Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПОСОБИЕ ПО АСТРОНОМИИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

4.4. Галактикалар шоғырлары. Әлемнің ірімасштабты құрылымдары

Галактикалар да Әлемдегі ең ірі құрылымдар болып табылмайды екен. Жұлдыздар сияқты, галактикалар да бірнеше мүшеден (галактика топтары) жүздеген және мындаған мүшені (галактика шоғырлары) кіргізетін құрылымдарды түзеді. Мысалы, біздің Галактика Андромеда тұмандығымен және 30 жуық кіші галактикалармен бірге галактикалардың Жергілікті тобын құрайды, оның өлшемі ~0,8 Мпк. Ең жақын көршілес галактикалар топтары Жергілікті топтан 2-5 мпк қашықтықта орналасқан. Біздің Галактикадан 10-20 Мпк көп емес қашықтықта ондаған мұндай топ табылған.

Бізге ең жақын галактикалардың ірі шоғырлануы Бикеш шоқжұлдызында, бізден 20 Мпк жуық қашықтықта орналасқан. Оған 7 алып эллипстік және 10 зеңгір шиыршықты галактика кіреді. Оған кіретін жарқырауы жоғары және орташа галактикалардың жалпы саны 200 жуық, олардың шамамаен үштен бір бөлігі – эллипстік жіне линзатәрізді, қалғандары – шиыршықтылар (бұл осы шоғырланудың ерекшелігі, басқа шоғырларда әдетте эллипстік пен линзатәрізді галактикалар басым болады, ал шиыршықты галактикалар өте аз болады). Бикештегі шоғырлану одан да ірі галактикалар жүйесінің орталық қоюлануы болып табылады екен. Ол галактикалардың Жергілікті тобы мен оның көршілерін де кіргізеді және Жергілікті асашоғырлану деп аталады. Одағы галактикалардың жалпы саны 20000 жуық (ергежейлілерді еске алмағанда), диаметрі 60 Мпк жуық. Галактикалардың ондаған ірі шоғырланулардан құрылған басқа да ондаған асашоғырланулар табылды, бірақ олармен қатар жеке де, деңгейі жоғары ұжымдарға кірмейтін галактикалар шоғырланулары болады.

Асашоғырларда галактикалар біртексіз орналасқан екен: олар іштерінде галактикалар өте аз болатын ұяшықтар шекаралары бойымен жиналғандықтай болады (яғни созылыңқы асашоғырлар бір бірімен қиылысып, ұяшықтар қабырғаларын тізетіндей болады). Сөйтіп, қазіргі заманғы түсініктер бойынша, Әлемге ұялы, кеуекті құрылым тән. Ал ұяшықтардан ірі құрылымдар Әлемде жоқ екен, яғни олармен Әлем құрылымдарының иерархиясы үзіледі. Ұяшықтар өлшемінен көп масштабтарда қарастырылатын Әлем құрылымсыз болып табылады. Сонымен, үлкен емес масштабтарда, мысалы Күн жүйе, немесе галактикалар масштабтарында, өте бірқалыпсыз үлестірілген, бірақ асашоғырлар өлшемдерінен көп масштабтарда зат бірқалыпты улестірілген деп айтуға болады. Сөйтіп, Әлемнің ірімасштабты құрылымында ерекше, бір нәрсемен айырылатын орындар мен бағыттар жоқ болады, яғни ірі масштабтарда Әлем біртекті және изотропты болып табылады. Әлем құрылымының моделі ретінде кеуешек кесекті алуға болады: аз көлемінде ол өте біртексіз, ал тұтастай алғанда, ол біртекті жіне изотропты болып табылады.

ҚОСЫМША

1 Юлиан күндері, юлиан дәуірлері

Есептеулерді оңайлату үшін астрономияда тәуліктерді біздің дәуірге дейінгі 4713 жылының 1 қантарының бүкіләлемдік (UТ, 9 дәрісті қараңыз) уақыттың 12 сағатынан бастап үздіксіз түрде санау қолданылады.

Сөйтіп, біздің дәуірге дейінгі 4713 жылының 1 қантарының бүкіләлемдік уақыттың 12 сағатынан бастап өткен орташа күн тәуліктерінің саны қарастырылып отырған күннің JD (Julian Date) юлиан күні деп аталады.

Кестеде 1950- 2050 жж. аралығы үшін әр жылдың басына (1 қантар, ) сәйкес келетін юлиан күндері келірілген.

