Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.73 Кб
Скачать

Менеджмент-1 кредит

1.Басқарудағы адами қатынастар мектебінің тұжырымдарын ашыңыз және өкілдерін атаңыз.

2. Ұйымның негізгі сыртқы орта факторларын сипаттаңыз. Тікелей және жанама әсер ету орталарының айырмашылығын табыңыз

3. Ұйымның ішкі ортасын сипаттаңыз. Ұйымның ішкі айнымалыларының өзара байланысын қарастырыңыз.

4. Коммуникация анықтамасын беріңіз және коммуникацияның түрлерін сипаттаңыз

5. Коммуникация процессінің элементтерін анықтап, әр кезеңін түсіндіріңіз

6. Жекетұлғалық коммуникациядағы кедергіліерді және жекетұлғалық коммуникацияны жетілдіру әдістерін сипаттаңыз

7. Бағдарланған және бағдарланбаған шешімдердің, пайымдалған және ұтымды ерекшелігін түсіндіріңіз.

8. Стратегия мен стратегиялық жоспарлау мәнін ашыңыз. SWOT – талдау түсінігін көрсетіңіз

9. Теорияның мазмұндық теориясын ашыңыз. Оның басқару теориясына қосқан үлесі мен кемшілігі

10. Бақылау мәнін ашыңыз және оның түрлерін қолдану уақытына қарай көрсетіңіз

11. Ұтымды шешім қабылдау анықтамасын беріп, мазмұнын ашыңыз

12. Өкілеттілік пен жауапкершілікті жүктеу мәнін ашыңыз. Билік пен өкілеттілік айырмсашылығын түсіндіріңіз

13. «Билік», «ықпал», «көсбасшы» түсініктеріне анықтама беріңіз. Биік пен ықпал нысандарын сипаттаңыз.

14. Көсбасшылықтағы мінезқұлық әдісін түсіндіріңіз

15. Келіспеушілік үдерісінің моделін көрсетіңіз. Келіспеушілікті шешудің құрылымдық және тұлғааралық әдістерін қарастырыңыз

1.Басқарудағы адами қатынастар мектебінің тұжырымдарын ашыңыз және өкілдерін атаңыз.

Басқарудың  адамгершілік  қатынас  мектебінің  белгілі  өкілдері  Мери  Паркер  және  Элтон  Мэйо.  Олар  өндірісті  ғылыми  жолменбасқару  мектебінің  өкілдері  ұсынған  жақсы  еңбек  ақы,  әрбір  жұмыс  операциясын  нормалау,  әрдайым  еңбек  өнімділігін  арттыра  бермейтінің  сезді.  Жұмыскерлерге  бастықтың  қалауы  мен  материалдық  ынталандыру  жүйесіне  қарағанда  топтағы  өз  әріптестерінің  қысымы  күштіәсер  ете  алатындығы  анықталды.  Абрахольм – Маслоу  және   басқа  психологтар  жүргізген  зерттеу  нәтижесі  бұл  құбылыстың  болу  себебін  түсінуге  көмектеседі.  Адамдардың  бұндай  әрекеттерінің   болу  себебің  Маслоу  экономикалық  ынталандыру  кетіктерінен  деген  жоқ,  оның  әртүрлі  адам   қажеттілігінен  болатының  тапты.

  1. Физилогиялыық  қажеттілік.  Бұл  тірі  қалудың  қам – қарекеті.  Адам  әрқашанда  алдымен  базистік  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін  жұмыс  істейді.

  2. Қажеттіліктің  қауіпсіздігі.  Мұнда  базистік  қажеттіліктің  бұдан  былайда  қанағаттандырылатынына  сенімді  болатыны  алынады.

  3. Қажеттіліктің  әлеуметтік  топқа  жататыны     мұны  былайша  түсінуге  болады – басқа  адамдармен  бірігу  қажеттілігі  болатының  мойындау.

  4. Өзін-өзі  қадірлей  білуіне  адамның  өз  намысың  қорғай  алуы  жатады.

