Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПОСОБИЕ ПО АСТРОНОМИИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

3.3. Күннің радиосәулеленуі

Күннің радиосәулеленуі жүйелі түрде 1946-1947 жылдардан бастап ең алғашқы нәтижелі бақылаулардан кейін зерттеле бастады. Алғашқы бақылауды 1942ж. ғалым Саусворт 3 және 10 см. толқын ұзындықтарындағы Күннің жылулық сәулеленуін зерттеу мақсатында жүргізді. 1943ж. Ребер 1.9 м. толқын ұзындығындағы Күн тәжінің радиосәулеленуін бақылады. Бұл екі жағдайда да Күннен келетін ағын шамасы оның көрінетін бетіндегі жылу ағынының шамасынан (Т=6000° К) анағұрлым жоғары болды. Осы кезден бастап Күннің радиоаймақтағы жарықтық температурасының жоғары болуын оның сыртқы ыстық атмосферасының жылулық сәулеленуімен байланыстыра бастады.

Күннің радиосәулеленуінің зерттелуі біздің хромосфера және күн тәжінің физикалық күйлері мен ірімасштабты құрылымы тұрғысындағы түсініктерімізге елеулі өзгерістер енгізді.

1942ж. тағы бір ірі жаңалық ашылды: ағылшынның радиолокациялық станциялар тобы 4-6м. толқын ұзындықтары аймағында Күннен келген қатты шуылды тіркеді. Оның интенсивтілігі уақыт өтуімен өзгеріп отырды, бірақ 2 (екі) күнннен көп уақыт бойында оның шамасы жоғары деңгейде сақталғандығы бақыланды. Хей осы аталған бақылауларды салыстыра отырып, оларды Күндегі жоғары белсенділікпен (әсіресе Күн жарқылымен) байланыстырды. Күн жарқылы мен радиосәулеленуі ашылуының күн белсенділігін зерттеуде маңызы өте зор болды.

3.3.1 Радиожарқылдар, олардың пайда болуы және түрлері

Күн белсенділігінің радиосәулелену ағынының шамасы оның толық бір циклы ішінде екі есеге дейін өзгереді. Бірақ бұл өзгерістердің тұрақты («қалыпты») бөлігін бөліп алып көрсетуге болады. Бұл тұрақтылық күн тәжі мен хромосфераның жылулық сәулеленуімен байланысты.

Сурет. 3.9. 21 см толқындағы Күн картасы (сол жақта) және

Fe XIV 5303 Å сызығындағы тәж изофотосы (оң жақта)

Ал, айнымалы құрылымның түзілуі тәждік конденсациялардың пайда болуымен түсіндіріледі. Бізді қызықтыратын Күннің ең үлкен сезгіштік индикаторы – радиосәулелену жарқылдары.

Радиосәулелену жарқылы Күннің белсенді аймағына байланысты болады, хромосфералық жарқ ету кезінен басталып кең спектрлік жиілікке қарай жиілей түседі. Ұзақтығы секундтан бірнеше сағатқа дейін, толқын ұзындығы 1 см ден 50 м-ге дейінгі кең ауқымдағы жарқылдардың бірнеше түрін ажыратуға болады [2].

Белсенді Күннің радиосәулеленуін тәждік конденсациялармен қатар ұзындықтары секундтан бірнеше сағатқа дейін созылатын қысқа уақыттық жарқылдармен де байланыстыруға болады.

Жарқылдардың төменде бірнеше негізгі түрлері келтірілген және олар ˝уақыт–толқын ұзындығы˝ диаграммасында (3.10 сурет) штрихталған аймақтар түрінде көрсетілген.

Микротолқындық жарқылдар сантиметрлік толқындарда көрінеді (λ≤10–10см). 250 МГц-тен жоғары жиіліктерде микротолқындық жарқылдармен қатар дециметрлік континуум байқалады, ол бұрыштық өлшемі аз көздерден (2¢–5¢) өндіріледі, яғни микротолқындық жарқыл көздерінің өлшеміне жақын деген сөз. Жарықтылық температурасы Tb ~ 106–109 K.