Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266.75 Кб
Скачать

3. Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық неіздерін түсіндіріңіз.

Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.

Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тетраэтил-қорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тетраэтилқорғасын болады. Бензиннің құрамына траэтилқорғасынды антидетонатор ретінде қосады. Тетраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Соңғы 100 жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері 5 есе, ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы 20 жылда мұхитта 10 есеге көбейген. Атмосфераға бөлінетін қорғасыннын 86% автокөліктерден бөлінеді.

Аэропорттарда ұшақтардың қонған және ұшқан кездерінде де ластаушы газдар мейлінше көп бөлінеді. Мысалы, «Боинг» ұшағының ұшуы кезінде бөлінген зиянды заттардың мөлшері бір мезетте оталған 6850 «Фольксваген» автокөлігінен шыққан зиянды заттар мөлшеріне тең.

Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20% жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелердің еншісіне тисе, 80% - автокөліктердің еншісінде. Қоршаған ортаға жанусыз қалған көмірсутектері мен олардың толық жанбауынан шыққан өнімдердің мөлшері бензинмен жүретін автокөліктерде дизельді автокөліктерге қарағанда анағұрлым көп.

Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.

Кең байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технолоғияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу Казанды қатарынан бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, Фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады.

4. Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібіне мысал келтіріңіз.

Экологиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықтың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілерінде топырақка, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында табиғат объектісі емес объектісі болатын құқықбұзулары, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің зандылық күші көзделген. Мысалы, Казақстан Республикасының Жер кодексінің 164-бабында былай делінген: меншік кұқығы мен жар пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Казақстан Республикасының баска да заң актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады. Су, Орман кодексінің нормаларын келтіруге болады, бұларда экологиялық құқық бұзушылықгың объектісі табиғат пайдаланушы мен табиғат иеленушінің зандылығы болып табылады. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының Су кодексінің 138-бабына сәйкес "өз бетінше басып алынған су объектілері мен су шаруашылығы күрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт ішінде Казақстан Республикасьшың су зандарының бұзылуынан келтірілген зиян өтеліп, иесіне қайтарылады. Өз бетінше басып алынған су объектілерін кайтару Кдзақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Жоғарыда айтылғанның негізінде мынадай дұрыс қорьггынды жасау керек: экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі табиғат ортасы, мемлекет, табиғат пайдаланушылар мен табиғат иеленушілердің мүддесі танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]