- •1 Тарау
- •1.1. Аспан. Аспан денелерінің көрінетін қозғалыстары
- •1.2. Сфералық геометрияның негізгі ұғымдары. Сфералық үшбұрыштар
- •1.1 Сурет – Сфералық геометрияның негізгі ұғымдары.
- •1.2 Сурет - Сфералық үшбұрыш
- •1.3. Жер пішіні. Географиялық координаттар
- •1.3 Сурет – Географиялық координаттарды анықтау
- •1.5 Сурет – Астрономиялық, геоцентрлік және геодезиялық ендіктерді анықтау
- •1.4. Аспан координаттарының жүйелері
- •1.4.1. Аспан сферасы
- •1.6 Сурет - Аспан сферасы
- •1.4.2. Горизонталды координаттар жүйесі
- •1.7 Сурет - Горизонталды координаттар жүйесі
- •1.4.3. Бірінші экваторлық координаттар жүйесі
- •1.8 Сурет - Экваторлық координаттар жүйелері
- •1.4.4. Екінші экваторлық координаттар жүйесі
- •1.4.5. Эклиптикалық координаттар жүйесі
- •1.4.6. Галактикалық координаттар жүйесі
- •1.10 Сурет - Галактикалық координаттар жүйесі
- •1.5. Шырақтар координаттарының тәуліктік қозғалыс кезіндегі өзгерісі
- •1.15 Сурет – Шырақтардың Жердің солтүстік
- •1.6. Параллакстық үшбұрыш және аспан координаттарын өзара түрлендіру
- •1.16 Сурет – Параллакстық үшбұрыш
- •1.7. Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін анықтау
- •1.8. Каталог дәуірі, стандарт дәуірі, күн мен түннің теңелу дәуірі
- •1.9. Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін жүзеге асыру
- •1.10. Жер қозғалысы
- •1.10.1. Жер осінің прецессиялық және нутациялық қозғалысы
- •1 .18 Сурет – Сфероидтің сыртқы денеге тартылысы (барлық нүктелер мен сызықтар парақ жазықтығында жатыр)
- •1.19 Сурет – Жер осінің прецессиялық қозғалысы
- •1.10.2. Жер осінің прецессиялақ қозғалысының салдарлары
- •1.10.3. Жер полюсінің жер беті бойымен қозғалысы
- •1.21 Сурет - 1995-2000жж. Және 1900-2000 жж. Аралықтарындағы полюстің қозғалысы
- •1.10.4. Жер айналуының бірқалыпсыздығы
- •1 .22 Сурет – 1980-2000 жж. Аралығындағы тәулік ұзақтығының өзгеруі.
- •1.11. Уақытты санау жүйелері
- •1.11.1. Жұлдыздық және күн уақыты
- •1.11.2. Жұлдыздық тәуліктер және жұлдыздық уақыт.
- •1.23 Сурет – Жұлдыздық уақыттың шырақтың тік шарықтауы мен сағаттық бұрышымен байланысы
- •1.11.3. Шын күн тәуліктері мен шын күн уақыты
- •1.19 Сурет - Шын күн тәулігінің бірқалыпсыздығын түсіндіруге
- •1.11.4. Орташа күн тәуліктері және орташа күн уақыты
- •1.20 Сурет – Уақыт теңдеуінің графигі: 1 – уақыт теңдеуі, 2 – центр теңдеуі, 3 – эклиптика көлбеулігінің теңдеуі.
