады.

Көне түріктердің шығуы. Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады. VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түріктер 552 жылы Солтүстік Монғолия жерінде Түрік қағанатын құрды. Оның алғашқы қағандары Бумын, Қара қаған, Мұқан қағандар еді. VII ғасырдың аяғына қарай түркі тайпаларына жататын түркеш тайпасының күшеюі байқалды. Шу мен Іле өзендерінің аралығында қоныстанған түркештер VI ғасырдан бастап Батыс Түрік қағанатына кірген. 756 жылы қарлұқтар түркештерді толық жеңіп, Оңтүстік-шығыс Қазақстанда өзінің толық саяси билігін құрды.VIII ғасырдың соңына қарай Қазақстан жеріне түркі тектес көшпелі оғыз тайпасы келіп қоныстанады. Оғыздардың алғаш жайлаған жері Сырдың ортаңғы, төменгі ағысы, Арал теңізінің маңы, Қаратау жоталары, Шу, Балқаш өңірі. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерінде Қимақ қағанаты құрылды. IX—XI ғасырларда қимақтар Тәңіріге, ата-баба рухына, отқа, Күнге табынды. Сондай-ак қимақтар ақсүйектерінің арасында ислам діні де таралып келе жатты. Бейбіт замандарда қимақтар мен оғыздар бір-бірінің жерлерінде көшіп-қонып жүрген. Бұл шаруашылық-мәдени араластық қимақ-қыпшақтар мен оғыз тайпаларының тіл, тұрмыс, мәдениет жағынан жиқындасуына себеп болған.Қыпшақтар құрамына сонымен қатар қарлұқтар, жікілдер, қайлар, баяттар, азкиштер (азкісі), түркеш топтары кірді.Орта ғасырларда өзінің мемлекеттігін құрған қазақ тайпаларының бірі. Наймандардың VIII ғасырдың орта шенінде мекендеген аймағы Монғолияның орталығындағы Хангай тауынан Тарбағатай, Алтайға дейінгі аралықты алып жатты. Наймандар кейін қазақ құрамына кірген тайпалармен тығыз қарым-қатынаста болған. Наймандар, керейлер, жалайырлармен тығыз этникалық, мәдени, саяси қатынаста болған. Кейін XII ғасырда наймандар өз мемлекетін құрғанда, оның ұлысы құрамына қаңлылар, керейлер, жалайырлар, қыпшақтар, т.б. кірген. Наймандар бірлестігінің құрамында да болашақ қазақ халқының тілдік, рухани, материалдық, мәдени, саяси ортақтастығы қалыптасып келе жатты.Керейлер туралы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады. Олар наймандармен көрші, кейде тіпті аралас орналасқан. Жалайырлар — алғаш керей, наймандармен көршілес қоныстанған.Орта ғасырларда дулат, қоңырат, албан, суан қазақ тайпаларының өмір сүргендігіне еш шүбә келтіруге болмайды. Бұл тайпалардың атына ұқсас тайпалар атаулары қытай жазбаларында кездеседі. Этногенез-қандай болмасын халықтың шығу тегін зерттейді.

31.«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы мәселелерін талдап шешу қажеттігін түсіну барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал, белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығыс Дешті Қыпшақта таралған. А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. 14 ғ-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этн. негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Оның құрамы жағынан негізінен Қазақ халқы болса да, атау ретінде деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. 15 ғ-дың екінші жартысында Қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын “қазақ” атауы этн. маңызға ие болды. Керей хан мен Жәнібек хан 1457 – 69 ж. аралығында өздеріне қарасты тайпалармен Әбілхайыр хандығынан бөлініп,Шу өңіріне көшіп барып, жеке Қазақ хандығын құрды. Мұндағы түркі тілдес тайпалар тарихи деректерде алғашқыда “өзбек-қазақ”, кейінірек “қазақ” атауымен түпкілікті атала бастады. Қазақстан жергілікті қазақ халқына, орыс империясында казактар аталатын әскери әлеум. топ қалыптасуына байланысты, 17 ғ-дан 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін орыс әдебиеттерінде қайсақ, қырғыз, қырғыз-қайсақ, қазақ-қырғыз, киргиз-қазақ деп қасақана бұрмаланып қолданылып, халықтың тарихи атауы аталмай келді. Бұрмалау 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің 5-съезінде түзетілді. 1936 ж. Қазақстанның әкімш.-шаруашылық өзгерістеріне байланысты Қазақ сөзі ресми түрде белгіленді.XV ғ.екінші жартысы мен XVI ғ.қазақ халқының негізігі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру,халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.Қазақ хандығының бұрынғы мемлекеттермен салыстырғанда тиянақты этникалық негізі қалыптасып аяқталған халқы болды. "Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы.Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеулушілердің қызу айтыстарының тақырыбына айналған.Ол халықтың өзінің шыққан тегі туралы туғызған көптеген аңыз-әңгімелерінде сөз болды.Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қашақ» деген атаудан шықты деп есептейді.Сонымен,қортып айтқанда, қазақ халқының этнос болып қалыптасуы өте ұзақ процесс.Ол 2,5-3 мың жылды қамтитын күрделі және ұзақ даму жолынан өткен.Тарихи проблема өзінің одан әрі қарай ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттелуін талап етеді.

32. Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді.  1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті.  Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. .Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан  алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. ОныЖәнібек пен Керей басқарды. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. . Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті.Сонымен қортып айтқанда,Қазақ хандығының құрылуына XV ғасырдың екінші жатрысында Қазақстан жерінде мемлекеттің-Әбілхайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты.Өйткені, бұл мемлекеттердегі көшпелі ақсүйек-сұлтандардың эканомикалық күш-қуаты артып,өз иеліктерінде жеке жүргізуге ұмтылды,феодалдық талас-тартыс күшейді.Сөйтіп,бұл мемлекеттердің тарихи біріккен елдігінен айырылып,күйреуіне алып келді.Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды.Ол ұлан байтақ өңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосып шоғырландыруда,қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды рөл атқарды.Қазақ хандығының қалыптасуы қазақтың байырғы заманнан юасталған өз алдында жеке ел болып бірігу жолындағы күресін біржолата аяқтауды шешуші кезең болуымен ерекшелінеді.XV ғасырдың екінші жартысында оңтүстік-шығыс Қазақстанның халқы өлкенің басқа аймақтарымен шаруашылық,этникалық және саяси қатнастары одан әрі жалғасып,күшейе түсті.

33. XV ғ. ортасы-XVIII ғ. Қазақ хандығының тарихы туралы жазба деректер мен зерттеулер. Демограф ғалымдардардың зерттеулері негізінде қазіргі кезеңде дүние жүзінде 5 мыңнан астам халықтар бар деп есептеледі.Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихы кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді.Бұл күрделі процес бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды,халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді.Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда,біздің жерімізде қола дәуірі мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың иран тілдес болғандығы айтылады.Қазақ халқының бастауы болып табылатын, дерек болса сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін,қаңлы тайпалары саналады.Оны Қытай деректері «өзі сары,көзі көк, ат жақты тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді. Ортағасырлық Қазақстан тарихының XV-XVIII ғасырлардағы  кезеңі - Қазақ хандығы дәуірі деп аталатыны белгілі. Бұл дәуір өз ішінде бірнеше кезеңдерден тұрады. Тек қана XV- XVI ғасырлардың өзінде  хандықтың тарихы саяси тарихтың дамуына байланысты құрылу, күшею, «уақытша әлсіреу», қайта өрлеу және қазақ халқының этникалық аумағының қалыптасуының аяқталуы  деген кезеңдерге бөлінеді. Осы кезеңдердегі саяси тарихтың мәселелерін зерттеуде бірінші орынды жазба дерек мәліметтері алатыны белгілі. Кейбір жазба дерек мәліметтері нақты бір тарихи мәселені шешуде жанама немесе қосымша рөлдер атқарса, ал кейбіреулері басты немесе негізгі рөлдер атқарады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақ хандығының тарихындағы алғашқы үш кезеңді зерттеуде, яғни хандықтың құрылу, күшею және «уақытша әлсіреу» кезеңдерін қарастыруда негізгі жазба дерек мәліметтерін ортағасырлық тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен табамыз. Ал басқа жазба дерек мәліметтерін «Тарих-и Рашиди» мәліметтерімен толықтыра отыра, Қазақ хандығының жоғарыда айтып өткен кезеңдерін терең зерттеуге мүмкіндіктер аламыз. Қазақ халқының ұзақ тарихын анықтайтын әртүрлі тілде жазылған тарихи деректер баршылық. Солардың бірі қытайдың деректері болып табылады. Өйткені Қытай байырғы өркениетті мемлекеттердің бірі болғандықтан, оның жазу мәдениеті ерте дамыған және жазба дерек көздері жүйелі түрде сақталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]