- •1. Жер құқығының түсінігін айтыңыз
- •2. Жер құқығының қағидаларын айтыңыз
- •3. Жер құқығы қатынастарының түсінігін айтыңыз
- •4. Жер құқығы қатынастары субъектілерінің түсінігін айтыңыз
- •5. Жер құқығы қатынастары объектілерінің түсінігін айтыңыз
- •6. Жерге меншік құқығының түсінігін айтыңыз.
- •7.Жерді тұрақты пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз
- •8. Уақытша жер пайдалану құқығы түсінігін айтыңыз
- •9.Жерге деген заттық құқық түсінігін айтыңыз
- •10.Жерді құқықтық қорғаутың түсінігін айтыңыз
- •11.Жер құқығы әдістерінің түсінігін айтыңыз
- •12.Сервитут түсінігін айтыңыз
- •13.Жерді аймақтарға бөлу түсінігін айтыңыз
- •14. Жер үшін төленетін төлемдер
- •15. Жер құқығын бұзушылық түсінігін айтыңыз
- •16. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің түсінігі
- •17.Жерге меншік құқығының түрлерін жіктеңіз
- •19.Жер құқығының жүйесін жіктеп беріңіз
- •20.Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысын айтыңыз
- •21.Жер құқығының құқық саласы, заң ғылымының саласы және оқу пәні ретіндегі ерекшелігіне тоқталыңыз
- •22. Жер құқығы нормаларын жүзеге асырудың механізміне тоқталыңыз
- •23.Жер құқық қатынастарының пайда болуы және өзгеруі негіздеріне тоқталыңыз
- •24.Жер құқығының қайнар көздерін жіктеп беріңіз
- •25.Жер заңдарының міндеттерін жіктеңіз
- •26.Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы ашып беріңіз
- •27.Жер пайдалану құқығының субъектілерін жіктеңіз
- •28.Жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негіздеріне тоқталыңыз
- •29.Жер учаскесін сот шешімі бойынша сатып алу негіздеріне тоқталыңыз
- •30.Мемлекеттік қажеттіктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою негіздеріне тоқталыңыз
- •31.Бөлінетін және бөлінбейтін жер учаскелерінің айырмашылыган ашыңыз
- •32.Жер қатынастары саласындағы жергілікті өкілді органдарының құзыреттерін ашып беріңіз
- •33.Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақтасып жер пайдалану құқығын талдаңыз
- •34.Ортақ меншіктегі немесе ортақ жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдалану тәртібіне тоқталыңыз
- •35.Жер үлесіне ерлі-зайыптардың ортақ меншігінің мәнін ашыңыз
- •36.Жер учаскесіне құқық ауысқан кезде серуітуттың сақталу негіздеріне тоқталыңыз
- •38.Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне тоқталыңыз
- •39. Жер учаскесi мен жер пайдалану құқығын кепiлге салу негіздеріне тоқталыңыз
- •40.Жер құқық қатынастарынан туындайтын дауларды қарау тәртібіне тоқталыңыз
- •41.Жер заңдары нормаларының бұзылғаны үшін қарастырылатын жауапталақтың негіздерін ашыңыз
- •42.Шаруа (Фермер) қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелерінің мәнін ашыңыз
- •43.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құқықтық режіміне тоқталыңыз
- •44.Орман қоры жерлерін мемлекеттік қорғау саясатының құқықтық негіздеріне тоқтылыңыз
- •45.Тарихы-мәдені мақсаттағы жерлердің қорғауға алыну ерекшеліктеріне тоқталыңыз
- •46. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің мемлекеттік-құқықтық қорғалу негіздеріне тоқталыңыз
- •47.Босалқы жерлерді құқықтық қорғау негіздеріне тоқталыңыз
- •48.Өнеркәсіп жерлерін құқықтық пайдалану негіздеріне тоқталыңыз
- •18.Жер құқығының қалыптасу кезеңдерін жіктеңіз
- •37.Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға тоқталыңыз
10.Жерді құқықтық қорғаутың түсінігін айтыңыз
