6 - «БАНК ІСІ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
№1 дәріс. Банк қызметін ұйымдастыру негізі. ҚР коммерциялық банктері және олардың қызметінің негізгі шарттары
Мақсаты: банк қызметін ұйымдастыру қызметінің ерекшелігімен танысу
Есебі:
берілген тақырып терминін және оның түсінігін ашу;
коммерциялық банктің қалыптасуы және құрылуы жөнінде түсініктеме алу;
ҚР банк жөніндегі құрылымын алу;
Сұрақтар:
ҚР банк жүйесі
Банктің құрылу негізі
Банк қызметінің ерекшелігі
Банк консервациясы
Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесін бекітеді.
Мемлекеттiң несиелiк жүйесiн қаржыландыру механизмiнде басты роль коммерциялық банкке жатады. Олар ссудалық капиталдың әр түрлi секторында жүзеге асырылатын көп функционалдық ұйымдастыру табылады. Банктер несиелiк ресурстардың негiзгi үлесiн шоғырландырады және депозиттердi қабылдауды несиелеудi бекiтуде, есептiк қызмет көрсету, сатып алу – сату және шетел валютасының бағалы қағаздарын сақтау т.б қоса отырып өз клиенттерiне толық қаржылық қызмет көрсетуге мүмкiншiлiк бередi.
Қазiргi коммерциялық банктер сала аралық, аймақтық ақшалай капиталды қамтамасыз ете отырып, қаржылық делдалдық ролдi атқарады.
Қазiргi коммерциялық банктер – бұл ұйым, пайда алу мақсатында ақшалай қаражатты жұмылдыру бойынша операциялар жиынтығы, қайтарымдылық, шұғыл және төлемжағдайында өз атынан оларды орналастыруды жүзеге асырады.
Өз қызметiнде коммерциялық банк белгiлi бiр принциптермен басқарылады. Банк қызметiнiң бiрiншi негiзiн қалаушы принципi пайда максимизациясымен қорытындылады. Банк қызметiнiң екнiшi принципi – оның өз қызметiнiң нәтижесiнде экономикалық жауапкершiлiгi болып табылады. Банктiң қызметiнiң үшiншi принципi – ресурстарды арзан бағамен сатып алып, жоғары бағамен сату. Банк қызметiнiң төртiншi принципi – қолда бар қаражаттар шегiнде салымдарды жүзеге асыру. Банк қызметiнiң бесiншi принципi – қауiп – қатер минимизациясы және iске асырылмаған қаражаттар минимизациясы.
Банк құрылымын ұйымдастыру банктi басқару құрылымымен және оның функционалдық бөлiну құрылымы, қызметi бойынша екi негiзгi әдiстерiмен анықталады. Басқару органының басты тағайындалуы – банктiң коммерциялық қызметiн басқаруда оның негiзгi функциясын өндiруде оперативтiк және рационалдық, сонымен қатар тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Төменде көрсетiлген кестеде акционерлiк коммерциялық банк құрылысын ұйымдастыру келтiрiледi.
Несиелiк комитет
Акционерлер
жиналысы
Ревизиялық
комиссия
Бақылау
кеңесi
Басқарма
Басқарма
председателi
Департамент
Басқару
Қызмет
Бөлiмдер
Қазiргi уақытта коммерциялық банктер негiзiнен акционерлiк қоғам сияқты құрылған, онда банк басқаруында акционерлер қатысады. Банк басқаруында жоғарғы орган банк акционерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Банк жұмысының жалпы басқармасы үшiн акционерлер жиналысын бақылау және қадағалау негiзiнде басқарма және банк кеңесiн таңдайды. Кеңес құрылымы iшiнен ревизиялық комиссия мүшесiн банктiң басқарма председателiн таңдайды.
Басқарма (банк кеңесi) – банк иемденушiлердiң уәкiлеттi органы олардың акционерлерiн және мүддесiн қорғайды. Кеңес (басқарма) тәжiрибелiк операцияларды жүзеге асыру және жетекшiлiк ету үшiн банктiң басқарушылық құрылымын қалыптастырады.
Өз қызметiн жүзеге асырудағы коммерциялық банк процесi нарықтық экономиканың қызметi үшiн маңызды жағдайды орындайды.
Коммерциялық банктiң келесi негiзгi қызметiн бөлiп көрсетедi:
ақшалай капитал аккумуляциясы және мобилизациясы
несиедегi делдалдық
шаруашылықта төлем және есеп айырысу өткiзу
төлем қаражатын құру
бағалы қағаздарды орналастыру және шығару ұйымы
клиенттерге ақыл – кеңес беруге қызмет көрсету.
