- •1. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұнына анықтама беріңіз.
- •2. Қоршаған табиғи ортаның қорғалу санаттарына тоқталыңыз.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғат объектілердің түсінігі мен құрамын ашыңыз.
- •4. Экология құқығының қайнар көздерін атаңыз.
- •5. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын пайдалануға тоқталыңыз.
- •6. Төтенше экологиялық жағдайдың орын алу негіздерін көрсетіңіз.
- •7. Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жолдарын анықтаңыз.
- •8. Табиғат пайдалануды лимиттеу және квоталау негіздеріне тоқталыңыз.
- •9. Экологиялық мониторингтің түсінігі мен түрлерін түсіндіріңіз.
- •10. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түрлерін атаңыз.
- •11. Экология құқығының жүйесін ашыңыз.
- •12. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне анықтама беріңіз.
- •13. Экологиялық сараптаманың түсінігі және түрлерін атаңыз.
- •14. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларына тоқталыңыз.
- •15. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін атап шығыңыз.
- •1. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •2. Табиғатты пайдаланушы тұлғалардың классификациясын атаңыз.
- •3. Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық неіздерін түсіндіріңіз.
- •4. Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібіне мысал келтіріңіз.
- •5. Жерді құқықтық қорғау режимін атап шығыңыз.
- •6. Мемлекеттің және құқықтың өзара экологиялық функциясын түсіндіріңіз.
- •7. Экологиялық апат аймағын тану негіздерін түсіндіріңіз.
- •8. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттын өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •9. Су қорын құқықтық қорғау негіздерінің тәртібіне тоқталыңыз.
- •10. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияның түрлері көрсетіңіз.
- •11. Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.
- •12. Табиғи объект үшін залал таксаларды өтеу негіздерін түсіндіріңіз.
- •13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарын, негіздерін көрсетіңіз.
- •14. Табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құзыретін түсіндіріңіз.
- •15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзіндік ерекшелігіне мысал келтіріңіз.
- •1. Табиғи ресурстарды пайдалану барысында алынатын алым салықтар тәртібін түсіндіріңіз.
- •2. Экологиялық кадастр қызметінің тәртібін түсіндіріңіз.
- •3. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
- •4. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру негіздерінің қажеттілігін дәлелдеңіз.
- •5. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
- •6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттардың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •7. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияны қолдану тәртібіне тоқталыңыз.
- •8. Жер қойнауын қорғау саласындағы заңи талаптарды сипаттап жазыңыз.
- •9. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың қызметінің бағыттарын айқындаңыз.
- •10. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді алу ережелерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Экологиялық қылмыстардың алдын алу негіздері мен шарттарын көрсетіңіз.
- •12. Орманды пайдалану құқығының түрлері мен әдістерін табыңыз.
- •13. Экологиялық сақтандырудың компенсациялық функциясын көрсетіңіз.
9. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың қызметінің бағыттарын айқындаңыз.
