Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

28.Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.

Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі — Ноғай Ордасы. Ол XIV—XIV    ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты.

Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі,қолбасшы, Жошы ханның немересі (1260—1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.

Ноғай Ордасының негізін салушы — әмір Едіге (1395—1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396—1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426—1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XV ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Аумағы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы — Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы — маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама жэне т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар XV ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін қүрады.

Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі — хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, үлыстың ең шүрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп- қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы, әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған. XVI ғ. 2- жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз қүрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

29. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Бұл кезеңнің рухани мәдениеті Дешті Қыпшақ аумағында ежелгі түрік дәстүрлерінің өзара тығыз ықпалымен сипатталады. Ол негізінен алғанда фольклор, ауызекі жеке поэзия, жазба әдебиет және музыкалық-поэтикалық өнер түрінде болып, дамып отырған. ХІҮ-ХҮ ғғ. Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша фольклор түрінде таралды. Фольклорға ел ішінде айтылып жүрген ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, эпостық жырлар жатады. Фольклордың ертедегі үлгілері түрлі мифологиялық сюжеттерден тұрады. Мәселен, Ғарыш пен Жердің пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы түрлі аңыздар сақталған. Мысалы, «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы» жұлдыздары, т.б. туралы аңыздар. Алғашқы адамдар мен жануарлардың, таулар мен өзен, көлдердің қалай жаралғандығы туралы аңыздар да бар. Ауыз әдебиетіндегі кең таралған жанрлардың бірі – ертегілер. «Құламерген», «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ер Төстік», Керқұла атты Кендебай» сияқты батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор. Ауыз әдебиетіндегі ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі – эпостық жырлар. ҮІ-ҮІІІ ғғ. бастау алған батырлық жырлары көптеген көріністерімен толықтырылып, ХІҮ-ХҮ ғғ. эпостық жырларға айнала бастады. Мәселен, қияттар мен қыпшақтардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін «Қобланды батыр» жыры. Кеңейтіліп, жаңару барысында бұл жырда Алтын Орда дәуіріндегі Алшағыр, Қазан, Қараман, Айбақ сияқты тарихи адамдардың есімдері де орын алды. Ал Алтын Орда ыдыраған кезде «Ер Тарғын», «Орақ-Мамай», «Ер Қосай» сияқты батырлар жырлары пайда болған.ХІІІ-ХҮ ғғ. ауызша поэзия үлгілері де дами бастайды. Оның өкілдері: аттары бізге аңыз боп жеткен Кетбұға, Қодан, Сыпыра жырау, Асан Қайғы. Олардың өмірбаяндары бізге белгісіз болғанымен, ауызша сақталып бізге жеткен шығармалары, халықтың бірлігі мен тірлігі туралы айтқандары бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік мәні жағынан өте құнды еңбектер болып табылады. ХІҮ-ХҮ ғғ. жазбаша әдебиет те дами бастады. Олардың көпшілігі қыпшақ тілінде жазылған. Мәселен, «Кодекс куманикус», «Оғызнама» сондай туындыларға жатады. Бұл кезеңде өзбек ақыны Хорезмидің «Мухаббатнама», Кутбтың «Хұсрау мен Шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха» сияқты әдеби шығармалары белгілі болған.  Әдебиетпен қатар музыка өнері де дамыған. Бізге жеткен музыка туындылары – «Ескендір», «Қамбар батыр», «Шора батыр» т.б. күйлер. Ежелгі Алтын Орда дәуірінен келе жатқан «Жошы ханның жортуы», «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Сағыныш» сияқты күй-аңыздар – халқымыздың музыка өнеріндегі асыл қазыналары. Діни наным-сенімдер. Қазақстанда ислам діні ҮІІІ ғасырда тарай бастағанымен, ХІХ ғасырдың аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған еді. Мұндай пікірді «Ислам діні» атты мақаласында қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановта та айтады. Атақты Өтеміс қажы өзінің «Шыңғыснама» кітабында «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді» деп жазған. Хан өз төңірегіне діншіл ғалымдарды жинап, мұсылман дінінің таралуына себін тигізген. ХІҮ ғ. Өзбек хан (1312-1342) мен Моғол ханы Тоғылық Темір хан (1348-1362) билігі кезінде исламның таралуына қатты көңіл бөлінген. Жазба деректерге қарағанда, хандар шонжарларға исламды зорлап қабылдатуға дейін барған. Ал Тоғылық-Темір хан мұсылман дініне кіріп, басына сәлде тақпағандарға қатаң жаза қолданған. Осындай шаралардың арқасында тұрғындар мұсылман дінін қабылдай бастайды. Қазақстанда ислам дінінің тез қанат жая бастауына және бір себеп – ислам дінінің сопылық тармағының таралуы. Өйткені сопылықтың кейбір идеялары мен әдет- ғұрыптары шаманизмнің наным - сенімдеріне жақын болды.Сонымен ХІҮ –ХҮ ғғ. аралығында ислам діні мен шаманизмнің кейбір діни наным – сенімдері қатар өмір сүрді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]