- •1.11.6. Әлемдік уақыт
- •1.21 Сурет - ut1-utc айырмасы; mjd - модификацияланған юлиан күні
- •1.11.7. Жергілікті уақыт және бойлық
- •1.11.8. Белдеулік және декреттік уақыттар
- •1.11.9. Динамикалық уақыт шкалалары
- •1.11.10. Атомдық уақыт шкалалары
- •1.12. Жұлдыздардың аспан сферасындағы орналасуын бұрмалайтын эффектілер
- •1.12.1. Астрономиялық рефракция. Астрономиялық рефракция туралы түсінік
- •1.12.2. Жазық-параллель атмосферадағы оптикалық рефракция
- •1.12.3. Сфералық-симметриялы атмосферадағы оптикалық рефракция
- •1.12.4. Рефракцияның жұлдыздың тік шарықтауы мен еңкеюіне әсері
- •1.12.5. Аберрация мен параллакстық ығысу туралы жалпы түсінік
- •1.12.6. Жұлдыз координаттарының рефракция мен аберрация салдарынан өзгерісінің жалпы формулалары
- •1.12.7. Тәуліктік аберрация
- •1.12.8. Жылдық аберрация
- •1.12.9. Ғасырлық аберрация
- •1.12.10.Планеталық аберрация
- •1.12.11. Тірек көзінің координаттарының Күннің гравитациялық өрісіндегі өзгеруі туралы түсінік
- •1.12.12. Оптикалық бақылауларды редукциялау
- •2 Тарау
- •2.1. Планеталардың көрінетін және нақты қозғалысы
- •2.1.1. Планеталардың көрінетін қозғалысы
- •2.1.2. Птолемейдің әлемдік жүйесі
- •2.1.3. Коперниктің әлемдік жүйесі
- •2.1.4. Планеталардың көрінетін қозғалысы мен конфигурацияларын түсіндіру
- •2.1.5. Планеталар айналуларының синодтық және сидерлік периодтары
- •2.1.6. Кеплер заңдары
- •2.1.7. Кеплердің 1-ші (жалпылама) заңы
- •2.1.8. Кеплердің 2-ші заңы
- •2.1.9. Кеплердің үшінші (түзетілген) заңы
- •2.1.10. Ұйытқыған қозғалыс туралы түсінік
- •2.1.11. Айдың қозғалыс орбитасы және ұйытқуы
- •2.1.12. Айдың көрінетін қозғалысы мен фазалары
- •2.1.13. Ай тұтылуы
- •3 Тарау. Астрофизика элементтері.
- •3.1.1. Астрофизика пәні, негізгі мәселелері
- •3.1.2. Астрофизикада зерттелетін электромагниттік сәулелену аймағы
- •3.1.3. Спектрлік талдау
- •3.1.4. Абсолют жұлдыздық шама
- •3.1.5. Астрофизиканың әдістері мен аспаптары
- •3.2.1. Күн туралы жалпы мәліметтер
- •3.2.2. Күн айналысы
- •3.2.3. Күн құрылысы
- •3.2.4. Күннің ішкі қабаттары
- •3.2.5. Күн ішіндегі конвекция
- •3.2.6. Күн атмосферасы
- •3.2.7. Күн тәжінің қыздырылу механизмдері
- •3.2.8. Плазма қасиеттерін астрофизикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдану
- •3.2 Сурет
- •3.3 Сурет
- •3.2.9. Күннің магнит өрісі
- •3.4 Сурет - Фотосфера астындағы жалпы азимутал магнит өрісінің Күн бетіне көтерілу нәтижесінде түзілетін күн дақтарындағы магнит өрістері
- •3.5 Сурет – Күннің ірімасштабты магнит өрісінің осі бойынша симметриялы құраушысы.
- •3.2.10. Күн белсенділігі туралы түсінік. Күн белсенділігінің циклдері
- •3.2.12. Планетааралық магнит өрісі (пмө)
- •3.8 Сурет - Планетааралық магнит өрісінің күш сызығының пішіні.
- •3.3. Күннің радиосәулеленуі
- •3.3.1 Радиожарқылдар, олардың пайда болуы және түрлері
- •3.10 Сурет. Күннің радиожарқылдардың спектрлік классификациясы [3].
- •3.3.2. Радиожарқылдардың сандық классификациясы
- •3.11 Сурет. Жарқылдардың спектрлік классификациясы
- •3.4. Жұлдыздар
- •3.4.1. Қалыпты жұлдыздар
- •3.4.2. Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясы
- •3.4.3. Колориметрия негіздері
- •3.4.4. Спектр – жарықтылық (Герцшпрунг-Рассел) диаграммасы
- •3.4.5. Жұлдыздар өлшемдерін анықтау әдістері
- •3.4.6. Радиус-жарықтылық-масса тәуелділігі
- •3.4.7. Жұлдыздар құрылымы және жұлдыздар қойнауындағы физикалық күйлер
- •3.4.8. Қос жұлдыздар
- •3.4.9. Қос жүйелердің жалпы сипаттамалары
- •3.4.10. Визуалды қос жұлдыздар
- •3.4.11. Тұтылған айнымалы жұлдыздар
- •3.4.12. Спектрлі қос жұлдыздар
- •3.4.13. Физикалық айнымалы жұлдыздар
- •3.4.14. Пульсациялаушы айнымалылар
- •3.4.15. Рентген сәулелерінің көздері
- •4 Тарау. Әлем құрылымы (галактикалар)
- •4.1. Жұлдыздар, жұлдыз шоғырлары, галактикалар
- •4.2. Галактикалар түрлерi, олардың қасиеттерi
- •4.3. Галактикалардың белсенді ядролары, квазарлар
- •4.4. Галактикалар шоғырлары. Әлемнің ірімасштабты құрылымдары
- •1 Юлиан күндері, юлиан дәуірлері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •3.2.12.Планетааралық магнит өрісі (пмө).................................149
3.2.6. Күн атмосферасы
Конвекциялық аумақтан жоғары күн атмосферасы деп аталатын қабат орналасқан. Оның сәулеленуін біз тікелей бақылай аламыз. Күн атмосферасы негізімен үш бөліктен (қабаттан) тұрады. Олар - фотосфера, хромсфера, тәж.
