- •1. Жер құқығының түсінігін айтыңыз
- •2. Жер құқығының қағидаларын айтыңыз
- •3. Жер құқығы қатынастарының түсінігін айтыңыз
- •4. Жер құқығы қатынастары субъектілерінің түсінігін айтыңыз
- •5. Жер құқығы қатынастары объектілерінің түсінігін айтыңыз
- •6. Жерге меншік құқығының түсінігін айтыңыз.
- •7.Жерді тұрақты пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз
- •8. Уақытша жер пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз
- •9.Жерге деген заттық құқық түсінігін айтыңыз
- •10.Жерді құқықтық қорғаутың түсінігін айтыңыз
- •11.Жер құқығы әдістерінің түсінігін айтыңыз
- •12.Сервитут түсінігін айтыңыз
- •13.Жерді аймақтарға бөлу түсінігін айтыңыз
- •14. Жер үшін төленетін төлемдер
- •15. Жер құқығын бұзушылық түсінігін айтыңыз
- •16. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі
- •17.Жерге меншік құқығының түрлерін жіктеңіз
- •19.Жер құқығының жүйесін жіктеп беріңіз
- •20.Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысын айтыңыз
- •21.Жер құқығының құқық саласы, заң ғылымының саласы және оқу пәні ретіндегі ерекшелігіне тоқталыңыз
- •22. Жер құқығы нормаларын жүзеге асырудың механізміне тоқталыңыз
- •23.Жер құқық қатынастарының пайда болуы және өзгеруі негіздеріне тоқталыңыз
- •24.Жер құқығының қайнар көздерін жіктеп беріңіз
- •25.Жер заңдарының міндеттерін жіктеңіз
- •26.Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы ашып беріңіз
- •27.Жер пайдалану құқығының субъектілерін жіктеңіз
- •28.Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негіздеріне тоқталыңыз
- •29.Жер учаскесін сот шешімі бойынша сатып алу негіздеріне тоқталыңыз
- •30.Мемлекеттік қажеттіктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою негіздеріне тоқталыңыз
- •31.Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелерінің айырмашылыган ашыңыз
- •32.Жер қатынастары саласындағы жергілікті өкілді органдарының құзыреттерін ашып беріңіз
- •33.Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақтасып жер пайдалану құқығын талдаңыз
- •34.Ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану тәртібіне тоқталыңыз
- •35.Жер үлесіне ерлі-зайыптардың ортақ меншігінің мәнін ашыңыз
- •36.Жер учаскесіне құқық ауысқан кезде серуітуттың сақталу негіздеріне тоқталыңыз
- •38.Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне тоқталыңыз
- •39. Жер учаскесi мен жер пайдалану құқығын кепiлге салу негіздеріне тоқталыңыз
- •40.Жер құқық қатынастарынан туындайтын дауларды қарау тәртібіне тоқталыңыз
- •41.Жер заңдары нормаларының бұзылғаны үшін қарастырылатын жауапталақтың негіздерін ашыңыз
- •42.Шаруа (Фермер) қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелерінің мәнін ашыңыз
- •43.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық режіміне тоқталыңыз
- •44.Орман қоры жерлерін мемлекеттік қорғау саясатының құқықтық негіздеріне тоқтылыңыз
- •45.Тарихы-мәдені мақсаттағы жерлердің қорғауға алыну ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің мемлекеттік-құқықтық қорғалу негіздеріне тоқталыңыз
- •47.Босалқы жерлерді құқықтық қорғау негіздеріне тоқталыңыз
- •48.Өнеркәсіп жерлерін құқықтық пайдалану негіздеріне тоқталыңыз
- •18.Жер құқығының қалыптасу кезеңдерін жіктеңіз
- •37.Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға тоқталыңыз
34.Ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану тәртібіне тоқталыңыз
1. Ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн пайдалану тәртiбiн үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысы қабылдайды. Yлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың алдағы жиналысы туралы хабарлама оның өткiзiлетiн күнiнен бiр айдан кешiктiрiлмей жазбаша түрде қолхат алу арқылы жүргiзiледi. 2. Тиiсiнше хабарланған жағдайда үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде 50%-i қатысқан кезде жиналыстың құқықтық күшi бар деп саналады. Шешiм үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жиналысына қатысып отырғандардың жай көпшiлiк даусымен қабылданып, хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң қатысып отырғандарының барлығы қол қояды.
