- •5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне арналған психолгиялық-педагогикалық практикасының бағдарламасы
- •5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне арналған психолгиялық-педагогикалық практикасының бағдарламасы
- •Психологиялық - педагогикалық практика
- •1. Психологиялық - педагогикалық практикасының мақсаты мен міндеттері
- •2.Практика мазмұны
- •3. Психологиялық - педагогикалық практикасын ұйымдастыру
- •Студент-практиканттың практика кезіндегі игереуге тиісті біліктер мен шеберліктер:
- •4.Практикані басқару және бақылау әдістері
- •5.Практиканың қорытындыларын рәсімдеу тәртібі және үлгілері
- •Психологиялық - педагогикалық практикасы жөнінде жазбаша есеп беру үлгісі
- •5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының
Ф.4-34
С.БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Педагогика, психология және пәндік технологиялар кафедрасының меңгерушісі А.С.Мустояпова____________
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне арналған психолгиялық-педагогикалық практикасының бағдарламасы
Ақтөбе, 2015
С.БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика, психология және пәндік технологиялар кафедрасы
Комарова Д.Т.
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне арналған психолгиялық-педагогикалық практикасының бағдарламасы
Ақтөбе, 2015
Психологиялық-педагогикалық практикасының бағдарламасы 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттеріне арналған.
Құрастырғандар: Комарова Д.Т.
Пікір берушілер:
Есенгулова М.Н. - п.ғ.к., доцент, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Бахтиярова Г.Р. - п.ғ.к., доцент, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
© С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің оқу-әдістемелік бөлімі
Психологиялық - педагогикалық практика
Кіріспе
Студенттердің Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша психологиялық - педагогикалық практикасы мектепке дейінгі ұйымдар педагогін даярлауда аса маңызды.
Мектепке дейінгілердің жеке тұлғалық қалыптасуында балаларға педагогикалық – психологиялық диагностика жасау және нітижелерді өңдеп, сол бойынша жұмыс жүргізу маңызды болып табылады.
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша оқу жоспарында психологиялық - педагогикалық практикасын өтуге екі апта бөлінеді. Практика мектепке дейінгі мекемелерде жүргізіледі.
1. Психологиялық - педагогикалық практикасының мақсаты мен міндеттері
Психологиялық - педагогикалық практикасының мақсаты:
Мектепке дейінгілердің жеке тұлғалық психологиялық – педагогикалық диагностикасын іске асыру.
Психологиялық - педагогикалық практикасының міндеттері:
Психологиялық – педагогикалық және арнаулы білімді тереңдету, бекіту және оларды пайдалану;
Мектепке дейінгілердің ойын, оқу – танымдық, еңбек іс – әрекеттерінің ерекшеліктерін оқып білу;
Балалардың өзара қарым – қатынасын ұжымда зерттеу;
Мектепке дейінгі және мектепалды жасындағы балалардың танымдық қабілеттерін ашу;
Топтық ұжымның қалыптасу деңгейін зерттеп білу, балалар ұжымындағы өзара қарым – қатынастың құрылымы;
Құрбылармен, олардың ата – аналарымен, тәрбиешілермен қарым – қатынас.
2.Практика мазмұны
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің еңбегінің өзіндік ерекшелігі. Тәрбиешінің іс – әрекетін бақылау:
- Әрбір режимдік сәтті қызықты ұйымдастыру;
- Топта жайлы ахуал тудыруы, күн режимін сақтау;
- Тәрбиешінің тұрмыстық әрекеттерде балаларға көмектесуі;
- Режимдік үрдістерді ұйымдастырудағы әрекеттің бірізділігі.
Тәрбиешінің сәбилік шақтағы балалардың және топтың ерекшелігін диагностикалаудың қарапайым құралдарын, іс – әрекетін меңгеру. Сәбилермен, мектепке дейінгі және мектепалды жасындағы балалармен қарым – қатынас мәнерін анықтау.
Мектепке дейінгілердің жеке тұлғалық ерекшелігін білудің психологиялық – педагогикалық зерттеу әдістері. Студенттерде зерттеу әрекетіне кәсіби қызығушылық қалыптастыру. Отбасын диагностикалау. Баланың танымдық көңіл – күй ортасы. Кәсіби іс – әрекеттегі зерттеу әдістерін меңгеру: бақылау, сауалнама өткізу, интервью, эксперимент, нәтижені жинақтау, қорытындылау.
Әр жас тобындағы тәрбиешінің қызметін бақылау. Тәрбиешінің еңбегінің өзіндік ерекшелігін түсіну (мектепке дейінгі ұйымның педагогының кәсіптік міндеттері). Тәрбиеші – балабақшадағы тәрбие үрдісінің басты субъектісі. Дамыту ортасын құру, тәрбиешінің балалармен тілдік қатынасын талдау, тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті. Балалардың тәрбиешіге қарым – қатынас мотивтерін анықтау. Режимдік сәттерді ұйымдастыру, топта эмоционалды ахуал туғызу.
Сәбилік шақ, мектепке дейінгі және мектепалды жасындағы балалармен қарым – қатынас мәнерін анықтау. Сәбилік шақ, естиярлар және ересектер тобы балаларының ойын әрекеттерінің ерекшеліктерімен танысу. Балалардың ойындағы өзара әрекеті және қарым – қатынасы. Ойында егес, қақтығыстардың пайда болуы және оларды шешудің жолдары. Балалардың еңбек тапсырыстарына ықыласы, қажетті еңбек дағдылары мен біліктерін меңгеру деңгейі.
Мектепке дейінгілердің жеке тұлғалық даму үрдісін, нәтижелерін талдау. Психикалық функциялардың жетілу қарқыны, адамгершілік, мінез – құлық түсініктерінің қалыптасу үрдісін талдау. Балалар ұжымының қалыптасу деңгейі. Балалардың ұжымдағы өзара қарым – қатынасы. Балабақша мен отбасының өзара әрекеті. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны, формалары. Психологтың міндеттерімен және құжаттарымен танысу. Жеке балаға, ұжымға, әр жас тобына психологиялық – педагогикалық мінездеме жазу.