Студенттерге келесі бақылау сұрақтарының жауаптарын біліп және конспектілеу қажет:
«Банк» түсінігін білу
ҚР банк жүйесінің құрылымы
Банк формасындағы құқықтық ұйым
Банкті ашуда Ұлттық банк келісімі
Банктің ұйымдастырушылық құжаттары
Банк атауы
Банктің жарғы және жеке капиталы
Құрылтайшылар және акционерлер
Банк қызметі
Банк қызметін ретке келтіру
Пруденциальдық нормативтер
Банктік құпия
Банк консервациясы
Банктің қайта құрылуы және таралуы
Әдебиет: 1(с.17-51), 2(с.9-33), 3(с.7-34), 4(с.39-62,69-83), 5(с.265-362), 6,7, 10, 36(с.158-220)
№2 дәріс. Банк қызметінің заңнамалық негіздері
Сұрақтар:
Коммерциялық банктердің қызметін реттейтін нормативтік құжаттар
«ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы
«ҚР банктер және банк қызметі туралы» Заңы
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктер қызметін келесідей заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады:
- «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы
- «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы
- «Валюталық реттеу туралы» ҚР Заңы
- «Ипотекалық жылжымайтын мүлік туралы» ҚР Заңы
- «Акционерлік қоғам туралы» ҚР Заңы
- «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңы
- «Лицензиялау» туралы ҚР Заңы
- «Мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы
№3 дәріс. Банктік операцияларды қорландыру және қорларды басқару.
Мақсаты: банк ресурстарын қалыптастыру және басқаруды тану
Есебі:
берілген тақырып терминдері және негізгі түсінігін оқу;
экономикалық мазмұны әдістері бойынша депозиттерді топтастыруды білу;
Базель келісімі ж/е банк қызметін пруденциалдық реттеуді ұйымдастырудың қағидалары;
теоретикалық материалдарды пайдалана білу;
Сұрақтар:
Банктің жеке капиталының құрылымы
Жеке капитал қызметі
Банктің жұмылдырылған ресурстары
Қарыз қаражаты
Банктік ресурстарды басқару
Мекеме ретінде банкті анықтау, бос ақшалай қаражатты шоғырландыратын және оны қайтарылым негізінде орналастыратын, оның қызметінде актив және пассив операцияларын бөлуге мүмкіншілік береді.
Пассивтік операциялар. Олардың көмегімен банктер өз ресурстарын қалыптастырады.
Оның мәні әр түрлі салымдарды қабылдаудан, басқалай банкіден несие алудан, сонымен бірге, нәтижесінде банктік ресурстар көбейетін басқалай операциялар өткізуден тұрады.
Тарихи пассивтік операциялар активтік операцияларға қатынасы бойынша рөлін анықтайтын бастапқы рөльді атқарды.
Тәжірибеде пассивтік операцияларға жатады:
салымдарды (депозиттерді) қабылдау;
клиенттер шотын ашу және жүргізу, оның ішінде банктік – корреспонденттік;
жеке бағалы қағаздарды (акция, облигация), қаржылай инструменттерді (вексель, депозиттік және жинақ сертификаттарын) шығару;
банкаралық несиені алу, оның ішінде орталықтандырылған несиелік ресурстарды.
Банктік ресурстардың ерекше формасын банкінің жеке қаражаты (капиталы) білдіреді.
Жеке капитал банкінің дамуының қаржылай базасы болып табылады.
Ол салымшылар мен кредиторларға банктің банкроттылығы мен зиян шеккені жағдайында, компенсациялық төлемдерді жүзеге асыруға, банк есебіне сәйкес операция түрлері мен көлемін қолдауға мүмкіншілік береді.
Банкінің жеке қаражат құрамында жарғы, резервтік және басқалай арнайы қорларды бөледі. Банкінің жеке капиталының негізгі элементі – жарғы қоры.
Ол банкінің ұйымдастыру формасына байланысты қалыптасады.
Егер банк акционерлік қоғам ретінде құрылса, оның жарғы қоры акцияны жүзеге асырудан түсетін акционерлер қаражаты есебінен құрылады. Банк жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылса, онда қатынасушылардың пайлық жарнасы есебінен жарғы қоры қалыптасады.
Ол корреспонденттік қатынастар шегінде беріледі. Банкаралық корреспонденттік қатынастар механизмі бір – біріне тапсырмасы бойынша төлем және есепті операцияларын жүзеге асыру үшін, бір банкінің басқалай банкіге корреспонденттік шотын ашуды қарастырады. Банкаралық несиені жұмылдыру тікелей келіссөздер жолымен банкінің өз бетінше, немесе қаржылай делдалдықтар арқылы жүзеге асырылады.
Егер банктер банкаралық несие туралы келіссе, онда олардың қатынасы арнайы келісім шартымен толтырылады.
Коммерциялық банкінің пассивтік операциясы олармен орталықтандырылған несиелік ресурстарды алу болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Банктік ресурстарға анықтама беріңдер
2. Банктің жеке жұмылдыру және қарыз қаражат арасында қандай айырмашылық бар?
3. Банктің акционерлік капиталы деген не?
4. Бірінші және екінші деңгейдегі құрушы капиталды атаңдар.
5. Жеке капиталдың қандай қызметі сіздерге белгілі
Әдебиет: 1(с.115-182), 2(с.69-93, 213-221), 3(с.35-76), 4(с.156-180), 7,36(162-163)
Сұрақтар:
Депозиттік саясат және депозиттік нарық ерекшеліктері
Талап ету депозиттері
Салымшыларды қорғау жүйесінің ұйымы
Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға депозиттiк операциялар әрекет ету керек;
банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;
банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар аударылуы қажет, депозиттiк операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
депозиттердi тартуға әрекет ететiн банктi қызметтердi дамытуға шаралар қолдану.