Жер қойнауының мемлекетгік мориторингі байкаулардың жұйесі болып табьшатьшдықган, оңца жер қойнауы мориторингінің белгілі бір қосымша жүйелерінің болуын да атап көрсеткен жөн. Жер қойнауы мориторингінің жүйесіне мына қосымша құрылымдар жатады: Жердің меншік иелері мен жер пайдаланушьілар тікелей байкаулар кезінде алынған пайдаланылатын жерлердің, алқаптардың, учаскелердің жай-күйі туралы бастапқы деректерді сонымен бір мезгілде есепті кезең ішінде жер құрамында болған өзгерістер туралы есеппен бірге жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке береді. Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет берілген деректерді жинақгайды және жердің болуы, сапалықжай-күйі мен пайдаланылуы туралы есеппен бірге оларды аудандық атқарушы органға және жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитетке жібереді. Үсынылған деректерді жинақтау жөне бағалау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жаңа суреттердің, зерттеулердің, ізденістердің алынған материалдары бойынша жер қорының жай-күйі туралы мағлүматтарды жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет облыстық атқарушы органға және Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттікке жібереді, олар алынған ұсыныстарды, сондай-ак мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына басшылықгы жүзеге асыратын мүдделі орталық атқарушы органдары жер қорының жай-күйі туралы мағлұматтарды жинақтайды және олардың негізінде республикада жер мориторингін жүргізу бағдарламасын әзірлейді, жердің жай-күйіне байқаулар жасайтын пункттердің аумақтық-аймақтық желісін анықгайды. Мониторингтің аумақтық-аймақтық желісіне жердің жай-күйін байқаудың тұрақты және жартылай түрақты пункттері жатады. Байқаулардың тұрақгы пункттері берілген толық күйінде және дәлме-дәлдікпен жердің жай-күйі туралы үдайы ақпарат алу үшін күрылады. Мұндай пункттерге тұрақты аландар. шешуші учаскелер мен полигондар жатады. Байқаулардың жартылай пункттері (жартылай түрақты аландар, бейіндер) жұмыстың нақты шарттары мен мақсаттарына қарай үйымдастырылады. Оларға байкаулар жасау мезгіл-мезгіл 3,5,10 және одан да көп үзілістермен жүргізіледі.
10. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді алу ережелерін сипаттап жазыңыз.
Нарықтық экономикада табиғат ресурстары, жер, су үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін Төлем, көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін Төлем, кедендік, лицензиялық Төлем мен басқа Төлем кеңінен пайдаланылады. Табиғат ресурстарын пайдалану үшін Төлем төлеу арқылы табиғат ресурстарының табиғи өнімділігіндегі айырмашылықтардан туындайтын сараланба рента алынады. Жер үшін Төлем меншіктенуге, иеленуге, пайдалануға немесе жалға жер алған заңды және жеке тұлғалардан алынады. Қоршаған ортаны ластағаны үшін салық – қоршаған табиғи ортаға ел аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар келтірген зиянның орнын толтыру нысаны. Көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін Төлемді жылуды, газды, суды, т.б. пайдаланатын жұртшылық, үй-жайды жалға алған жалгерлер төлейді. Лицензиялық Төлемді лицензия алушылар төлейді. Кедендік Төлем – Төлем көздеріне бөлінбей алынатын сома, ол кеден бажына, ҚҚС-ға, акциздерге және кеден органдарына жүктелген өзге де салықтарға баламалы сомаға тең. Карточкалық Төлем жүйелерінің дамуына орай жұртшылықтың сатып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу жолымен есептесудің үлесі көбейіп келеді.
Жалпы ережелер.
1. Осы Тәртіп қоршаған ортаны ластағаны және табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін мынадай төлемдер: 1) ластайтын заттарды шығарып тастағаны (тастағаны), өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және белгіленген лимиттердің шегінде тұтынғаны үшін (нормативтік ақы); 2) ластайтын заттарды шығарып тастағаны (тастағаны), өндіріс қалдықтарын орналастырғаны және белгіленген лимиттердің шегінен тыс тұтынғаны үшін (нормативтен тыс ақы); 3) табиғат қорғау заңдары бұзылуының нәтижесінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеу қаражатын; 4) табиғат қорғау заңдарының бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғалар мен азаматтардан әкімшілік тәртіппен өндіріліп алынатын айыппұлдар қаражатын алуды көздейді.
2. Кәсіпорындардың - табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаны ластағаны үшін нормативтік төлемдерді өнімдердің (қызмет көрсетулердің) құнына жатқызылады.
3. Қоршаған ортаны лимиттен тыс және бетімен ластағаны үшін төлемдер, табиғат қорғау заңдары бұзылуының негізінде табиғи ресурстарға келтірілген зияндарды өтеу қаражаттары тәртіп бұзушы кәсіпорынның таза пайдасынан өндіріліп алынады.
