- •1. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұнына анықтама беріңіз.
- •2. Қоршаған табиғи ортаның қорғалу санаттарына тоқталыңыз.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғат объектілердің түсінігі мен құрамын ашыңыз.
- •4. Экология құқығының қайнар көздерін атаңыз.
- •5. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын пайдалануға тоқталыңыз.
- •6. Төтенше экологиялық жағдайдың орын алу негіздерін көрсетіңіз.
- •7. Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жолдарын анықтаңыз.
- •8. Табиғат пайдалануды лимиттеу және квоталау негіздеріне тоқталыңыз.
- •9. Экологиялық мониторингтің түсінігі мен түрлерін түсіндіріңіз.
- •10. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түрлерін атаңыз.
- •11. Экология құқығының жүйесін ашыңыз.
- •12. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне анықтама беріңіз.
- •13. Экологиялық сараптаманың түсінігі және түрлерін атаңыз.
- •14. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларына тоқталыңыз.
- •15. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін атап шығыңыз.
- •1. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •2. Табиғатты пайдаланушы тұлғалардың классификациясын атаңыз.
- •3. Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық неіздерін түсіндіріңіз.
- •4. Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібіне мысал келтіріңіз.
- •5. Жерді құқықтық қорғау режимін атап шығыңыз.
- •6. Мемлекеттің және құқықтың өзара экологиялық функциясын түсіндіріңіз.
- •7. Экологиялық апат аймағын тану негіздерін түсіндіріңіз.
- •8. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттын өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •9. Су қорын құқықтық қорғау негіздерінің тәртібіне тоқталыңыз.
- •10. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияның түрлері көрсетіңіз.
- •11. Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.
- •12. Табиғи объект үшін залал таксаларды өтеу негіздерін түсіндіріңіз.
- •13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарын, негіздерін көрсетіңіз.
- •14. Табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құзыретін түсіндіріңіз.
- •15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзіндік ерекшелігіне мысал келтіріңіз.
- •1. Табиғи ресурстарды пайдалану барысында алынатын алым салықтар тәртібін түсіндіріңіз.
- •2. Экологиялық кадастр қызметінің тәртібін түсіндіріңіз.
- •3. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
- •4. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру негіздерінің қажеттілігін дәлелдеңіз.
- •5. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
- •6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттардың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •7. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияны қолдану тәртібіне тоқталыңыз.
- •8. Жер қойнауын қорғау саласындағы заңи талаптарды сипаттап жазыңыз.
- •9. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың қызметінің бағыттарын айқындаңыз.
- •10. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді алу ережелерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Экологиялық қылмыстардың алдын алу негіздері мен шарттарын көрсетіңіз.
- •12. Орманды пайдалану құқығының түрлері мен әдістерін табыңыз.
- •13. Экологиялық сақтандырудың компенсациялық функциясын көрсетіңіз.
13. Экологиялық сақтандырудың компенсациялық функциясын көрсетіңіз.
Экологиялық сақтандыру – кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды, сондай-ақ азаматтарды, олардың меншік объектілерін және табысын экологиялық және дүлей қасіреттен, түрлі апаттардан сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қорлары экология және табиғат апаттары мен өндірістік апаттарды болжауға, болдырмауға, олардың зардаптарын жоюға пайдаланылады. Экологиялық сақтандыру және қорларды пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді. Экологиялық сақтандыру. Қоршаған орта мен адамдарға келтірілген залал үшін төленетін ақшалай қаржыны жарна ретінде жинақтау үшін ұйымдастырылған (қауіпсіздік) қорды жасақтау мен пайдалану шараларының жүйесі. Белгілі бір төтенше окиғалар болған жағдайда да осындай ақша төлемдері төленеді. Экологиялық сақтандырудың ерікті немесе міндетті (мемлекетгік) түрлері болады; Экологиялық тұрғыдан қауіпті объекгілерде апат немесе алапат болған жағдайда оның иелері осы жерде жұмыс істейтін немесе байланысты адамдарды (жеке немесе заңды тұлғаларды) қауіпсіздендіруге тиісті.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында Экологиялық сақтандыруға мынадай сипаттама берілген: 1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны ластаудың және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құралатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ зандармен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. 2. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сактандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сактандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. 3. Ерікті экологиялық сактандыру занды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін біддіруі бойынша жүзеге асырылады. Еркін экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді".
Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы №93-ІІІ Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысы айқындайды. Сақтандыру объектісі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда, Сақтанушының өтініші негізінде, сақтандыру полисін беру жолымен жасасылады.
Егер Сақтанушы өзінің жауапкершілігін қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасасылады. Сақтандыру шарты 12 айға жасасылады және өзінің әрекетін алғашқы сақтандыру жағдайы бойынша тоқтатпайды.