Жыл

JD

Жыл

JD

Жыл

JD

Жыл

JD

1950

2433282.5

1976

2442778.5

2001

2451910.5

2026

2461041.5

1951

2433647.5

1977

2443144.5

2002

2452275.5

2027

2461406.5

1952

2434012.5

1978

2443509.5

2003

2452640.5

2028

2461771.5

1953

2434378.5

1979

2443874.5

2004

2453005.5

2029

2462137.5

1954

2434743.5

1980

2444239.5

2005

2453371.5

2030

2462502.5

1955

2435108.5

1981

2444605.5

2006

2453736.5

2031

2462867.5

1956

2435473.5

1982

2444970.5

2007

2454101.5

2032

2463232.5

1957

2435839.5

1983

2445335.5

2008

2454466.5

2033

2463598.5

1958

2436204.5

1984

2445700.5

2009

2454832.5

2034

2463963.5

1959

2436569.5

1985

2446066.5

2010

2455197.5

2035

2464328.5

1960

2436934.5

1986

2446431.5

2011

2455562.5

2036

2464693.5

1961

2437300.5

1987

2446796.5

2012

2455927.5

2037

2465059.5

1962

2437665.5

1988

2447161.5

2013

2456293.5

2038

2465424.5

1963

2438030.5

1989

2447527.5

2014

2456658.5

2039

2465789.5

1964

2438395.5

1990

2447892.5

2015

2457023.5

2040

2466154.5

1965

2438761.5

1991

2448257.5

2016

2457388.5

2041

2466520.5

1966

2439126.5

1992

2448622.5

2017

2457754.5

2042

2466885.5

1967

2439491.5

1993

2448988.5

2018

2458119.5

2043

2467250.5

1968

2439856.5

1994

2449353.5

2019

2458484.5

2044

2467615.5

1969

2440222.5

1995

2449718.5

2020

2458849.5

2045

2467981.5

1970

2440587.5

1996

2450083.5

2021

2459215.5

2046

2468346.5

1971

2440952.5

1997

2450449.5

2022

2459580.5

2047

2468711.5

1972

2441317.5

1998

2450814.5

2023

2459945.5

2048

2469076.5

1973

2441683.5

1999

2451179.5

2024

2460310.5

2049

2469442.5

1974

2442048.5

2000

2451544.5

2025

2460676.5

2050

2469807.5

1975

2442413.5

 

 

 

 

 

 

Юлиан күндеріне қоса модификацияланған юлиан күндері де (MJD) анықталады:

Уақыттың кез-келген мезетінің юлиан мерзімі юлиан күнін белгілейтін бүтін сан мен талтүстен қарастырылып отырған мезетке дейін өткен тәуліктің бөлігіне тең бөлшек түрінде беріледі.. Ерекше назар бөлейік: юлиан күндері талтүстен, ал модификацияланған юлиан күндері - түнгі сағат 12 –ден бастап саналады.

Жылдың ұзақтығы қабылданғаннан соң, кез-келген уақыт мезеті (дәуір) жыл нөмері мен бөлшек бөлігімен анықтала алады, мысалы 1999,2435.Жыл санау жүйесінде қазір юлиан жылы қолданылады. Оның ұзақтығы қазір 365,25 атомных атомдық тәулікке тең деп алынады. Атомдық тәуліктердің бүтін санына (36525) тең Юлиан жүз жылдығы (ғасыры) астрометрияда уақыттың негізгі бірліктерінің бірі болып саналады, прецессияны еске алу формулаларында жұлдыздық және бүкіләлемдік уақыттарлы байланыстыратын формулаларды қолданылады. Белгілі D юлиан күні үшін юлиан (J) дәуірі мына өрнекпен анықталады:

Юлиан дәуірі

Бұл формуладағы 365,25 саны – юлиан жылының ұзақтығы, ал 2451545,0 – 2000 жылдың 1 қаңтарының бүкіләлемдік уақыт бойынша 12-ге сәйкес сағаттың юлиан мерзімі екенін тағы да қайталап өтейік. Сөйтіп, J2000.0 дәуірі үшін мынаны жаза аламыз:

қаңтар

(Юлиан күндер жүйесі әуелі UT шкала үшін анықталған еді. Бірақ 1998 жылынан бастап ХАО юлиан мерзімдерін Жерлік (TT) уақытқа қатыстыруға ұсынады, юлиан күнінің ұзақтығы 86400 СИ жүйесінің секундына тең).

(J2000.0 жазбадағы J белгісі юлиан дәуір деген мағынаны білдіреді).