Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2014-2015EKZ.suR.shP.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
266.75 Кб
Скачать

5. Жерді құқықтық қорғау режимін атап шығыңыз.

Жердің құқықтық режимі Казақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күші бар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығымен және 1997 жылға 27 каңтардағы N 106 Казақстан Республикасының жер қойнауының құқықтық режимі туралы Ережемен реттеледі.

Жердің құқықтық режимі — жер қойнауының мемлекеттік қорын үтымды пайдалануды және олардың өзгерулерін анықтау, келеңсіз процестердің салдарларын бағалауды, алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету құқықтық реттеу болып табылады. Жер қойнауы объектісін, оның субъектілерін, жер қойнауы мориторингінің мақсаттары мен міндеттерін, түрлерін, мазмұнын, жүйесі мен әдістерін ашатын ережелерін басшылыққа ала отырып, жер қойнауы мориторингінің не екенін қарастырайық.

Жер қойнауы мориторингінің объектісі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және оңда болып жаткан процестер болып табылады. Егер мориторинг объектісінің анықгамасына неғүрлым егжей-тегжейлі келетін болсақ, онда оларға тау-рудалы аудандарын, мүнайлы-газды провинцияларды, жер асты суларының бассейндерін, пайдалы казындылар кеніштерін, оның ішінде жер асты суларын, сулы кешендер мен горизонттарды, су өтпейтін калың кабаттарды, өздерінде геологиялық процестер жүріп жататын геологиялық денелерді геофизикалық, сейсмикалықгравитациялықжәне баскд аландарды, жер қойнауын пайдалану учаскелерін және жер қойнауының ластануын, тау-кені шығарылып жаткан жерді және судың бас сағасын және баскаларын қоса алғанда, табиғи және табиғи-техногеңцік жұйелер жатады.

6. Мемлекеттің және құқықтың өзара экологиялық функциясын түсіндіріңіз.

7. Экологиялық апат аймағын тану негіздерін түсіндіріңіз.

1) Каспий - жер шарындағы басқа мұхиттармен, теңіздермен тікелей де, не бұғаз каналдармен тікелей байланысы жоқ, тұйық су көзі. Бұл тұрғыдан оны көл қатарына жатқызады. Ал,көлеміне,даму тарихына,физикалық-географиялық даму сатыларының сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Сондықтан Каспий жағалауындағы 5 мемлекет: Ресей Федерациясы, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан республикалары мен Иран мемлекеті Каспийді не көл, не теңіз деп атап келеді. Каспий теңізі бұдан 1,5 миллион жыл бұрын дүниежүзілік мұхиттардан бөлініп қалған, содан бері оның көлемі бірнеше өзгерген. Каспий теңізі-өзіне құятын өзендермен қоса алғанда ішкі сулардың ішінде балық шаруашылығы жөнінен ерекше орын алатын су көзі. Бекіре тұқымдас балықтардың дүниежүзілік қорының 90%-н ала отырып, оның өнімдерін ішкі және сыртқы базарларға шығарады. Тұщы суда өсетін қара балықтарды аулау дүниежүзінде бірінші орын алады. Каспий теңізінде балықтар қорының азаюына бәрінен бұрын адам әрекеті үлкен зиян келтіреді. Бекіре тұқымдас балықтардың қорының азаюына өзендерде су электр станцияларын, бөгеттер, су қоймаларын тұрғызу, өзен мен теңізді ластау, аяғында жаппай етек алған броконерлік үлкен зиян тигізіп отыр. Қазіргі кезде бекіре тұқымдастар құрып кету қаупінде. Қазақстан Республикасының үкіметі балық қорын қорғау, оның ұлғайту жөнінде шараларды қолға алуда.

2) Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда, Каспий теңізінен едәуір жас. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында алғашқы рет суға толған. Сол кезде Әмударияның ескі арнасы арқылы бірнеше рет Каспий теңізімен жалғасып, үзіліп отырған. Сөйтіп, қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.

Арал апаты - Арал теңізінің тартылуына байланысты. Оңтүстік Арал мен Қазақстанның үлкен аймағындағы адамға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экологиялық әлеуметтік-экономикалық үлкен апат. Бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқр, қаяз, ақмарқа, алабұға) құрып кетті. Арал аймағынан жүздеген мың адам туып өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұрын теңіз маңындағы мекендеген су құстары түгелге жуық Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итбала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр т.б) құрып кетті. Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері –антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамиды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. Арал тағдыры – адам тағдыры болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

3) Әскери полигондар. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағдарламасында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында қолданылды. Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды. «Семей» ядролық полигонының аумағы 18,5 мың км2. Полигон бұрынғы Семей облысы. Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470-тей қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жер астында жасалды. Семей ядролық полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосындысы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]