Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
jer_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.28 Кб
Скачать

13.Жерді аймақтарға бөлу түсінігін айтыңыз

Жерді аймақтарға бөлу – жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдалану режімін белгілей отырып айқындау. Жерді аймақтарға міндеті:жерді нысаналы мақсатында пайдалануын шектейтін немесе ықпал ететін аумақтардың қасіеттерін анықтау. Кадастрлық аймақтарға бөлу жұмыстары табиғы және әлеуметтік-экономикалық жағдайды бағалау негізінде экімшілік аудан бойынша жасалады. Жерді бағалық аймақтарға бөлу жұмыстары жердің қадастрлық құны негізінде іске асырылады. Елді мекен жері басқа жерден қалалық және ауылдық шекарамен бөлінеді. Эр елді мекеннің бас жоспары болады. Республикалық, облыстық маңызы бар қалаларының бас жоспарын үкімет бекітеді, ал одан кіші қалалардың бас жоспарын облыстық атқару органдары бекітеді. 1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау. 2. Жердi аймақтарға бөлудi облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейiнде ұйымдастыруды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады. Жердi аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиiстi өкiлдi органдары бекiтедi. Жердiң нысаналы мақсатының жiктемесi жердi аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негiзiнде әзiрленедi және оны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.

14. Жер үшін төленетін төлемдер

Жер үшін төленетін төлемдер - жерді тиімді пайдалану, жерге орналастыру, жерді қорғау, сапасын, құнарлылығын арттыру шараларын, сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын шаруашылыққа байланыстыра отырып, қаржыландыру арқылы дамытуды көздейтін қор жинақтау мақсатындағы жерді пайдалану, иеленудегі және жерді жеке меншікке сатып алу барысында жерге ақы алу процедурасында айқын көрініс табады. Жерге ақы алудың құқықтық нысандарын бүгінде: жер салығы, жер учаскелері үшін төлемақы және жалдау құқығын сату төлем ақылары мен шартты болса да арнайы жердің нормативті бағаламасының төлемдері құрап отыр. Бұл жерде меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусіз жер пайдаланудағы жер учаскелерінен Қазақстан Республикасының салық заңдар нормаларының негізінде жер салығы алынатындығы белгілі. Жер учаскелері үшін төлемақы - жер учаскесіне жеке меншік құқығын өтеулі түрде бергенде (сатқанда), ал жалдау құқығын сату төлемақысы - уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын өтеулі түрде бергенде (сатқанда) төленетін төлем мағынасын береді. Бұл екеуі де жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін қолдану арқылы шығарылатын кадастрлық (бағалау) құны негізінде есептелуге жатады.

15. Жер құқығын бұзушылық түсінігін айтыңыз

Жер реформасы әрине, жерді ұтымды пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын арттыру, табиғи ортаны сақтау мен жаңарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту, жылжымайтын мүлік пен жер нарығын жасау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың болуын көздейді. Заң тыйым салған әрекетті жасау немесе заң жүктеген міндетті толықтай орындамау қандайда бір құқық бұзушылықты тудырады. Құқық бұзушылықтың нақты түрі қоғамға, белгілі бір тұлғаға немесе мемлекетке зиянды қауіптің болуымен және кінәлі тұлғаның арнайы құқық талаптарына қарсы келушілік әрекет немесе әрекетсіздігінің көрініс табуымен сипатталып отыр. Олай болса, жер заңдары нормаларының арнайы құқықтық шектерінің сақталмауы жер құқығы ережелерін бұзуға негіз болады. Жер құқығын бұзушылықты мемлекеттің бекіткен жер заңдары мен қолданыстағы жердің құқықтық тәртібін бұзатын қоғамдық-қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің болуы деп, осы құқық бұзушылықтың жалпы мағынасын ұғынуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]