- •1. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұнына анықтама беріңіз.
- •2. Қоршаған табиғи ортаның қорғалу санаттарына тоқталыңыз.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғат объектілердің түсінігі мен құрамын ашыңыз.
- •4. Экология құқығының қайнар көздерін атаңыз.
- •5. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын пайдалануға тоқталыңыз.
- •6. Төтенше экологиялық жағдайдың орын алу негіздерін көрсетіңіз.
- •7. Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жолдарын анықтаңыз.
- •8. Табиғат пайдалануды лимиттеу және квоталау негіздеріне тоқталыңыз.
- •9. Экологиялық мониторингтің түсінігі мен түрлерін түсіндіріңіз.
- •10. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түрлерін атаңыз.
- •11. Экология құқығының жүйесін ашыңыз.
- •12. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне анықтама беріңіз.
- •13. Экологиялық сараптаманың түсінігі және түрлерін атаңыз.
- •14. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларына тоқталыңыз.
- •15. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін атап шығыңыз.
- •1. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •2. Табиғатты пайдаланушы тұлғалардың классификациясын атаңыз.
- •3. Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық неіздерін түсіндіріңіз.
- •4. Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібіне мысал келтіріңіз.
- •5. Жерді құқықтық қорғау режимін атап шығыңыз.
- •6. Мемлекеттің және құқықтың өзара экологиялық функциясын түсіндіріңіз.
- •7. Экологиялық апат аймағын тану негіздерін түсіндіріңіз.
- •8. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттын өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •9. Су қорын құқықтық қорғау негіздерінің тәртібіне тоқталыңыз.
- •10. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияның түрлері көрсетіңіз.
- •11. Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.
- •12. Табиғи объект үшін залал таксаларды өтеу негіздерін түсіндіріңіз.
- •13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарын, негіздерін көрсетіңіз.
- •14. Табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құзыретін түсіндіріңіз.
- •15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзіндік ерекшелігіне мысал келтіріңіз.
- •1. Табиғи ресурстарды пайдалану барысында алынатын алым салықтар тәртібін түсіндіріңіз.
- •2. Экологиялық кадастр қызметінің тәртібін түсіндіріңіз.
- •3. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
- •4. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру негіздерінің қажеттілігін дәлелдеңіз.
- •5. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
- •6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттардың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •7. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияны қолдану тәртібіне тоқталыңыз.
- •8. Жер қойнауын қорғау саласындағы заңи талаптарды сипаттап жазыңыз.
- •9. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың қызметінің бағыттарын айқындаңыз.
- •10. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді алу ережелерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Экологиялық қылмыстардың алдын алу негіздері мен шарттарын көрсетіңіз.
- •12. Орманды пайдалану құқығының түрлері мен әдістерін табыңыз.
- •13. Экологиялық сақтандырудың компенсациялық функциясын көрсетіңіз.
12. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне анықтама беріңіз.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздіктің басымдықтары экологиялық, энергия және ресурс сақтаушы технологиялар негізінде табиғат пайдаланудың стратегиясы мен құрылымына принципті өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады.
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және құрамдас бөлігі ретінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен күйреулерден қорғалу дәрежесімен айқындалады.
Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары - ресурс сақтаушы экологиялық таза технологиялар әзірлеу және енгізу, жұмыс істеп тұрған өндірістік процестерді моделдендіру және жетілдіру жолымен республиканың әлеуметтік-экономикалық және адам тұрмысының дамуын қамтамасыз ету.
1998 жылғы 26 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңында"экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі" деп анықтама берілген/5/.
13. Экологиялық сараптаманың түсінігі және түрлерін атаңыз.
Экологиялық сараптаманың қағидаттары (принциптері): 1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің міндеттілігі; 2) министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдарының бақылаушы және қадағалаушы органдармен өзара іс-қимылы; 3) экологиялық сараптама тұжырымдарының объектитілігі мен ғылыми негізділігі; 4) сараптама органдары мен сарапшылардың өз өкілеттігі жүзеге асырған кезде тәуелсіз болуы; 5) жариялылық; 6) экологиялық сараптаманың кешендігі мен оның алуан түрлі болуы; 7 экологиялық және медициналық-биологиялық мүдделердің басымдылығы қағидаттары негізделеді.
Экологиялық сараптаманың қағидаттары экологиялық сараптамада қатысушылардың барлығына бірдей қатысы бар және сақталуы тиіс. Экологиялық сараптама жүргізген сараптама органдары ол аяқталған соң жұртшылықтың талап етуімен бұқаралық құралдары арқылы немесе өзге түрде хабарлайды. Экологиялық сараптаманың түрлері қоғамдық экологиялық қатынастарға қатысушылардың негізгі түрлеріне қарай ҚР “Экологиялық сараптама” туралы заңында және экология кодексінде белгіленген. Ол мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптамаға бөлінеді. Бұл ескі сараптама да мазмұны жағынан экологиялық сараптама қатынастар саласында құқықтық мәні бар әрқайсысы өзінің орнына қарай қолдау табады.
