- •1 Тарау
- •1.1. Аспан. Аспан денелерінің көрінетін қозғалыстары
- •1.2. Сфералық геометрияның негізгі ұғымдары. Сфералық үшбұрыштар
- •1.1 Сурет – Сфералық геометрияның негізгі ұғымдары.
- •1.2 Сурет - Сфералық үшбұрыш
- •1.3. Жер пішіні. Географиялық координаттар
- •1.3 Сурет – Географиялық координаттарды анықтау
- •1.5 Сурет – Астрономиялық, геоцентрлік және геодезиялық ендіктерді анықтау
- •1.4. Аспан координаттарының жүйелері
- •1.4.1. Аспан сферасы
- •1.6 Сурет - Аспан сферасы
- •1.4.2. Горизонталды координаттар жүйесі
- •1.7 Сурет - Горизонталды координаттар жүйесі
- •1.4.3. Бірінші экваторлық координаттар жүйесі
- •1.8 Сурет - Экваторлық координаттар жүйелері
- •1.4.4. Екінші экваторлық координаттар жүйесі
- •1.4.5. Эклиптикалық координаттар жүйесі
- •1.4.6. Галактикалық координаттар жүйесі
- •1.10 Сурет - Галактикалық координаттар жүйесі
- •1.5. Шырақтар координаттарының тәуліктік қозғалыс кезіндегі өзгерісі
- •1.15 Сурет – Шырақтардың Жердің солтүстік
- •1.6. Параллакстық үшбұрыш және аспан координаттарын өзара түрлендіру
- •1.16 Сурет – Параллакстық үшбұрыш
- •1.7. Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін анықтау
- •1.8. Каталог дәуірі, стандарт дәуірі, күн мен түннің теңелу дәуірі
- •1.9. Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін жүзеге асыру
- •1.10. Жер қозғалысы
- •1.10.1. Жер осінің прецессиялық және нутациялық қозғалысы
- •1 .18 Сурет – Сфероидтің сыртқы денеге тартылысы (барлық нүктелер мен сызықтар парақ жазықтығында жатыр)
- •1.19 Сурет – Жер осінің прецессиялық қозғалысы
- •1.10.2. Жер осінің прецессиялақ қозғалысының салдарлары
- •1.10.3. Жер полюсінің жер беті бойымен қозғалысы
- •1.21 Сурет - 1995-2000жж. Және 1900-2000 жж. Аралықтарындағы полюстің қозғалысы
- •1.10.4. Жер айналуының бірқалыпсыздығы
- •1 .22 Сурет – 1980-2000 жж. Аралығындағы тәулік ұзақтығының өзгеруі.
- •1.11. Уақытты санау жүйелері
- •1.11.1. Жұлдыздық және күн уақыты
- •1.11.2. Жұлдыздық тәуліктер және жұлдыздық уақыт.
- •1.23 Сурет – Жұлдыздық уақыттың шырақтың тік шарықтауы мен сағаттық бұрышымен байланысы
- •1.11.3. Шын күн тәуліктері мен шын күн уақыты
- •1.19 Сурет - Шын күн тәулігінің бірқалыпсыздығын түсіндіруге
- •1.11.4. Орташа күн тәуліктері және орташа күн уақыты
- •1.20 Сурет – Уақыт теңдеуінің графигі: 1 – уақыт теңдеуі, 2 – центр теңдеуі, 3 – эклиптика көлбеулігінің теңдеуі.
- •1.11.6. Әлемдік уақыт
- •1.21 Сурет - ut1-utc айырмасы; mjd - модификацияланған юлиан күні
- •1.11.7. Жергілікті уақыт және бойлық
- •1.11.8. Белдеулік және декреттік уақыттар
- •1.11.9. Динамикалық уақыт шкалалары
- •1.11.10. Атомдық уақыт шкалалары
- •1.12. Жұлдыздардың аспан сферасындағы орналасуын бұрмалайтын эффектілер
- •1.12.1. Астрономиялық рефракция. Астрономиялық рефракция туралы түсінік
- •1.12.2. Жазық-параллель атмосферадағы оптикалық рефракция
- •1.12.3. Сфералық-симметриялы атмосферадағы оптикалық рефракция
- •1.12.4. Рефракцияның жұлдыздың тік шарықтауы мен еңкеюіне әсері
- •1.12.5. Аберрация мен параллакстық ығысу туралы жалпы түсінік
- •1.12.6. Жұлдыз координаттарының рефракция мен аберрация салдарынан өзгерісінің жалпы формулалары
- •1.12.7. Тәуліктік аберрация
- •1.12.8. Жылдық аберрация
- •1.12.9. Ғасырлық аберрация
- •1.12.10.Планеталық аберрация
- •1.12.11. Тірек көзінің координаттарының Күннің гравитациялық өрісіндегі өзгеруі туралы түсінік
- •1.12.12. Оптикалық бақылауларды редукциялау
- •2 Тарау
- •2.1. Планеталардың көрінетін және нақты қозғалысы
- •2.1.1. Планеталардың көрінетін қозғалысы
- •2.1.2. Птолемейдің әлемдік жүйесі
- •2.1.3. Коперниктің әлемдік жүйесі
- •2.1.4. Планеталардың көрінетін қозғалысы мен конфигурацияларын түсіндіру
- •2.1.5. Планеталар айналуларының синодтық және сидерлік периодтары
- •2.1.6. Кеплер заңдары
- •2.1.7. Кеплердің 1-ші (жалпылама) заңы
- •2.1.8. Кеплердің 2-ші заңы
- •2.1.9. Кеплердің үшінші (түзетілген) заңы
- •2.1.10. Ұйытқыған қозғалыс туралы түсінік
- •2.1.11. Айдың қозғалыс орбитасы және ұйытқуы
- •2.1.12. Айдың көрінетін қозғалысы мен фазалары
- •2.1.13. Ай тұтылуы
- •3 Тарау. Астрофизика элементтері.
