Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
jer_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.28 Кб
Скачать

21.Жер құқығының құқық саласы, заң ғылымының саласы және оқу пәні ретіндегі ерекшелігіне тоқталыңыз

Құқық саласы ретiнде жер құқығы дегенiмiз – жердi пайдалану мен қорғаумен, жердi жеке меншiкке және жер пайдалану құқығына берумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы. Ғылым саласы ретiнде жер құқығы дегенiмiз – көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың, ой-пiкiрлердiң және әртүрлi ғылыми көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты – ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсiндiрiп беру, оның әрi қарай даму жолына болжам жасау. Сонымен бiрге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегi ақтаңдақтарды, кемшiлiктердi жою, оларды болдырмау және осы саладағы заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады. Оқу пәнi ретiнде жер құқығы– дәрiстiк және тәжiрибелiк сабақтардың жиынтығы, яғни, жер құқығы ғылымының негiзгi ережелерiнiң белгiленген жүйе бойынша мазмұндалуы болып табылады

22. Жер құқығы нормаларын жүзеге асырудың механізміне тоқталыңыз

Жалпы жер құқығы нормалары олардың көпшілікпен қабылдануы үшін ерекше жазбаша мəтінде болуы керек. Оған құзыретті органдармен қабылданған нормативтік құқықтық актілер жатады. Жер құқығының көпшілік нормалары, нормативтік құжаттарда жазбаша бекітіледі: заңдар, Президент жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары жəне т.б. Нормаларды былайша жеткізу құжатпен мүдделі тұлғалардың немесе орындаушы органдардың толық танысуына мүмкіндік жасайды. Бұл нормалардың негізгі жүзеге асыру құралы болып жəне оны сақтаудың қамтамасыз етуге қызмет жасайды. Өйткені жазбаша мəтін құқықтық норманың мазмұнын анықтап ашып береді жəне кез-келген мүдделі тұлға нормасының нақты мазмұнымен танысуын жеңілдетеді. Сондай-ақ мұндай көрсету нысаны əртүрлі нормаларды қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, жоғарғы деңгейде кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік береді.

23.Жер құқық қатынастарының пайда болуы және өзгеруі негіздеріне тоқталыңыз

Жер қүкык катынастарының өзіне тән белгілері: бүл катынастар жерді пайдалану мен корғауды камтамасыз етуге бағытталған; бүл катынастар жерді меншік объектісі, пайдалану объектісі, аумактык кеңістігі және табиғат байлығы ретінде карастырады; бүл катынастар жер күкық нормаларымен катар, озге де күкыксалаларының нормаларымен реттеледі; бүл катынастар тек жер учаскесін пайдалану емес, сонымен катар, жер учаскесінде орналаскан жылжымайтын мүлікті де пай- даланумен байланысты катынастар; Жер күкык катынастарының да өзге қүкык катынастары си- яқты өзіне тән болатын объектісі, субъектісі және мазмүны бо- лады. Жер күкык катынастарынын объектісі ретінде Казакстан Республикасынын жер коры, жер учаскесі жөне жер үлесі танылады. Жер кұкығы катынастары субъектілерінің катары, мазмұны және олардың кұкыктарының ара-катынасы елдегі жер саясаты және әлеуметтік-экономикалық кайта кұрулар сипатына тәуелді өзгеріп отырады. Кеңес одағы кезінде мемлекет жерге меншік кұкығы катынас­тарының айрыкша жеке субъектісі болғаны бәрімізге аян. Ал, жерге жеке меншік институтын енгізген соң жерге меншік кұкығы катынастарынын субъектілері қатарына жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес занды тұлғалар косылды. Жалпы, жер күкығы катынастары субъектілерінің барлык күкык түрлері субъективті сипатка ие болуымен катар, субъек- тінің еркіне толыкіәуелді болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]