Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266.75 Кб
Скачать

8. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттын өз бетіңізше түсіндіріңіз.

Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттің саясаттың негізгі мақсаттары: мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету; фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiн, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған ортаның ластануын алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.

Алға қойылған міндеттерді орындау, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешекндегі мемлекеттік инспекциясына және оның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген.

Міндеттерді атқару үшін комитет және оның аумақтық бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады: қауіпті және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингті ұйымдастырады және оның жүгізілуін бақылайды; Қазақстан Республикасы өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оны жою және фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қажеттігі туралы туралы ұйғарым шығарады және олардың орындалуын бақылайды; өсімдіктерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы аумағына бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) үлестіріп бөледі; фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастырады және орындалуын қадағалайды; тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастырады; мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру; пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiру сынақтарын және мемлекеттiк тiркеудi ұйымдастыру және бақылау; өсімдіктерді қорғау саласы бойынша халықаралық бағдарламаларға қатысады; Өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Мемлекеттiк инспекторлар жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiс беске дейiнгi АЕК, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу АЕК көлемінде айыппұл салады.

9. Су қорын құқықтық қорғау негіздерінің тәртібіне тоқталыңыз.

ҚР Су кодексінің 8-тарауы — "Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлау" су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың міндеттерін, сму ресурста-рын кешенді пайдалану мен қорғау схемаларын әзірлеуді сондай-ақ оларды пайдалану болжамын көздейді. Мысалы, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мівдеттері: халықгың ауыз су мен түрмыстық қажеттерінің бірінші кезекте қанағатгаңцырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негізделген түрде бөлуді қамтамасыз ету; сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік жоспарлау үшін су шаруашылығы баланстары жасалады, су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының қүрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзірленеді.

Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемаларын су қорын пайдалану қорғау саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзірлейді. Кешенді схемаларда көзделетін іс-шаралар: 1) өндіріс технологиясын жетілдіру негізінде су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалануға; 2) суы аз және сусыз процестерді қолдануға; 3) суару жүйелерінде және сумен жабдықтау жүйелерінде су ресурстарының кдйтарымсыз ысырабын азайтуға; 4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемін азайту есебінен жергілікті су ресурстарын мүмкіндігінше барынша пайдалануға; 5) қалаларды, елді мекендерді, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектілерді су басуының және топан су басуның алдын алуға бағытталуға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]