Жер мен оның байлығын барлық адамзат баласы тіршіліктің қайнар көзі ретінде қажетсінеді және халықтың өсу жағдайына байланысты жерге деген сұраныс та ұлғая бермек. Осындай өмірлік қажеттілікті қанағаттандыру үшін берілген жер пайдалану құқықтарын жүзеге асыру - нысаналы мақсатта жүргізіліп жатыр деп айта алмаймыз. Бұл жерде, жердің құнарлығын сақтау мен экологиялық залал-зардаптың алдын-алу проблемаларына ерекше мүдделілік таныту тиісті заң актілерінде ғана айтылған нормативті нұсқау турасында қаралып қоймауы қажет. Осы орайда жер иелену мен пайдаланудың ғана емес, ол сонымен қатар құқықтық қорғаудың да тікелей обьектісі деген қағидалы тұжырымды басты назарға алу қажеттілігі туындайды. Жерді құқықтық қорғаудың негізгі мәні оның қолайлы жағдайын сақтау, құнарлылығын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі іс-шаралар болып табылмақ. Жердің қолайлы жағдайын сақтау - жерді пайдалану барысындағы жердің сапасы нашарламау қажеттілігін ұғындырады. Жерді қалпына келтіру - оның құнарлығын кезек күттірмес рекультивациялау іс-шаралары деп түсінеміз. Ал жердің жағдайын жақсарту - ең алдымен мелиорациялық суландыру жүйесін негізге ала отырып, жердің өнімділігін арттыруды көздеу тәсілдер жинағынан тұрады. Қазақстанның жер қорының көп бөлігі аридті және субаридті екені белгілі, яғни 44%-ы шөл, 23%-ы шөлейт жер үлесіне тең келеді. Қазір Қазақстанның барлық территориясында дерлік шөлге айналу процесі байқалып отыр. Еліміздің егістік жерінің 20-30%-ы табиғи жолмен пайдалану шеңберінен шыққан.
11.Жер құқығы әдістерінің түсінігін айтыңыз
Жер құқығының реттеу әдістері - жер қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормаларды жүзеге асыру қызметін атқарады. Қазірге дейін жер құқық қатынастарында жердің тек мемлекеттік меншікті болып келуі императивтік (өтем) әдістің қолдану аясын басым бағытта қарастырғаны белгілі. Бұл дегеніңіз мемлекеттің мүддесін көздейтін міндеттеу, шек қою, тиым салу және жер құқықтық жауапкершілікті негізге алатын тәсілдер жиынтығын басты назарға алуды көрсетеді. Жер құқықтық қатынастардың нарықтық экономикалы жағдайы бүгінгі күнде жерге жеке меншік институтын да қалыптастырды. Соған орай жер қатынастарын дизпозитивтік әдіспен реттеу мүмкіншілігі де бүгінгі таңда өз жемісін беруде. Мұның мәні жер реформасының жүргізілу бағыты халықтың жерге деген қызығушылығы мен конституциялық мүмкіндікті құқықтарын тең қорғауға кепілдік беруді көздейді. Сонымен қатар диспозитивтік (келісім) әдісінің жүзеге асырылу аясы тек жерге деген пайдалану, иелену және билік етуді қамтамасыз етудегі шарттарда ғана маңызы айқындалып қалмайды, ол жер құқықтық процессуалдық нормаларда да жер дауларын шешуде нақты пайдаға асады. Яғни, бұрындары кеңестік режимді кезеңде жер дамуының көпшілігі әкімшілік-әміршілдік әдіспен реттеліп отырса, бүгінгі күнде қандай да бір болмасын жер дауы соттың қарауына жатады.
12.Сервитут түсінігін айтыңыз
Сервитут міндеткерлік (латынша servіtus — міндет, міндеттеме, міндеткерлік), — 1) бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы (мысалы біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы) немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мысалы көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу; әкімшілік сервитут жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады); 2) халықар. құқықта — бір мемлекеттің аумақтық егемендігін басқа мемлекеттің пайдасына шектеу (мыс., әскери күштерді өз аумағы арқылы өткізуге қатысты жолдарды пайдалану). Бөтен жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығы (сервитут): 1) тiкелей нормативтiк құқықтық актiден; 2) мүдделi тұлғаның меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен шартының негiзiнде; 3) жергiлiктi атқарушы органның актiсi негiзiнде; 4) сот шешiмi негiзiнде; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда туындауы мүмкiн. Егер нормативтiк құқықтық актiде мүдделi тұлғаның меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен шарты негiзiнде сервитут белгiлеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншiк иесi немесе жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделi тұлға меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз беруi арқылы сот тәртiбiмен дауласа алады.
