Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266.75 Кб
Скачать

1. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.

Экологиялық сақтандыру – кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды, сондай-ақ азаматтарды, олардың меншік объектілерін және табысын экологиялық және дүлей қасіреттен, түрлі апаттардан сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қорлары экология және табиғат апаттары мен өндірістік апаттарды болжауға, болдырмауға, олардың зардаптарын жоюға пайдаланылады. Экологиялық сақтандыру және қорларды пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.

Экологиялық сақтандыру. • Қоршаған орта мен адамдарға келтірілген залал үшін төленетін ақшалай қаржыны жарна ретінде жинақтау үшін ұйымдастырылған (қауіпсіздік) қорды жасақтау мен пайдалану шараларының жүйесі. Белгілі бір төтенше окиғалар болған жағдайда да осындай ақша төлемдері төленеді. Экологиялық сақтандырудың ерікті немесе міндетті (мемлекетгік) түрлері болады; • Экологиялық тұрғыдан қауіпті объекгілерде апат немесе алапат болған жағдайда оның иелері осы жерде жұмыс істейтін немесе байланысты адамдарды (жеке немесе заңды тұлғаларды) қауіпсіздендіруге тиісті.

Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында Экологиялық сақтандыруға мынадай сипаттама берілген: 1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны ластаудың және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құралатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ зандармен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. 2. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сактандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сактандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. 3. Ерікті экологиялық сактандыру занды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін біддіруі бойынша жүзеге асырылады. Еркін экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді".

2. Табиғатты пайдаланушы тұлғалардың классификациясын атаңыз.

Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және занды түлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, үлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлтгық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар: Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін си- патта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белғілі бір мерзіммен шектелғен); Бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықган айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақгап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт неғізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының құқықгары мен міндеттері болады.

Табиғат пайдаланушылардың: — заңмен белгіленген шектерде қоғамдық қажеттерін қанағат- тандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға; — өзінің шаруашылық және өзге де қызмет әдісін дербес таңдап алуға; — жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға; — шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Занда көрсетілген негіздер бойынша болмаса, ешкімді де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды.

Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. Мысалы, ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес табиғат пайдаланушылар: Табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға; Шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалықшарттарды сақгауға; Берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға нұқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықгарының бүзылуына жол бермеуге; Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны мен молайтқаны ұшін төлемдерді дер кезінде төлеуге; қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап етуі бойынша қажетті ақпарат беруге; шаруашылық қызметтің экол огиялық тұрғыдан қауіпі түрлерін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның өндірістік мониторингі мен бақылауын жүргізуге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]