- •Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі. Әлеуметтік саясат
- •10.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы
- •10.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •Сурет 10.1 Лаффер қисығы
- •10.3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
- •10.4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
- •4. Тұтынушылық несие.
- •5. Халықаралық несие.
- •10.5 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы
- •Сурет 10.2 Лоренц қисығы
- •Сурет 10.3 Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері
Сурет 10.3 Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері
Джини коэффициенті – бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді анықтай-тын көрсеткіш, ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің олардың тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш Лоренц қисығы салынған фигура алаңының абсолютті теңдік сызығы салынған үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде анықталады:
КДж = М ауданы / N ауданы
КДж шамасы шын мәнінде 0 мен 1-дің арасында болады, егер коэффи-циент нөлге тең болса, онда экономикада абсолютті теңдік орнайды, ал 1-ге тең болса, онда экономикада абсолютті теңсіздік орнайды, яғни барлық жиынтық табыс бір адамның қолында болады деген сөз, алайда мұндай жағдайлардың орын алуы мүмкін емес.
Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне байла-нысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей топтағы азаматтар өмір сүреді.
Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі. Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-н азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен бірнеше көрсеткіштер байланысты: минималды жалақы, минималды зейнетақы, шәкіртақылар, бірқатар жардемақылар. Өмір сүрудің осындай шегі кедейшілік-тің негізгі сипатты белгісін анықтайды. Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру деңгейі деген ұғым туындайды.
Өмір сүру деңгейі – бұл адамдардың өмір сүруінің негізгі қажеттілікте-рін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен қызметтер деңгейі, әл-ауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен көрсеткіштер жиынтығы.
Өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері (индикаторлары):
халықтың әртүрлі табыстары (орташа атаулы және нақты табыс, орташа жалақы, зейнетақының орташа деңгейі, өмір сүру минимумының деңгейі, т.б.);
баспана (бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы);
денсаулық сақтау (1000 тұрғынға келетін аурухана керуеттерінің саны);
білім беру (орташа және жоғары оқу орындарының саны, халық санындағы студенттердің үлес салмағы);
мәдениет (кітаптардың, журналдар мен газеттердің саны);
жылжымайтын мүлік және ұзақ қолданылатын тауарлардың болуы;
тамақ (калориялығы, азық-түлік құрамы);
демографиялық үрдістер (өмір сүрудің ұзақтылығы, туу/өлу, некелесу/ажырасудың күтілетін деңгейі);
қауіпсіздік (тіркелген қылмыстар саны).
Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген түсінік кеңінен қолданылады.
Өмір сүру сапасы – бұл өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерімен қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесін, адамды қоршаған ортаның жағдайларын, моральді-психологиялық климат жағдайларын, рухани ыңғайлылықты есепке алатын жалпылама әлеуметтік-экономикалық категория. Өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштер әдетте, статистикалық өлшемдерге бағына бермейді, соның салдарынан елдің өмір сүру сапасын бағалау аса қиынға соғады.
Дегенмен, 1990 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы әртүрлі елдердің өмір сүру сапасын және оны салыстырмалы бағалау үшін агрегатталған көрсеткішті қолданып келеді. Бұл көрсеткіш бастапқыда «адам дамуының индексі» деп аталды. Ал қазіргі уақытта, ол «адам әлеуеті дамуының индексі» (АӘДИ) деп аталады. Осы индекс мына үш көрсеткіштің орташа арифметикалық өлшенген шамасы ретінде анықталады:
жан басына шаққандағы ұлттық табыс немесе ЖІӨ (ЖІӨжбш);
ересек адамдардың білім деңгейі (1бд);
өмір сүрудің ұзақтылығы (1өсұ), яғни:
АӘДИ = (ЖІӨжбш + 1бд + 1өсұ) / 3.
Көптеген жылдар бойы осы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарлы орындарды Норвегия, Швеция, Австралия, Канада, АҚШ, Жапония мемлекет-тері алып келеді.
Өмір сүру деңгейін анықтайтын басқа да көрсеткіштер бар. Мысалы, шетелдік әдебиет көздерінде халықтың өмір сүру қабілетінің коэффициенті, жан басына шаққандағы адам капиталы, қоғамның интеллектуалдық әлеуетінің индексі сияқты көрсеткіштер сипатталады.
Қазіргі нарықтық қатынастар еңбек ету құқығына, тұрақты табыс табуға, білім алуға кепілдік бермегендіктен және мүгедектерді, зейнеткерлерді және басқа да азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ете алмайтындықтан мемлекет әлеуметтік салаға, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру-ға және табыстарды қайта бөлуге міндетті түрде араласады.
Елдегі табыстарды қайта бөлудің ең басты құралы мемлекеттік бюджет болып табылады, ол халықты әлеуметтік қорғау механизмін анықтайды.
Әлеуметтік саясатпен іске асырылатын халықты әлеуметтік қорғау жүйесі екі негізгі әдісті қолданады:
Әлеуметтік қорғау – қоғамның барлық мүшелерінің қажетті материал-дық және әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің шаралары.
Әлеуметтік кепілдемелер – қоғамның оның әрбір мүшесінің алдында ең басты қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша міндеттемелері.