Шетелдiк банктiк тәжiрибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейiнгi депозиттер, мерзiмдi және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейiнгi депозиттер- белгiсiз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банктi алдын ала ескертусiз кез-келген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкiн. Әдетте банк талап еткенге дейiнгi салымдар бойынша ең төмен процент төлейдi, ал кейбiр жағдайларда олар бойынша ең төмен процент төлейдi, ал кейбiр жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейдi. Кейбiр мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртiппен тыйым салынған. Талап еткенге дейiнгi депозиттер бiрiншi кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн арналған. Шот иесi оларды әр түрлi формаларда- қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргiзе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзiнiң төлем операцияларын техникалық жүргiзуге сенiм бiлдiредi. Банктерде күнделiктi төлем операцияларын жүргiзу бiраз шығындарды талап етедi, алайды ЭЕМ-дi, компътерлiк техникаларды қолданумен ол бiршама азайды, әйтседе ол банктерiнiң шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттiң шоты бойынша күнделiктi банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлiк өткiзбелер жасалынады. Талап еткенге дейiнгi шоттарды иеленушi клиенттердi жалпы қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшiн толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияланадырады. Банктiң коммерциялық мақсаттары үшiн банкiмен пайдалынатын тұрақты қалдық қалады, слндай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берiлуi мүмкiн. Ол банктiң көптеген клинттерi өздерiнiң ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемi алып және оны бiрнеше күннен немесе аптадан кейiн қайтадан толтырып отырулары нәтижесiнде қалыптасады. Бiрақ көптеген клиенттер өз мiндеттемелерiн төлеу үшiн салымның бүкiл сомасын алмайды. Бұл экономиклық айналымдық сипатына негiзделедi. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейiнгi шоттар есебiнен банктер күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.
Талап еткенге дейiнгi салымдар депозиттiк немесе контокорренттiк шоттарды орналастыруы мүмкiн. Олардың арасында айырмашылықтар бар. Депозиттiк шот жағдайында клинт шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы мүмкiн, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттiк есеп шоттарда терiс немесе оң қалдықтар болуы мүмкiн. Клент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгiлi бiр уақытқа несие алуы мүмкiн. Алайда, тәжiрибеде бұл айырмашылық бiрте-бiрте шегерiледi. Қазiргi кезде клиент келiсiм бойынша депозиттiк шоттардан несие алуы мүмкiн. Бұл шоттар АҚШ- та трансакциялық немесе чектiк шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берiлуi мүмкiн.
Бұл шоттардың жоғары өтiмдiлiгi, төлем құралы ретiнде оларды үздiксiз пайдалану мүмкiндiктерi олардың басты артықшылығы болып табылады, негiзгi кемшiлiк –шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудiң жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелiгi банк мерзiмдi салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгi резервтердi көбiрек сақтауға мiндеттi және ол шоттардың иелерi шотты пайдаланғаны үшiн банкке комиссия төлейдi.
АҚШ- та талап еткенге дейiнгi шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттiк шоттың жаңа түрiн салымшыларға ұсынады, ол бiр жағынан жоғары өтiмдiлiк деңгейiн, шоттарды есеп айырысу үшiн пайдалану мүмкiндiгiн қамтамасыз етсе, ал екiншi жағынан салымшыларға белгiлi бiр табыс алуды қамтамасыз еттi. Бұл шот- наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшiншi тұлғаға төлемдер үшiн пайдалануы мүмкiн есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозиттi шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрiнде табыс алуға болады. Жылдан бастап заң арқылы АҚШ –тың бүкiл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етiлдi.
Депозиттердiң екiншi тобын мерзiмдi салымдар құрайды. Терминнiң өзiнен көрiнiп тұрғандай, мерзiмдi салымдар белгiлi бiр айдан жоғары мерзiмге орналастырылады. Салымшы үшiн ақшаларды ұзақ мерзiмге салудың мәнi жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшiн бұл депозит тиiмдi, өйткенi ол жоғары пайыз табумен қандай да бiр қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшiн осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзiмдi салымдар талап еткенге дейiнгi шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшiн пайдаланылмайды. Мерзiмдi салымдар меншiктi мерзiмдi салымдар және керi алу туралы ескертуi бар мерзiмдi салымдар болып бөлiнедi. Меншiктi мерзiмдi салымдар шот иелерiне алдын ала белгiленген күнi қайтарылады, ал осы күнге дейiн банк оларды өз қалауы бойынша иемденедi. Егер шот иесi белгiленген күнi соманы керi алмаса, онда оны сол күннен кейiн ағымдағы шот секiлдi пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесi күндерде керi ала алады.
Бақылау сұрақтары:
Талап еткенге дейінгі шоттар дегеніміз не?
Мерзімді салымдарға не жатады?
Депозиттік салымдар түрлерін атап өтіңдер?
Әдебиет: 1(с.136-159), 2(с.86-93,213-221), 3(с.49-67), 4(с.156-180)