  5. Өзіне-өзі  сенімділік  - өз  ойлағаның  жүзеге  асыра  алуы.

Психологиялық  зерттеу  жұмыстарын  жүргізушілер  мынандай  қорытындыға  келді:  егер  басшы  адамдар  өз  жұмыскерлерінің  жағдайын  ойлайтын  болса,  онда  қызметкерлердің  қанағаттандырылу  деңгейі  артады,  мұның  өзі  сөзсіз  еңбек  өнімділігің  өсіреді.  Олар  басқару  жүйесінде  адамгершілік  ниетті  қолдануды  ұсынады.  Бастықтардың  жұмыскерлермен  ықыласы  әңгіме  жүргізуі,  оларға  жұмыста  да,  кең  аумақта  қатынас  жасауына  мүмкіндік  беруі  нәтижелікке  жеткізетінің  дәлелдеді.

Басқарудың  төртінші  мектебі – ьасқару  ғылымы  немесе  сандық  тәсіл  деп  аталатың  жоғарыда  айтқанбыз  (1950  жылдан  осы  кезге  дейінгі  мерзімді  қамтиды).

Бұл  мектептің  мәні  екі  жағдаймен  анықталыды:

1)    Үлгілерді  пайдалану  арқылы  басқарудың  күрделі  проблемасың  түсінуді  терендету;

2)    Бастықтар  күрделі  ситуация  жағдайында  шешім  қабылдағанда  көмек  болатың  сандық  тәсілді  дамыту.

Менеджмент мектептерінің түрлерін және даму кезеңдерін сипаттаңыз?

Ғылыми менеджмент мектептері (1885-1921) Ф.У.Тейлор, Л.Гилберт, Г.Гантта есімдерімен тығыз байланысты.Тейлордың теориясында қайшылықтар туындағанмен, оның ілімі қазіргі заманғы менеджмент концепциясының теориялық – тарихи қайнар көзі болды.

Ғылыми менеджменттің негізігі мақсаты- «кіріс -шығыс» формуласы бойынша кәсіп орын тиімділігін арттыру. Мұның мәні біртұтас басқару жүйесінде әр менеджер жауапкершілікпен ресурстарды орналастыру және шығындау, сонымен қатар өндіріс жүйесін тиімді пайдалануда. Тейлор сонымен қатар, менеджерлердің негзігі қызметтері әр қызметкерлерге міндеттеме арттыру, берілген жұмысты орындай алатын қызметкерлерді таңдау, қызметкерлердің өз міндеттемелерін жоғарғы деңгейде арттыруға итермелеуде жауапты екендігін атап айтты. Егер бұл функцияларды  менеджер орындаса, кәсіп орын еңбегінің тиімділігін арттыру міндеттері орындалды деп саналады. Басқарудың ғылыми ізденістері еңбек операцияларын жетілдіруде талдау және бақылау қол еңбегінің тиімділігіне негізделген.  Негізі тиімділік басқару функцияларын бөлу принциптерінде, демек, жұмысшылар еңбегінен басқару бойынша еңбек бөлінісі. Бұл басқару әрекеті жеке еңбек сфера болып, ал жұмысшылар осыған жинақталып жетістіктрге жету. Тейлор ұзақ жылдар бойы қызметтерін тиімді орындап, күш жұмсау арқылы жекеленген жағдайлардағы жұмысшылардың жұмыс көлемін   анықтады.

ХХ ғасырдың соңында басқарудың жаңа тәсілі қаланды. Осы теорияның негізін қалаушы француз кәсіпкері А.Файол және оны жақтаушылар Д.Муни, А.Рейли Дл.Гулик, Р.Урвиг, Р.Дейвис, Г.Кунтц, С.Доннел есімдерімен тығыз байланысты. Олар классикалық мектептің негізін қалады. Д.Муни , А.Рейли басқарудың әмбебеп принциптерін ойластырды. А. Файол практикалық тәжірибені жинақтау негізінде басқару- бұл кәсіп орын мүмкіншіліктерін барынша пайдаланып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу деген қорытындыға келді. Ол сондай- ақ мемлекетті басқару ісін ғылыми жолмен ұйымдастырудың принциптерін қолану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті. Ол басару мәселелерін екі бағытқа жіктеді:

1. Еңбек процестерін технологиямен тығыз байланыстыра отырып басқару.

