Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПОСОБИЕ ПО АСТРОНОМИИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.89 Mб
Скачать

1 .22 Сурет – 1980-2000 жж. Аралығындағы тәулік ұзақтығының өзгеруі.

теориясымен түсіндірілмейтін ауытқулар ашылған еді. Сол кездің өзінде – ақ бұл ауытқулар нақты емес және Жердің өз осі бойымен айналуының бірқалыпсыздығымен себептелген болуы мүмкін деген болжау жасалды. Шынымен, Жер айналуы баяулағанда, Ай өз орбитасы бойымен тезірек қозғалатындай көріндеі, ал айналу үделгенде, Айдың қозғалысы тежелген болып көрінеді.

Бұл түсіндіру 20 ғасырда Меркурий мен Шолпанның қозғалысында Айға ұқсас, бір мезгілде болатын және бұл планеталардың орташа қозғалыстарына пропорционал ауытқулар ашылғанда расталды.

1.11. Уақытты санау жүйелері

Кейбір оқиға болған мезетті және екі оқиға арасындағы уақыт аралығын анықтау үшін уақыт шкаласы (жүйесі) ұғымын енгізуді талап етеді. Уақыт шкаласын анықтау кейбір астрономиялық немесе физикалық периодтық процесті сайлап алуды, бұл процестің теориясын құруды және уақыт бірлігін бекітуді (уақыт бірлігі мен қалап алынған астрономиялық немесе физикалық процестің периоды арасындағы қатынас туралы келісім жасауды) қажет етеді.

Ежелден уақытты санаудын негізгі бірліктер ретінде Жердің өз осі бойымен және Күн бойымен айналу ұзақтығын көрсететін тәуілік пен жыл алынған болды. Бірақ Жер айналуының бірқалыпсыздығы салдарынан (оның ішінде айналу осінің қатты Жерге қатысты орналасуы өзгергендіктен, яғни полюстің қозғалысынан) тәуліктің ұзақтығы (демек ол арқылы анықталатын уақыттың өлшем бірлігі де) тұрақсыз шама болып табылады. Осыған байланысты қазіргі заманғы астрономияда уақытты санаудың бірнеше жүйесі қолданылады. Атап айтсақ, шкала негізінде алынған периодты процеске байланысты мынадай уақыт жүйелері анықталып, қолданылады:

  1. жұлдыздық уақыт;

  2. күн уақыт;

  3. динамикалық уақыт;

  4. атомдық уақыт.

Күн мен жұлдыздық шкалалармен өлшенетін уақыт тәулік ұзақтығының тұрақсыздығына байланысты бірқалыпсыз, ал динамикалық пен атомдық уақыт - бірқалыпты болып табылады.

1.11.1. Жұлдыздық және күн уақыты

Жұлдыздық және күн уақыты Жердің айналуын бақылаудан анықталады. Жердің өз осі бойымен айналуының салдарынан жұлдыздар, Күн, аспан сферасының нүктелері аспан меридианы арқылы периодты түрде өтіп тұрады. Жұлдыздық немесе күн уақытын өлшеу аспан меридиан жазықтығы мен қалап алынған аспан денесінің (немесе аспан сферасы нүктеснің) еңкею шеңберінің жазықтығы арасындағы бұрышты өлшеу де негізделген. Егер уақыт  көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышын өлшеу арқылы анықталса, мұндай шкала жұлдыздық деп аталады. Егер уақыт Күнді бақылаудан анықталса, ол күн уақыты деп аталады. Күн уақытының екі түрі бар – ол ақиқат (шын) күн уақыты (шын күн дискінің центрі бақыланады) және орташа күн уақыты (орташа экваторлық күн деп аталатын ойдағы нүкте бақыланады).

1.11.2. Жұлдыздық тәуліктер және жұлдыздық уақыт.

Көктемгі күн мен түннің теңесу нүктесінің бір географиялық меридианындағы екі аттас бірінен соң бірі болатын кульминациясы арасындағы уақыт аралығы жұлдыздық тәулік деп аталады.

Берілген меридиандағы жұлдыздық тәуліктің басы болып көктемгі күн мен түннің теңесу нүктесінің жоғарғы кульминация моменті алынады.

Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің жоғарғы кульминациясынан оның кез-келген келесі орнына дейін өткен жұлдыздық тәулік бөліктері түрінде (жұлдыздық сағаттар, минуттар мен секундтар түрінде) көрсетілген уақыт жұлдыздық уақыт (s) деп аталады.

Берілген меридиандағы жұлдыздық уақыт көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышына тең, яғни:

s = t. (1.11.1)

Бұл нүкте аспанда белгіленбегендіктен, жұлдыздық тәуліктің басын немесе жұлдыздық уақытты анықтау үшін кейбір шырақтың сағаттық бұрышын өлшеу керек. Шырақтың тік шарықтауы белгілі болса, онда, t = Qm, = m, ал көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің сағаттық бұрышы t = Q  болғандықтан,

s = t = + t, (1.11.2)

яғни жұлдыздық уақыт кез-келген мезетте кейбір шырақтың тік шарықтауының оның сағаттық бұрышымен қосындысына тең (1.23 сурет).

t=0 болған кезде (шырақтың жоғарғы кульминациясы кезінде) s = болады.

t=12h болғанда (шырақтың төменгі кульминациясы кезінде): s = + 12h.