35.Жер үлесіне ерлі-зайыптардың ортақ меншігінің мәнін ашыңыз
1. Ерлi-зайыптыларға тиесiлi жер учаскелерiне меншiк құқығының немесе жер пайдалану құқығының құқықтық режимi ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының азаматтық және неке-отбасы заңдарында көзделген нормаларға сәйкес айқындалады. 2. Ерлi-зайыптыларға олар некеге тұрғанға дейiн тиесiлi болған, сондай-ақ олардың мұрагерлiк тәртiбiмен сыйға алған жер учаскелерi мен жер үлестерi олардың әрқайсысының меншiгiнде (жер пайдалануында) болады. Егер ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезiнде олардың ортақ мүлкi есебiнен осы жер учаскелерiнiң құнын едәуiр арттыратын салымдар жүргiзiлгенi анықталса, ерлi-зайыптылар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының жер учаскелерi олардың бiрлескен меншiгi (бiрлесiп жер пайдалануы) болып танылуы мүмкiн.
36.Жер учаскесіне құқық ауысқан кезде серуітуттың сақталу негіздеріне тоқталыңыз
1. Жер учаскесiне меншiк құқығы немесе сервитутпен ауыртпалық салынған жер учаскесiне жер пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сервитут сақталады. 2. Сервитут мәмiленiң, оның iшiнде сатып алу-сатудың және кепiлге салудың дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға қамтамасыз етiлуi үшiн сервитут белгiленген құқықпен бiрге ғана ауыса алады.
38.Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне тоқталыңыз
Жер заңнамасының сақталуын жүзеге асыру жоспарлы (уәкiлеттi орган жоспарлаған және бекiткен) және жоспарланбаған (болған жағдайларға сәйкес тағайындалатын, тез арада шешуді талап ететiн шағымдар, өтiніштер мен арыздар) деп бөлiнетiн тексерулер арқылы жүргізiледi. Мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ жерге түгендеу, зерттеу жүргiзу, жердi пайдалануға байланысты сызбалар мен жобаларды әзiрлеу, мемлекеттiк жер кадастрлары мен мониторингiн жүргiзу кезінде жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру рәсiмi бақылаушы орган шығаратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiне тексеру жүргiзу туралы нұсқаулықтары және тексерулерді есепке алудың 1-П нысанды карточкасы негiзiнде жүргiзiледi, олар Құқықтық статистика жөнiндегi комитетте және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының немесе аумақтық органдарының арнайы есепке алуымен тексеру басталғанға дейiн тiркеледі. Мемлекеттiк бақылау мақсатында жер учаскелерiн сол күйінде зерттеу жер учаскелерi меншік иелерiнің, жер пайдаланушылардың қатысуымен, сондай-ақ олар бас тартқан жағдайда оларсыз жүргiзiледi, зерттеу нәтижелерi бойынша жасалған құжаттарға бұл туралы тиiстi белгi қойылады. Анықталған жер заңнамасының бұзылуы, жерді зерттеу сызбасы қоса берiлетін, осы жұмыстарды жүргiзген мамандардың қолдары қойылған актiмен рәсiмделіп, құзыретiне осы мәселенi қарау кiретiн органға берiледі. Анықталған жер заңнамасының бұзылуын уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген тәртiппен өздерiнiң функцияларына сәйкес қарайды. Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегi мемлекеттік инспекторлар жер заңнамасы бұзылуының iс жүзiнде жойылуын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен нұсқаулықтарын жер учаскелерiнің меншік иелерi мен жер пайдаланушылардың орындауын қадағалайды. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жыл сайынғы мемлекеттiк есептiлiктi мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша жасайды.