2. Өндірістік жүйені басқару.

Өндірісті басқаруда туындайтын мәселелердің туындауына нарықтық жағдайдағы тұрақсыздық әсері. Өндірісті басқаруға жоспар құрғанда өткен жыл тәсілдеріне сүйенбей жаңашыл өзгерістерге көңіл аудару қажеттілігін анықтады. Бұл жұмысшылардың тәжірибесіздігінен туындамайтынын, үнемі жаңашылдыққа бағытталған нарықтан туатынын айтты. Классикалық үлгідегі басқаруда адамгершілік факторлары : әділетті төлем ақы, экономикалық жабдықтау, жұмысшылар арасындағы формальды функционалдық қарым- қатынасты құру сияқты тармақтар ақсап қалды.. Өндірістегі «адамгершілік қатынастар» бақылана отырып, өндіріс тиімділігін арттыру ұжымның ұйымшылдығынан туындайтынын дәлелдеді. Сөйтіп, 1930 жылдардан бастап тәжірибеде қолданылуда. Бұл бағыт американдық әлеуметтанушы ғалым М.П.Фоллет және Э.Мэйо есімдерімен тығыз байланысты. Тәжірибеде еңбекті нақты ұйымдастырып басқару және материалдық жабдықтауан бұрын ұжымдағы адамдардың жақсы қарым-қатынастары өндіріс тиімділігін арттырды. Өйткені, жоғары тиімді еңбекке адамдардың тек экономикалық қызығушылықтары есем, өз еңбегіне деген қанағаттанарлығы.

50 жылдардан бастап   қарым- қатынас және мінез- құлық мектептері қарқынды дами бастады. Бұл бағыт психология мен әлеуметтану ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысады. Бұл мектептің негізін қалаушылар:  ұйымдастыруда мінез- құлық себептер пирамидасын ұсынған А.Маслоу, Р.Лайкерта, Д.Макгрегора, Ф.Грецберг, К.Арджирис. К.Аджирис  көрсетуі бойынша, менеджер  ұжымды қатал қадағалап, бақылауда ұстау  жұмыс тиімділін арттырады және қызметкерлердің жиі ауысуына шек қояды. Керісінше, Р.Лайкерттің пікірінше, менеджердің ұжымға дегегн сенімділікпен қарауы, ұжымдық конфликті болдырмай, жұмысшылардың жоғарғы тиімді еңбек өнімділігін арттыруда жағымды психологиялық атмосфераны қалыптастырады, деді. Математика және есептеуіш техниканың қарқында дамуы жаңа басқару үлгідегі мектептің қалыптасуына әкеп соқты. Осының негізінде басқару ғылымдары немесе сандық ықпал мектептері өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар К.Черчмен, Р.Акоф, Л.Берталанфи, Д.Марч, Г.Саймон, Р.Форестор . Бұл мектеп жақтастарының пікірлерінше, бұл тәсілді қолдану тиімділігне 4 жағдайды ескеру:

  1. басқару мәселелерінің қиындығы соншалықты, менеджерлерге үлкен ауқымды өндісіті басқаруда көмек қажаттілігін ескеру.

  2. шешім қабылдауда экономикалық көрсеткіштерді қолдана отырып, өндіріс факторларын  саналық талдау басқару ғылымдарының жеңіл түріне төселі.

  3. Жағдайды жақсарту жолдарын және шынайы өндіріс жағдайын жетілдіру басқаруда математикалық модельдерді қолданумен сәйкестендіру.

  4. Ауқымды ақпараттарды талдау және қайта өңдеуде математикалық аппараттарды басқару қиындықтарын тудырмас үшін компьютер қолданған жөн.