Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_gos.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать
  • Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.

Тарих араб сөзі –зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме. Адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді.Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді , еліңді оқып үйренуден басталады.Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы азаматтық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты –ұлттың руға, тайпаға,арысқа , жүзге бөлінуі үшін емес , оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні , ортақ ділі, ортақ отаны , елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ , ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау , зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақтан азаматы , өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс. Таарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда , қай жылы , қандай оқиға болды. Оның халқымыз , ұлтымыз үшін қандай мәні бар- осы бізге аса қажет.Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде , ең алдымен мемлекетіміздің ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек.Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам – өзімді-өзім тану деген сөз.Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса , санаса сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек. Яғни тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну керек. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты өзінің жерінде , елінде өзіне тән үлкен тарихы , қоғамдық ортада жүргенін сезінеді.Сонда ғана адам өзін толыққанды адаммын деп санай алады. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғашқы жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланылып , зерттелді.

2.Тас ғасыры мен ескерткіштеріне сипаттама жасап, кезеңдерін жүйелеп көрсетіңіз.

Тас ғасыры – адамзат баласының пайда болып, өмір сүруге бейімделе бастаған уақыты. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл кезде алғашқы адамдар тобыры қалыптасып, бірігіп аң аулап терімшілікпен айналысты, тастан еңбек құралдырын жасады. Тас дәуірі негізгі 3 кезеңге бөлінеді. Олар: палеолит ( Б. з. б. 2,6 млн. жылдан – б. з. б. 10 мың жыл аралығы), мезолит (б.з.б. 12 - 5-мыңжылдықтар.), неолит (б.з.б. 5-3 мыңжылдық). Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар іздері ерте палеолит кезеңіне жатады. Оған себеп 1958 жылы археолог Х.Алпысбаев Қаратау жотасынан ең ежелгі адамадардың тұрақтарын тапты. Палеолит дәуірінің ерекшелігі: тас құралдар жасау тәсілі жарып түсіру техникасы қолданылды.Оған шикізаат ретінде өзен малта тастарын пайдаланған. Алғашқы діни сенім қалыптасты. Оны өлген адамның аяғын бүгіп , бір қырымен жатқызып жерлеген жерлеу тәсілінен көре аламыз. 1938 жылы Өзбекстанның оңтүстігіндегі Тесіктас үңгірінен 8-9 жасар неандерталь баланың қаңқасы табылды. Тас дәуірінің ең көне тұрағы – Обалысай орталық қазақстаннан табылды. Кейінгі палеолит кезеңінде еңбек құралдарын жасау жетіле түсті. Жеңіл найза, ілмекті сүңгі, болас жасап, баспана сала білді.Алғашқы кездегідей бір нуклеустан 2-4 қалақ емес, 10- даған жұқа өткір тіліктер алынды. Осы кезде еңбек құралдарының 20- ға тарта түрі болған. Болас-оқ есебінде қолданылған домалақ тастар, ірі жылтқыш аңдарды аулағанда пайдаланған. Аналық рулық қуым белгілері орнай бастады. Себебі: сүйектен жасалған әйел мүсіні көп табылды. Мезолит дәуірінің ерекшелігіне келетін болсақ: жебелі сабақ, бумеранг, балық аулау құралдары ойлап табылды. Бұл кезең аз зерттелгендіктен, қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Шебер садақшы минутына 20 оқ ата білді. Тас өңдеу әдісі жетілдіріліп, пышақ тілгіштерге ағаштан сап орнату шықты. Балық аулау кең тарап, қайық ойлап табылды. Қазақстанда бұл дәуірдің ескерткіштері негізінен солтүстік және орталық аймақтарда кездеседі. Неолит дәуірінің ерекшелігі: бұл кезеңде экономикалық және қоғамдық өрлеу басталды.Тас өңдеу техникасының әбден жетілген кезі. Адамдар тасты кесуді, жонуды, жылтырата тегістеуді меңгерді. Кен өндірудің алғашқы белгілері пайда болып мыс, алтын, қорғасын өндіру шықты. Солтүстік- шығыс Балқаш маңынан табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағынан табылған жертөледегі жылқы сүйектері жабайы жануарларды қолға уйрету ісінің басталғандығын дәлелдейді. Арал маңындағы Сексеуіл тұрағынан табылған жылқы, сиыр мен қой сүйектері де осыны растайды. Сүйек өңдеу жетіліп, біз бен ине жасап, жүннен өсімдік талшығынан мата тоқып, киім тігуді үйренді. Неолиттік ежелгі адамдардың жерлеу дәстүріндегі өзгерістер: Железинка ауылы маңынан табылған қабірде өртелген мәйіттің күлі болған. Қазақстан жерінде 500- ден астам неолиттік ескерткіштер бар. Атап айтатын болсақ: сексеуіл- арал тұрақтары тобы, келтеминар- б.з.б. 4-2 мыңжылдықтар басы, Қазақстан және Орта азия территориясындағы мәдениет.Келтеминар мәдениетіне жататын батыс қазақстандық қоныстар – 1989-90 жылы Атырау облысының табылған Шатпақкөл, Қайнар ,Сарықамыс тұрақтары. Тас ғасырын зерттей келе , Қазақстан жері- адамзат қоғамы қалыптасқан аймақтардың бірі деген ғылыми тұжырым жасалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]