- •1.Басқарудағы адами қатынастар мектебінің тұжырымдарын ашыңыз және өкілдерін атаңыз.
- •2. Ұйымның негізгі сыртқы орта факторларын сипаттаңыз. Тікелей және жанама әсер ету орталарының айырмашылығын табыңыз
- •3. Ұйымның ішкі ортасын сипаттаңыз. Ұйымның ішкі айнымалыларының өзара байланысын қарастырыңыз.
- •Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
- •4. Коммуникация анықтамасын беріңіз және коммуникацияның түрлерін сипаттаңыз
- •5. Коммуникация процессінің элементтерін анықтап, әр кезеңін түсіндіріңіз
- •6. Жекетұлғалық коммуникациядағы кедергіліерді және жекетұлғалық коммуникацияны жетілдіру әдістерін сипаттаңыз
- •7. Бағдарланған және бағдарланбаған шешімдердің, пайымдалған және ұтымды ерекшелігін түсіндіріңіз.
- •8. Стратегия мен стратегиялық жоспарлау мәнін ашыңыз. Swot – талдау түсінігін көрсетіңіз
- •9. Теорияның мазмұндық теориясын ашыңыз. Оның басқару теориясына қосқан үлесі мен кемшілігі
- •10. Бақылау мәнін ашыңыз және оның түрлерін қолдану уақытына қарай көрсетіңіз
- •11. Ұтымды шешім қабылдау анықтамасын беріп, мазмұнын ашыңыз
- •12. Өкілеттілік пен жауапкершілікті жүктеу мәнін ашыңыз. Билік пен өкілеттілік айырмсашылығын түсіндіріңіз
- •13. «Билік», «ықпал», «көсбасшы» түсініктеріне анықтама беріңіз. Биік пен ықпал нысандарын сипаттаңыз.
- •14. Көсбасшылықтағы мінезқұлық әдісін түсіндіріңіз
- •15. Келіспеушілік үдерісінің моделін көрсетіңіз. Келіспеушілікті шешудің құрылымдық және тұлғааралық әдістерін қарастырыңыз
11. Ұтымды шешім қабылдау анықтамасын беріп, мазмұнын ашыңыз
Басқару шешімі дегеніміз не және ол қандай түрлерге жіктеледі? Басқару шешімі – іс барысында туындаған сұрақтарға жауап беру, яғни ұсынылған мәліметтердің ең қолайлы нұсқасын (балама) таңдау.
Басқарудың барлық функциялары бойынша шешім қабылдауға тура келеді. Мысалы: мақсат қандай? Сыртқы ортаның әсері қандай? Қандай стратегия мен тактика таңдауға болады? Жұмыс нәтижесі қалай? Қанша уақытта бағалау керек?
Басқару шешімі 3 кезеңнен тұрады:
- шешімді дайындау,
- қолайлы шешімді таңдап, қабылдау,
- қабылданған шешімді жүзеге асыру.
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе болып саналады. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Әрбір басшы жоқ деректерді алдын-ала болжап, дұрыс қорытынды жасай білуі тиіс. Басшының кез-келген әрекеті іс жүзінде шешім қабылдаудан басталады.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б., екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы варианттарын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн.
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі - мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды.
Кез-келген қабылданған шешім әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс.
Кез-келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.
Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы (коллегиалды) және ұжымдық (коллективтік) болып бөлінеді.
Жекелей шешім – бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген адамдардың келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім, немесе өндірісті дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда мұның өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.
Жекелей шешімнің түрлері:
Интуитивтік шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім – бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.
Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарын таңдайды.
Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.
Ғылыми техниканың жетістіктері – негізделген шешім – есептеу, лабораториялық тәжірибе, сынақтар жасау, яғни осыған негізделген шешім.
Тәуекел шешім – қауіп-қатертөнген жағдайда пайда табу мүмкіндігі туған жағдайда қабылданады. Тәуекелсіз зор табысқа жету мүмкін емес. Батыл шешім қабылдай алмайтын менеджер – ізденіске бейімсіз, ұйым үшін қауіпті, шаруашылық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз, ұйымды тоқыратушы болып табылады.
Алқалы шешім – бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен (алқа, кеңес т.б.) бірлесіп, ақылдасып отырыпжасалатын шешім. Мұндай шешімге әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады.
Шешімдерді шығару технологиясы, түрлерін атаңыз және сипаттамасын беріңіз?
Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау
Проблемалар мәселесін қою
Жинақталған мәліметтерді талдау
Орындау барысын бақылау жене нәтижені бағалау
Шешім мәселелерінің негізделуін бағалау
Шешімнің орындалуын ұйымдастыру
Мәлеле бойынша шешімді таңаду және қабылдау
Шешімді
жасаудың және қабылдаудың принципі осы
схемасы, шешімді қабылдаудың “технологиялық”
процесінің енгізілу-енгізілмеуіне
қарамастан оның барлық кезеңдері мен
линиясы шешім түріне байланысты.
