- •1. Экологиялық құқықтық қатынастардың мазмұнына анықтама беріңіз.
- •2. Қоршаған табиғи ортаның қорғалу санаттарына тоқталыңыз.
- •3. Ерекше қорғалатын табиғат объектілердің түсінігі мен құрамын ашыңыз.
- •4. Экология құқығының қайнар көздерін атаңыз.
- •5. Табиғи ресурстарға деген меншік құқығын пайдалануға тоқталыңыз.
- •6. Төтенше экологиялық жағдайдың орын алу негіздерін көрсетіңіз.
- •7. Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жолдарын анықтаңыз.
- •8. Табиғат пайдалануды лимиттеу және квоталау негіздеріне тоқталыңыз.
- •9. Экологиялық мониторингтің түсінігі мен түрлерін түсіндіріңіз.
- •10. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығының түрлерін атаңыз.
- •11. Экология құқығының жүйесін ашыңыз.
- •12. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне анықтама беріңіз.
- •13. Экологиялық сараптаманың түсінігі және түрлерін атаңыз.
- •14. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларына тоқталыңыз.
- •15. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін атап шығыңыз.
- •1. Экологиялық сақтандырудың құқықтық негіздерін түсіндіріңіз.
- •2. Табиғатты пайдаланушы тұлғалардың классификациясын атаңыз.
- •3. Атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық неіздерін түсіндіріңіз.
- •4. Экологиялық зиянды өтеудің әкімшілік тәртібіне мысал келтіріңіз.
- •5. Жерді құқықтық қорғау режимін атап шығыңыз.
- •6. Мемлекеттің және құқықтың өзара экологиялық функциясын түсіндіріңіз.
- •7. Экологиялық апат аймағын тану негіздерін түсіндіріңіз.
- •8. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттын өз бетіңізше түсіндіріңіз.
- •9. Су қорын құқықтық қорғау негіздерінің тәртібіне тоқталыңыз.
- •10. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияның түрлері көрсетіңіз.
- •11. Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.
- •12. Табиғи объект үшін залал таксаларды өтеу негіздерін түсіндіріңіз.
- •13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарын, негіздерін көрсетіңіз.
- •14. Табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің құзыретін түсіндіріңіз.
- •15. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзіндік ерекшелігіне мысал келтіріңіз.
- •1. Табиғи ресурстарды пайдалану барысында алынатын алым салықтар тәртібін түсіндіріңіз.
- •2. Экологиялық кадастр қызметінің тәртібін түсіндіріңіз.
- •3. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
- •4. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру негіздерінің қажеттілігін дәлелдеңіз.
- •5. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.
- •6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттардың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •7. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияны қолдану тәртібіне тоқталыңыз.
- •8. Жер қойнауын қорғау саласындағы заңи талаптарды сипаттап жазыңыз.
- •9. Жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайтын арнайы мемлекеттік органдардың қызметінің бағыттарын айқындаңыз.
- •10. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді алу ережелерін сипаттап жазыңыз.
- •11. Экологиялық қылмыстардың алдын алу негіздері мен шарттарын көрсетіңіз.
- •12. Орманды пайдалану құқығының түрлері мен әдістерін табыңыз.
- •13. Экологиялық сақтандырудың компенсациялық функциясын көрсетіңіз.
7. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияны қолдану тәртібіне тоқталыңыз.
Қазақстан Республикасының 2007 жылығы 15 мамырда қабылдаған Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған үшін және сонымен қатар тәртіп бұзғаны үшін, жұмыс беруші келесі тәртіптік өндірулер қолдануға құқылы: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу - мемлекеттің құзыретті органдарының жасалған экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік өндіру шараларымен айқындалады. Мұндай органдарға сот және қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы уәкілеттенген органдар (олардың лауазымды тұлғалары) жатады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері, құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу тәртібі мен негіздеу «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексімен реттеледі. Әкімшілік жауапкершілікке, әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған сәтте 16 жасқа жеткен тұлғалар тартылады. Жеке тұлғаға әкімшілік өндіру шараларын қолдану заңды тұлғаны жасалған құық бұзу-шылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін заңды тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылуы осы құқық бұзушылыққа кінәлі жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды (ӘҚБтК 28-бабы).
Кодекс әкімшілік жауапкершілік жүктеудің алдын ала шарттары ретінде жасалған бұзушылықта қылмыстың құрамы бар-жоқ-тығын көздейді. Экологиялық қылмыс пен әкімшілік қияңқылық-тан айыратын негізгі белгілер ҚР ҚК келтірілген. Бұл экологиялық құқық бұзушылықты қайталау, қасақан құқық бузушылық жасау және т.б.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін келесі әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін: • ескерту жасау; • әкімшілік айыппұл салу; • әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; • арнаулы құқықтан айыру (мысал үшін, аң аулау құқынан); • әкімшілік камауға алу (18 жасқа толмағандарға таратылмайды); • Шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру (ӘҚБтК 45-бап).
«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі сондай-ақ лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестациясынан (куәлігінен) айыруға немесе оның қызметтің белгілі бір түріне яки белгілі бір іс-әрекеттер жасауға әрекетін тоқтата тұруға; жеке кәсіпкердің қызметіне тыйым салуға немесе тоқтата тұруға; өз бетінше салған немесе салынып жатқан құрылыстарды мәжбүрлеп бұзуға, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметіне тыйым салуға немесе тоқтата тұруды көздейді.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін барынша көп тараған әкімшілік жазаның түрі айыппұл салу болып табылады.
8. Жер қойнауын қорғау саласындағы заңи талаптарды сипаттап жазыңыз.
Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын бақылау
Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын, оның ішінде жұмыс бағдарламаларын бақылауды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жазбаша хабарламамен осындай бұзушылықтарды жою қажеттігін нұсқауы мүмкін. Хабарлама талаптарын белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келісім-шартты бұзуға құқылы.
Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға құқығы бар: • келісім-шартта белгіленген талаптарға сәйкес оған берілген келісім-шарт аумағы шегінде жер қойнауын пайдалану бойынша кез келген заңды іс-қимылдарды дербес жасауға; • келісім-шартта өзгеше көзделмесе, өз қарауы бойынша өз қызметінің нәтижелерін, оның ішінде минералдық шикізаттты пайдалануға; • келісім-шарт аумағында, ал қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушыға бөлінген өзге жер учаскелерінде жұмыстарды жүргізуге қажетті өндірістік және әлеуметтік сала объектілерін салуға, сондай-ақ уағдаластық бойынша жалпы пайдаланымдағы объектілерді және коммуникацияны келісім-шарт аумағында да одан тысқары да пайдалануға; • бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен тыс келісім-шарт тың қолданылу мерзімін ұзарту туралы келіссөздерді жүзеге асыруға; • жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігер тартуға; • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шартарды сақтаумен өзініңің құқығының барлығын немесе бөлігін беруге; • Қазақстан Республикасының заңнамасында және келісім-шартпен белгіленген шартарда өз қызметін тоқтатуға.
