Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266.75 Кб
Скачать

12. Табиғи объект үшін залал таксаларды өтеу негіздерін түсіндіріңіз.

Экологиялық залал (орыс. Экологический ущерб) — коршаған ортаның пайдалылығының оның ластануы салдарынан өзгеруі. Экологиялық залал коршаған ортаның өзгеруіне байланысты қоғамның жұмсайтын қаражатының көлемімен бағаланады. Экологиялық залал мынадай шығындарды құрайды: қоршаған ортаны өзгертуге байланысты қоғамның қосымша шығындары; қоршаған ортаны қайта қалпына келтіруге жұмсалған шығындар; табиғи ресурстардың тапшы бөліктерінің қайтымсыз шығындалуына байланысты қоғамның болашағы үшін жұмсаған қосымша шығындары.

Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағамдау үшін мынадай негізгі өлшемдер пайдаланылады: ластануды азайту шығындары; қоршаған ортаны қайта қалпына келтіру шығындары; нарықтық бағасы; қоршаған ортаның сапасын өзгертуге жұмсалатын қосымша шығындар; айналаны ластайтын заттектердің шоғырлануын азайтуға, оларды қауіпсіздендіруге жұмсалатын шығындар; адамдардың денсаулығын жақсартуға жұмсалатын шығындар.

Қоршаған ортаның ластануының әр объектіге тигізетін әсерін жан-жақты зерттеп, қосымша қажетгі шығындар анықталады.

13. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандарын, негіздерін көрсетіңіз.

Экологиялық талаптарды қанағаттандырмайтын және атмосфераға шығарылатын заттарды бақылаудың техникалақ құралдарымен қамтамасыз етілмеген жабдықтар, өнер табыстар, рационализаторлық ұсыныстар, жаңа техникалық жүйелер, заттар, материалдар, шетелден алып келген жабдықтар мен басқа да объектілер пайдалануға жатпайды. Кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді жобалау кезінде, сондай-ақ технологиялық процестер мен жабдықтарды жасау және жетілдіру кезінде атмосфералық ауаны өндірістік мұқтаждар үшін қажетті аз мөлшерін пайдалануды қамтамасыз ететін болуы тиіс. Қоршаған ортаға теріс әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді қайта бейімдеу, уақытша тоқтатып қою, меншігін ауыстыру және тарату қоршаған ортаны қорғау жөнінде арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсерді бағалау жөнінде жүргізілген тексерулерінен анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және келтірілген зиянның мөлшері белгіленген тәртіппен толықтырылғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.

Сонымен қоршаған ортаға әсерді бағалау мемлекет тарапынан басқару жүйелері арқылы бірінші кезекте шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын бастапқы экологиялық талап. Оның шаруашылықтар мен қызметтің ыңғайына қарай түрлері бар. Оларды шаруашылыққа, қызметке, тауарларға, материалдарға қойылатын талаптарға бөлуге болады. Шаруашылықтың қызмет түрлеріне қарай қойылатын талаптары да заңда көрсетілген. Мысалы: жердің жай-күйіне жасалатын теріс әсерді және жерді қорғау жөнінде көзделген іс-шаралардың тиімділігін бағалау мемлекеттік экологиялық сараптаманың, өзге де мемлекеттік сараптамалардың нәтижелері бойынша жүргізіледі, олардың оң қорытындысы болмайынша, жаңа техника мен технологияларды жүргізуге, жерді мелиорациялау бағдармаларын жүзеге асыруға, үйлер және басқа да объектілер салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға тиым салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]