- •1. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұнына анықтама беріңіз.
- •2. Қоршаған табиғи ортаның қорғалу санаттарына тоқталыңыз.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғат объектілердің түсінігі мен құрамын ашыңыз.
- •4. Экология құқығының қайнар көздерін атаңыз.
- •5. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын пайдалануға тоқталыңыз.
- •6. Төтенше экологиялық жағдайдың орын алу негіздерін көрсетіңіз.
- •7. Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жолдарын анықтаңыз.
- •8. Табиғат пайдалануды лимиттеу және квоталау негіздеріне тоқталыңыз.
- •9. Экологиялық мониторингтің түсінігі мен түрлерін түсіндіріңіз.
- •10. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түрлерін атаңыз.
- •11. Экология құқығының жүйесін ашыңыз.
- •12. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне анықтама беріңіз.
- •13. Экологиялық сараптаманың түсінігі және түрлерін атаңыз.
- •14. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларына тоқталыңыз.
- •15. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін атап шығыңыз.
- •1. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •2. Табиғатты пайдаланушы тұлғалардың классификациясын атаңыз.
- •3. Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық неіздерін түсіндіріңіз.
- •4. Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібіне мысал келтіріңіз.
- •5. Жерді құқықтық қорғау режимін атап шығыңыз.
- •6. Мемлекеттің және құқықтың өзара экологиялық функциясын түсіндіріңіз.
- •7. Экологиялық апат аймағын тану негіздерін түсіндіріңіз.
- •8. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттын өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •9. Су қорын құқықтық қорғау негіздерінің тәртібіне тоқталыңыз.
- •10. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияның түрлері көрсетіңіз.
- •11. Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.
- •12. Табиғи объект үшін залал таксаларды өтеу негіздерін түсіндіріңіз.
- •13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарын, негіздерін көрсетіңіз.
- •14. Табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құзыретін түсіндіріңіз.
- •15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзіндік ерекшелігіне мысал келтіріңіз.
- •1. Табиғи ресурстарды пайдалану барысында алынатын алым салықтар тәртібін түсіндіріңіз.
- •2. Экологиялық кадастр қызметінің тәртібін түсіндіріңіз.
- •3. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
- •4. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру негіздерінің қажеттілігін дәлелдеңіз.
- •5. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
- •6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттардың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •7. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияны қолдану тәртібіне тоқталыңыз.
- •8. Жер қойнауын қорғау саласындағы заңи талаптарды сипаттап жазыңыз.
- •9. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың қызметінің бағыттарын айқындаңыз.
- •10. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді алу ережелерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Экологиялық қылмыстардың алдын алу негіздері мен шарттарын көрсетіңіз.
- •12. Орманды пайдалану құқығының түрлері мен әдістерін табыңыз.
- •13. Экологиялық сақтандырудың компенсациялық функциясын көрсетіңіз.
4. Экология құқығының қайнар көздерін атаңыз.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.
Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.
Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді.
Заңды тұлғалар. Жеке тұлғалар.
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады: 1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру; 2) ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу; 3) экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру; 4) табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру; 5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету; 6) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы; 7) қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау; 8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу; 9) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлімінде экологиялық құқықтың мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.
Ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.
