Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266.75 Кб
Скачать

10. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қарастырылатын әкімшілік санкцияның түрлері көрсетіңіз.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға: 1) Жер құқық бұзушылығы; 2) Су құқық бүзушылығы; 3) Орман құқық бұзушылығы; 4) Таукен құқық бұзушылығы; 5) Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бүзушылығы (фауналық қүқықбұзушылықгары); 6) Ауаны қорғау құқық бүзушылығы болып бөлінеді. 7) Экологиялық күқық бүзушылық түрлерінің әркайсысына жер, су, орман және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады, олардың тізбесі табиғаттың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі. Бұл ретте, экологиялық күқық бұзушылыктың бір - бірінен өзгеше ерекшеліктері болады, олар туралы объектілердің кұқық бұзушылықтарын талдау кезінде төменде айтылатын болады.

Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бүзушылық экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және теріс қылық үшін әкімшілік, азаматтық жөне тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Басқа күқык бүзушылықтардан өзгеше экологиялық қүқық бұзушылықтың ерекшелігі табиғатқа келтірілетін зиян фактісінің болуы не оның басталуының нақты қаупі болып табылады. Экологиялық күқық бұзушылықгың сипаттамасына мұндай көзкарасты көптеген ғалым-экологтар қостайды. Бірақ бұл орайда, біздің ойымызша, егер олар табиғатка зиян келтіру фактісімен байланысты болмаса, экологиялық құқық бұзушылықтардан табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы занды бұзуды бөліп қараған кезде қате қорытынды жасайды. Мысалы, "табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу" (ҚР ҚК-нің 225-бабы) сияқгы қылмысты экологиялық қылмысқа жатқызбайды, өйткені табиғат объектісі ретінде суға зиян келтірмейді. Осьшы табиғат объекгілеріне — сату-сатып алуға, сыйға тартуга және т.б. мемлектгік меншік күкьіғын бүзатын мәмілелер туралы да аіһуға болады — өйткені бұл арада да табиғатқа зиян келтіру болмайды.

11. Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.

Азаматтардың жалпы орман пайдалану құқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекетгік орман қорыньщ аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақгы абаттандырудың деңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақгар туралы жеке-дара ережелермен анықгалады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықгыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында рүқсат құжаттарынсыз тегін болуына күқығы бар. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында өздерінің мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңыраукұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға облыстық атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуы жөне жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігі мүдделері үшін, жаңғақ кәсіпшілігі, орман-жеміс, орман-тұқым және аң аулау шаруашылығын жүргізуге шектеулер қойыпуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]