- •3.1.1. Астрофизика пәні, негізгі мәселелері
- •3.1.2. Астрофизикада зерттелетін электромагниттік сәулелену аймағы
- •3.1.3. Спектрлік талдау
- •3.1.4. Абсолют жұлдыздық шама
- •3.1.5. Астрофизиканың әдістері мен аспаптары
- •3.2.1. Күн туралы жалпы мәліметтер
- •3.2.2. Күн айналысы
- •3.2.3. Күн құрылысы
- •3.2.4. Күннің ішкі қабаттары
- •3.2.5. Күн ішіндегі конвекция
- •3.2.6. Күн атмосферасы
- •3.2.7. Күн тәжінің қыздырылу механизмдері
- •3.2.8. Плазма қасиеттерін астрофизикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдану
- •3.2 Сурет
- •3.3 Сурет
- •3.2.9. Күннің магнит өрісі
- •3.4 Сурет - Фотосфера астындағы жалпы азимутал магнит өрісінің Күн бетіне көтерілу нәтижесінде түзілетін күн дақтарындағы магнит өрістері
- •3.5 Сурет – Күннің ірімасштабты магнит өрісінің осі бойынша симметриялы құраушысы.
- •3.2.10. Күн белсенділігі туралы түсінік. Күн белсенділігінің циклдері
- •3.2.12. Планетааралық магнит өрісі (пмө)
- •3.8 Сурет - Планетааралық магнит өрісінің күш сызығының пішіні.
- •3.3. Күннің радиосәулеленуі
- •3.3.1 Радиожарқылдар, олардың пайда болуы және түрлері
- •3.10 Сурет. Күннің радиожарқылдардың спектрлік классификациясы [3].
- •3.3.2. Радиожарқылдардың сандық классификациясы
- •3.11 Сурет. Жарқылдардың спектрлік классификациясы
- •3.4. Жұлдыздар
- •3.4.1. Қалыпты жұлдыздар
- •3.4.2. Қалыпты жұлдыздардың спектрлері және спектрлік классификациясы
- •3.4.3. Колориметрия негіздері
- •3.4.4. Спектр – жарықтылық (Герцшпрунг-Рассел) диаграммасы
- •3.4.5. Жұлдыздар өлшемдерін анықтау әдістері
- •3.4.6. Радиус-жарықтылық-масса тәуелділігі
- •3.4.7. Жұлдыздар құрылымы және жұлдыздар қойнауындағы физикалық күйлер
- •3.4.8. Қос жұлдыздар
- •3.4.9. Қос жүйелердің жалпы сипаттамалары
- •3.4.10. Визуалды қос жұлдыздар
- •3.4.11. Тұтылған айнымалы жұлдыздар
- •3.4.12. Спектрлі қос жұлдыздар
- •3.4.13. Физикалық айнымалы жұлдыздар
- •3.4.14. Пульсациялаушы айнымалылар
- •3.4.15. Рентген сәулелерінің көздері
- •4 Тарау. Әлем құрылымы (галактикалар)
- •4.1. Жұлдыздар, жұлдыз шоғырлары, галактикалар
- •4.2. Галактикалар түрлерi, олардың қасиеттерi
- •4.3. Галактикалардың белсенді ядролары, квазарлар
- •4.4. Галактикалар шоғырлары. Әлемнің ірімасштабты құрылымдары
- •1 Юлиан күндері, юлиан дәуірлері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •3.2.12.Планетааралық магнит өрісі (пмө).................................149
1.9. Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін жүзеге асыру
Енді координаттардың аспан жүйелерінің әртүрлі жүзеге асыруларын толығырақ қарастырайық.
