- •1. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұнына анықтама беріңіз.
- •2. Қоршаған табиғи ортаның қорғалу санаттарына тоқталыңыз.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғат объектілердің түсінігі мен құрамын ашыңыз.
- •4. Экология құқығының қайнар көздерін атаңыз.
- •5. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын пайдалануға тоқталыңыз.
- •6. Төтенше экологиялық жағдайдың орын алу негіздерін көрсетіңіз.
- •7. Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жолдарын анықтаңыз.
- •8. Табиғат пайдалануды лимиттеу және квоталау негіздеріне тоқталыңыз.
- •9. Экологиялық мониторингтің түсінігі мен түрлерін түсіндіріңіз.
- •10. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түрлерін атаңыз.
- •11. Экология құқығының жүйесін ашыңыз.
- •12. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне анықтама беріңіз.
- •13. Экологиялық сараптаманың түсінігі және түрлерін атаңыз.
- •14. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларына тоқталыңыз.
- •15. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін атап шығыңыз.
- •1. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •2. Табиғатты пайдаланушы тұлғалардың классификациясын атаңыз.
- •3. Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық неіздерін түсіндіріңіз.
- •4. Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібіне мысал келтіріңіз.
- •5. Жерді құқықтық қорғау режимін атап шығыңыз.
- •6. Мемлекеттің және құқықтың өзара экологиялық функциясын түсіндіріңіз.
- •7. Экологиялық апат аймағын тану негіздерін түсіндіріңіз.
- •8. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттын өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •9. Су қорын құқықтық қорғау негіздерінің тәртібіне тоқталыңыз.
- •10. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияның түрлері көрсетіңіз.
- •11. Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.
- •12. Табиғи объект үшін залал таксаларды өтеу негіздерін түсіндіріңіз.
- •13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарын, негіздерін көрсетіңіз.
- •14. Табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құзыретін түсіндіріңіз.
- •15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзіндік ерекшелігіне мысал келтіріңіз.
- •1. Табиғи ресурстарды пайдалану барысында алынатын алым салықтар тәртібін түсіндіріңіз.
- •2. Экологиялық кадастр қызметінің тәртібін түсіндіріңіз.
- •3. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
- •4. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру негіздерінің қажеттілігін дәлелдеңіз.
- •5. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
- •6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттардың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •7. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияны қолдану тәртібіне тоқталыңыз.
- •8. Жер қойнауын қорғау саласындағы заңи талаптарды сипаттап жазыңыз.
- •9. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың қызметінің бағыттарын айқындаңыз.
- •10. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді алу ережелерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Экологиялық қылмыстардың алдын алу негіздері мен шарттарын көрсетіңіз.
- •12. Орманды пайдалану құқығының түрлері мен әдістерін табыңыз.
- •13. Экологиялық сақтандырудың компенсациялық функциясын көрсетіңіз.
5. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын пайдалануға тоқталыңыз.
Табиғи ресурстарды пайдалану – қоғам мен табиғат арасындағы негізгі қатынастар. Онда қоғам мүшелері – адамдар өздерінің экологиялық, экономикалық мәдени-сауықтыру, этикалық қажеттіліктерін өтеу үшін табиғат объектілерін белгіленген тәртіп бойынша пайдаланады. Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңында «табиғи ресурстарды пайдалану – бұл адамдардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы» деген анықтама берілген.
Объективтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттарын, табиғи ресурстарды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъктивтік мағынада табиғи ресурстарды пайдалану құқығы – бұл нақты табиғи ресурстарды пайдаланушының табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқығын реттейтін экологияның заңдылықтар жиынтығы. Табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты жалпы және арнайы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады. Табиғатты жалпы пайдалану – бұл адамдардың күнделікті өмірі мен денсаулығы, мәдени – эстетикалық қажеттіктерін табиғат объектілері есебінен тегін қанағаттандыру. Табиғатты арнайы пайдалану – мұнда табиғи ресурстар пайдаланушыларға белгіленген тәртіппен беріледі. Табиғатты пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік болып бөлінеді. Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстандық заңды тұлғалар, оның ішінде шетел қатысатын тұлғалар, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға – шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады. Табиғат пайдаланушылар тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақтысы - бұл табиғатты пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады. Уақытша-мұнда табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектеледі.
6. Төтенше экологиялық жағдайдың орын алу негіздерін көрсетіңіз.
Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде.
Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.
Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс.
Техногендік катастрофа — кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.
Стихиялық апат - бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат.
