Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266.75 Кб
Скачать

7. Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жолдарын анықтаңыз.

Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау заң жобасының негізгі көздегені. Бүгінгі күнге дейін заңнамалық актілерде тиісті нормалардың болмауы салдарынан, экологиялық аудит кеңінен таралмай келген. Қоршаған ортаны қорғау министрі, «аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық тексерістердің қажет болатын жағдайлары реттелмеген", дейді. Осыған орай заң жобасында экологиялық аудит ұғымы нақтыланған. Кәсіпорындардың ауа қабатына келтіріп отырған зиян көлемін анықтау үшін экологиялық тексеріс қажет. Халық қалаулылары да аталған заң жобасының ауа қабатын қорғау бағытында таптырмайтын құжат екендігін мойындап отыр.

Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталған кезде қоршаған ортаның авариялық ластану нәтижесінде келтірілген зиянды бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

1. Уәкілетті орган сақтанушының қоршаған ортаны қорғаудың нормалары мен ережелерін, экологиялық талаптарды сақтауын бағалау үшін экологиялық аудиторлар тартуға құқылы.

2. Экологиялық аудит жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Табиғат пайдалануды лимиттеу және квоталау негіздеріне тоқталыңыз.

Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қоршаған ортаның ластануына лимиттер және табиғи ресурстарды альш қоюға лимитгер, сондай-ақ табиғи ресурстардың ластануына және оларды алып қоюға квота бар.

Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықрының жалпы көлемінің түсу шекгері, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда био- логиялық ресурстарды табиғи молайту бүзылмайды және пайда- лы қазыңцыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;

Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір мерзімге нақгы табиғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;

Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;

Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квоталарды жергілікті өкілді органдар (мәслихатгар) және облыстардың әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстар (республикалықмаңызы бар қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал табиғи ресурстарды альш қоюға - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектеріңде анықгалады.

9. Экологиялық мониторингтің түсінігі мен түрлерін түсіндіріңіз.

Экологиялық мониторинг – табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин «Монитор» - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин Б.Ұ.Ұ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл,маусымда), «бақылау» ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.

Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялық мониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі.

«Мониторинг» ғылыми-зерттеу экологиялық орталығы » 2005 жылғы 7 қыркүйекте университет ректорының бұйрығы бойынша құрылды. «Мониторинг» ҒЗЭО заманауи инновациялық технологияларды және жаңа жаңа ғылыми мәнді өнімдерді жасау жөніндегі қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулердің тиімділігін көтеру, өндірісте және оқыту үдерісінде алынған нәтижелерді қолдануды жеделдету, ғылыми жұмыстың университеттің оқыту-тәрбиелеу үдерісмен бірлігін одан әрі дамытуды қамтамсыз ету, ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы байланысты нығайту және дамыту мақсатында өзінің қызметін жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]