Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
jer_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227.28 Кб
Скачать

41.Жер заңдары нормаларының бұзылғаны үшін қарастырылатын жауапталақтың негіздерін ашыңыз

Жер зандарын бүзғаны үшін әкімшілік қүкықтық жауапкер- шілік. Жер қүқык бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершіліктің кең тараған түрі және накты жетілдірілген түрі әкімшілік жауап- кершілік. Жер кұқык катынастары аясында әкімшілік жауапкершілік келесідей артыкшылықтарға ие: Қолдану процедурасының (рәсімдерінін) салыстырмалы түрде оңай болуы; Әкімшілік теріс кылыкка жедел эсер етуі; Кажетгі денгейдегі шығын орнын толтыру функциясының көріністабуы; Құқыкка қарсы әрекет зардаптардың туындауын күтпей-ак кұкык бұзушылыкты алдын алу мумкіндігі; Теріс кылыкпен накты жаза арасындағы уакыттыңсалыс- тырмалы кыска болуы; Қылмыстық кұкықтық жауапкершілік. Кылмыстык жауап- кершілік мемлекеттің заң шығарушы органы аркылы қылмыс- тык жазалау катерімен тыйым салынған коғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам кылмыстык жауаптылыкка істеген іс-әрекеттерінде кылмыстык занда керсетілген нактылы бір кылмыстын кұрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстык жауапкершілік бұл кылмыстык кұкылык норманы бұзудын нәтижесі, коғамға кауіпті іс-әре- кеттің көрінісі болып табылады. Кылмыс істелмесе, кылмыстык жауаптылык та болмайды. Кылмыстык жауаптылык - озінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәселесі бар жауаптылыктын түрі болып табылады. Кылмыстык жауаптылыктын әлеуметтік мазмұны- нын өзі сол субъектіге кылмыстык жауаптылык жүктей отырып, мемлекет оның істеген кылмысын мінеп, оған зандылык баға береді. Жер кұкық бұзушылыкты кылмыстык құқыктық жауап­кершілік қоғамға кауіпті қылмыс белгілерін қамтитын іс-әрекет орын алғанда көрініс табады.

42.Шаруа (Фермер) қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелерінің мәнін ашыңыз

Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiк құқығымен немесе уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу үшiн (маусымдық жайылым) уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен Жер Кодексіне және Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңдарына сәйкес берiледi. Жер учаскесiн шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн алуға басым құқықты жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын азаматтар пайдаланады. Қызметiн кемiнде бес жыл жүзеге асыратын және өз қызметiн тоқтататын шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiн сатып алуға басым құқық осы шаруа немесе фермер қожалығының мүлкiн сатып алған және арнайы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi. Жер учаскелерiне қатысты өздерiне тиесiлi құқықтарын, оның iшiнде шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын не тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде үлесiн немесе пайын, жер учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға (бөлiсуге) не өз қалауы бойынша үлесiнiң немесе пайының құнын төлетiп алуға құқылы. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алған және ауылда (селода) тұрғын үйi бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесi меншiк құқығында сақталады, ол шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiнiң құрамына кiрмейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]