Қарапайым міндеттерді шешкен кезде
аталған кезеңдердің барлығын пайдалану
міндетті емес, және де керісінше, біршама
күрделі міндетерді әсіресе перспективалық
мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға,
әдетте барлық кезеңдер енгізіледі.
Келтірілген
кезеңдердің көрсеткеніндей басқару
шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң
логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын
шешімге қарай айқын бірізділікті қажет
етеді. Алайда кез келген жағдайда, бұл
жұмыстың барлық сатысы әзірлік,
негізгі және қорытынды кезеңдерге
бөлінеді.
Шешімді
қабылдаудың әзірлік кезеңінде
кез келген деңгейдегі басшы өндірістік,
экономикалык, әлеуметтік жағдайларды
бағалаудан бастауы тиіс. “Жағдай”
ұғымына шешім қабылдауға тура келетін,
әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны
жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және
сыртқы жағдайталдың барлық жиынтығы
енеді.
Басшы
қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі
тиіс. Жағдайды бағалау процесінде
қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады
– бұл міндетті шешу процесінің бірінші
кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын
объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал
ету болып саналады, соның нәтижесінде
қалыптасқан жағжай тиімді шешілетін
болады.
Проблема
мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда
міндеттің шешілуін 50 пайызға қамтамасыз
етіледі деп есептеуге болады. Басшының
міндеті – өндірістік-техникалық,
экономикалық сондай-ақ әлеуметтік
сипатта басқару жүйесінде пайда болуы
мүмкін проблемаларды дер кезінде
айқындау.
Басшы
кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық,
басшылық тұрғысында қарастырады.
Басшының басқару объектісі проблемаларын
шешудегі ерекше көзқарасының өзі, міне,
осында. Проблеманы тұжырымдау көп
жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне,
іскерлігінеі осы жұмысқа мамандарды,
шаруашылық белсенділерін жұмылдыра
біруіне байланысты.
Нақты
мәселені, міндеттің не себепті
қойылғандығын қарастырған кезде басшы
жағдайды – оның пайды болу себептерін,
орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру
мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.
Шешімді
ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл,
әрі айқын болуының айрықша маңызы бар.
Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға
түспейді, өйткені өндірісте кү сайын
көптеген міндеттер туындап жатады.
Сондықтан басты буын принципі бойынша
міндетті негізгі мақсатқа бағындару
қажет. Мұндайда орындауға тиісті
мақсаттің да, қорғалатын мақсаттың да
болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар
қарама-қайшы болуы да мүмкін. Мұндай
жағдайда да басты буын принципін ескерген
жөн.
Мақсатты
дәл анықтаудың психологиятық мәні де
бар, өйткені мұндай жағдайда шешімді
орындаушылар батыл әрекет ете алады.
Шешім
варианттарын ойластыру дегеніміз
не?
Біріншіден, бұл
шешімнің барлық құрамдас бөлігін,
әсіресе, мақсаты мен міндетін мүмкіндігінше
толық тұжырымдайды.
Екіншіден, қойылған
мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы
мен амалы, сондақтан қолда бар еңбек,
материалдық, қаржы және басқадай
ресурстар, ғылыми идеялар, жаңалықтар,
өнер табыстары зерттеледі, әсіресе,
уақыт факторы ескеріледі.
Үшіншіден, басқарушы
және басқарылатын жүйелердің, әсіресе,
осы шешімді жүзеге асыратын кезде
басқару мен байланыс арасындағы
әрекеттестік пен үйлесімді
ойластырады.
Төртіншіден, әр
вариант бойынша іс-әрекет нәтижесінің
мүмкендігі бағаланады.
Қабылданатын
шешімнің нәтижелік межелеуішін таңдау
– күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз,
қабылданатын шешімнің әр түрлі
варианттарының тиімділігін салыстыруға
мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе
бірнеше көрсеткіш.
Проблеманы
жедел шешудің кең тараған тәсілдерінің
бірі идеяны ұжымдық генерациялау – “ми
шабуылы” тәсілі.
Мұның мәнісі эксперттер негізінде және
проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескерте
отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны
шешу амалдарын қарастыру.
Қызмет көрсету тәсілі: секцияға қатысушылар проблемаларды шешудін ұсынылған варианттарын талқылайды, “жақтаушылар” мен “қарсылық” білдірушілердің пікірін таразылап ең қолайлысын таңдауға тырысады. Артықшылығы: әр алуан ой-пікірлер проблемаларды неғұрлым терең түсінуге ықпал етеді. Кемшілігі: секцияға қатысушылардың барлығы білдей проблеманы жете түсінбеуі және толық таныспауы, сол себептен олар оны шешуге өз үлестерін қоса алмауы мүмкін. Пікір жинау тәсілі. Проблемалар жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады. Артықшылығы: эксперттер қолайлы жағдайды міндетті шешумен шұғылдана алады. Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзқарасы субъективті. “Дельфа тәсілі” (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфийлік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауын, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.