Фотосфера – Күн атмосферасының ең төменгі орасан жұқа қабаты. Оның қалындығы - 1/2000RКүн ≈ 350 км. Ол бізге келетін күн энергиясының бәрін дерлік сәулелендіреді: фотосфера сәулеленуі одан жоғары орналасқан хромосера мен тәждің сәулеленуінен 10 000 кем емес есе көп. Хромосфера мен тәж фотосфераның үздіксіз оптикалық сәулеленуін еркін дерлік жібереді, сондықтан фотосфера Күнді тікелей бақылау жүрісінде Күннің ақ жарықтағы көрнекі беті сияқты көрінеді. Фотосферадағы температура ~6000 К, қысым - ~0,1 атм. Температура мұндай болғанда тек иондану потенциалдары үлкен емес химиялық элементтер иондалған күйде болады (мысалы, натрий, калий, кальций). Басқа элементтер, олар ішінде сутегі мен гелий, көбінесе бейтарап күйде қалады. Осыған байланысты фотосферада конвекция тоқтайды, ал энергия тағы да сәулелі тасымалдау арқылы беріледі. Фотосферадағы зат тығыздығы биіктік өсуімен тез азаяды, сондықтан күн атмосферасының сыртқы қабаттары өте сиретілген. Фотосфера затының температурасы да биіктікпен кемиді, фотосфераның сыртқы қабаттарының температурасы ~4500 К. Бірақ бұл мән Күн үшін минимальды болып табылады.
Жоғарырақ жатқан қабаттарда температура қайта өсе бастайды. Хромосферада әуелі сутегінің, одан кейін гелийдің де иондануына әкелетін температураның онмындаған Кельвинге дейін өсуі байқалады. Мұндағы қысым - ~10-6 атм. Сөйтіп, фотосфера – бейтарап сутегінің Күндегі жалғыз аймағы.
Хромосфераның жоғарғы қабаттарда тағы бір әдеттен тыс кенет температураның ~1 млн К-ге дейінгі көтерілуі байқалады. Мұнда тәж – Күн атмосферасының ең сыртқы және сиретілген қабаты басталады. Ішкі тәждің температурасы - ~1,5 млн К, қысымы - 6&10-8 атм.
Тәждің
мұндай жоғары температурасы көптеген
тәуелсіз анықтамалармен расталады.
Мысалы, тәждің бірнеше эмиссиялық
сызықтар – жасыл (толқын ұзындығы
l=5303
),
қызыл (l=6374
),
т.б. тоғыздан он төртке дейін электрондарынан
айырылған жоғары иондалған Fe, Nі және
Ca атомдарымен жіберілген сызықтар екені
табылды. Электрондардың үзілуі ауыр
(сондықтан аз қозғалатын) қозғалғыш
электрондармен соқтығу нәтижесінде
болғандықтан, электрондардың кинетикалық
энергиясы өте жоғары болу керек (~1,5&106
К тең электрондық температураға сәйкес
болу керек). Одан басқа, барометрлік
формула бойынша тәждің өте үлкен бойлығы,
тығыздығының биіктікпен баяу азаюы тек
Т»1,5&106
К жағдайда
байқалуы мүмкін. Радиоауқымындағы
толқын ұзындығы 1 м көп толқындар үшін
тәж мөлдір емес болады да, температурасы
106 К
дене сияқты сәлеленуді шығарады.
Қысқатолқынды (l=400
)
аймақта Т»1,5&106
К сиретілген
газдың спектріне сәйкес иондардың
негізгі (резонанстық) сызықтардың
жиынтығы байқалады. Жылдамдықтарының
жылулық шашылуына байланысты
жоғарыиондалған FeX-FeXІV атомдарының
спектрлік сызықтарының ендігі 106
К көп температураға сәйкес екен.
Тәж температурасының осындай жоғары болғаны күн желінің қалыптасуында шешуші ролді атқарады, сондықтан Күннің сыртқы атмосферасының қыздырылу механизмдерін бөлек қарастырайық.