1998 жылға дейін квазиинерциялық жүйе 1535 жұлдызды кіргізетін FK5 (фундаменталь каталог 5) түрінде жүзеге асырылған еді. Бұл жұлдыздардың координаттары бір жылда ~0’’,08 қателікпен, ал меншікті қозғалыстар доғаның ~1 мс қателікпен белгілі. Қосымша каталог (FK5-sup.) 3117 жұлдызды кіргізеді, олардың координаттары мен меншікті қозғалыстары көбірек қателіктермен белгілі: бір жылда ~0’’,12 және доғаның 2 мс-і, сәйкесінше. FK5 жүйенің негізгі жазықтығы J2000.0 стандарт дәуіріндегі экватормен, ал тік шарықтауларды санау басы – экватордың эклиптикамен J2000.0 дәуіріндегі қиылысуымен, дәлірек айтсақ сол дәуірде Күн центрі аспан экваторын оңтүстік жартышардан солтүстік жартышарға қозғалған кезде қиып өту нүктесімен (^ нүктемен) анықталған еді. Жер мен Күннің координаттары, демек эклиптиканың орналасуы, күн жүйесінің денелерін бақылау және олар үшін динамика теңдеулерін шешу негізінде (яғни динамикалық әдіспен) анықталған. Сондықтан экватор мен эклиптиканың қиылысуымен анықталатын күн мен түннің теңелу нүктелері динамикалық күн мен түннің теңелу нүктелері деп, ал Күн центрінің көктемгі күн мен түн теңелуінің динамикалық нүктесі арқылы өту мезеті – динамикалық күн мен түннің теңелуі деп аталады. Демек FK5 жүйедегі тік шарықтаулардың санау басы динамикалық күн мен түннің теңелу нүктесі болып табылады да, J2000.0 деп белгіленеді.
Бірақ АҰБР-ғы бақылаулар нутацияның ХАО1980 теориясында болған қателіктер себебінен J2000.0 дәуіріндегі орташа аспан экваторы FK5 жүйесінің экваторымен беттеспейтінін, сондықтан J2000.0 экваторға сәйкес келетін PJ2000.0 полюсі де PFK5 полюстерге қатысты ығысқан екендігн көрсетті. Осыған сәйкес, FK5 жүйесіндегі тік шарықтауларды есептеу басы (ОFK5) де ^J2000.0 нүктемен беттеспейді.
1998 ж. 1 қантарынан бастап ХАО шешімі бойынша аспан координаттар жүйесі ретінде галактикадан тыс радиокөздер каталогы қабылданған, ол Координаттардың халықаралық аспан жүйесі (International Celesterial Reference System - ICRS) деп аталады. ICRS 212 тірек радиокөздердің координаттарымен жүзеге асырылады. Тығыздау толтырылу үшін оларға координаттары аз дәлдікпен өлшенген 396 қосымша көздер қосылған. Жаңа санақ жүйесінің жасалуы АҰБР –дағы 20-жылдық бақылаулар нәтижелерінің арқасында мүмкін болды. ICRS - ң остері квазарларға қатысты бекітілген.
Жаңа
санақ жүйесі кинематикалық принципте
негізделген: жүйенің остері Әлемнің
белгілі объектер ішіндегі ең алшақтарына
қатысты қозғалмайтын болып қалады. ХАО
ұсынысына сәйкес ICRS жүйенің полюсі FK5
полюсімен оның қателіктері шегінде
(
=доғаның
50 мс) келіседі және J2000.0 полюсіне жақын
болып табылады (1.12 сурет). ICRS жүйенің
тік шарықтауларды есептеу басы да FK5
жүйемен келісілген және J2000.0 динамикалық
күн мен түннің теңелуіне жақын. Яғни
ХАО ұсынысы бойынша ICRS остерінің
бағыттары FK5 жүйемен келісілген.
Бұны
жүзеге асыру үшін ICRS жүйедегі тік
шарықтауларды санау басы былай анықталды.
Әртүрлі каталогтардан 23 радиокөз,
олардың ішінде 3С273 квазар да, таңдап
алынды, одан кейін олардың әрқайсысының
тік шарықтауларының орташа мәндері
есептелінді. Одан кейін көздердің
координаттары 3С273 квазардың орташа тік
шарықтауының FK5 іргелі каталог жүйесіндегі
мәніне (α = 12h 29 m 6 s,6997) сәйкес келетіндей
түзетілді, яғни бұл мән мен 3С273-ң орта
тік шарықтауының айырмасы қалған 22
көздердің тік шарықтауларына қосылды:
.
Мұндай анықтау барысында көктемгі күн
мен түннің теңелу нүктесі эклиптикаға
байланбайды.
1.17 суретте FK5 және ICRS жүйелердегі тік шарықтауларды есептеу басы болып табылатын ОFK5 және ОICRS нүктелері, сондай-ақ динамикалық күн мен түн теңелуінің J2000.0 нүктесі белгіленген экватордың бөлігі көрсетілген. J2000.0 дәуіріндегі экватордың эклиптикаға қатысты дәл көлбеуі ε=23026’21’’,448.
|
1.17 сурет - ICRS полюсі (PICRS), FK5 полюсі (PFK5), PJ2000.0 полюсі, тік шарықтауларды есептеу бастары |
