Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

23. Қазақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырауы кезеңінде (хііі-хү ғғ.).

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы.  1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқыншылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді.  Алтын Орданың ыдырау себебі:

 - этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;

 - шаруашылығының өркендеуі нашар болды; - билік үшін талас күшейді; 

- езілген халықтың азаттық күресі күшейді. 

Әмір Темір әскерлерінің 1389-1391 және 1395 жылдардағы жорықтары нәтижесінде Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады.  Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы басты орында болды. Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды. Алтын Орда мемлекетінде алғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кейіннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды. 

24.Алтын Орда билеушілерінің мемлекеттік қызметін сипаттаңыз

Алтын Орда алғашқы кезде Монгол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың үлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242—1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде үстады. 1260 ж. Монгол империясы тәуелсіз үлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256—1266) түсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монгол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266—1280) түсында Алтын Орда түңгыш рет өз атынан теңге қүя бастады. XIII гасырдың 80- жылдары Алтын Ордада беклербек Ногайдың есімімен байланысты дагдарыс басталды. Ногай Шыңгысханның бір үрпагы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындагы елдерді багындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298— 1312) алауыздық өзара күреске үласып, 1300 жылы Ногай жеңіліс тапты, содан кейін гана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.

Өзбек ханның (1312—1342) жэне оның баласы Жәнібектің (1342—1357) түсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордага тәуелділіктерін мойындап, үлы ханның қолынан «князь» атагын алып, алым-салық төлеп түрды. Бірақ билеушілердің хан тагына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болганнан кейін Алтын Орданың қүлдырауы басталды. 1357—1380 жылдары ондаган хан ауысады. Сөйтіп, бүл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша бнлеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаган орыс әскерінен жеңіледі. Жошының үрпагы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен ныгайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мәуераннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380—1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ XIV г. соңында Әмір Темір Алтын Ордага бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. XV ғ. орта кезінде Алтын Орда қүлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]