- •Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі. Әлеуметтік саясат
- •10.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы
- •10.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
- •1) Салықтар:
- •2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •Сурет 10.1 Лаффер қисығы
- •10.3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
- •10.4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
- •4. Тұтынушылық несие.
- •5. Халықаралық несие.
- •10.5 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы
- •Сурет 10.2 Лоренц қисығы
- •Сурет 10.3 Салықтар мен трансферттердің табыстардың теңсіздігіне әсері
Сурет 10.1 Лаффер қисығы
10.3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
Ақшалар айналыс құралы ретінде қоғамның экономикалық әрекеттерін келісімді түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Ақша жүйесі – бұл тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы, жеке элементтері белгілі бір бірлікте болатын жүйе.
Ақша жүйесінің негізгі элементтері:
- ақша бірлігі мен баға атаулары;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
- нақты ақшаны қажет етпейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
- ұлттық валютаның бағамы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын қаржы-несие органдары жүзеге асырады.
Ақша массасы – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы. Ақша массасының көмегімен шаруашылық-тағы тауарлар мен қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының шамасы ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы факторларына тәуелді болып табылады.
Ақша массасының құрылымын ақша агрегаттары анықтайды.
Ақша агрегаттары:
М0 = айналыстағы қолма-қол ақшалар;
М1 = М0 + жинақ банктеріндегі, коммерциялық банктердегі халықтың және кәсіпорындардың талап етілгенге дейінгі депозиттері, халықтың және кәсіпорындардың есеп-айырысушылық және ағымдық шоттардағы қаржылары, саяхатшылардың чектері;
М2 = М1 + кіші жедел салымдар;
М3 = М2 + ірі жедел салымдар, банктердің депозиттік сертификаттары, мемлекеттік займ облигациялары.
Сонымен қатар, нарықтық экономикасы дамыған елдерде L деген агрегат та қолданылады, яғни,
L = M3 + қазыналық жинақ облигациялары, коммерциялық қағаздар, қыс-қа мерзімдік мемлекеттік міндеттемелер және т.б.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін біріктіріп ақша массасының үлкен көлемін құрайды. Ақшаның өтімділігі мен табыстылығы арасында кері байланыс бар, яғни ақша агрегаты іріленген сайын оның табыстылығы жоғарылай береді және өтімділігі төмендей береді, керісінше, бастапқы кіші агрегаттардың (М1) өтімділігі жоғары, ал табыстылығы мүлдем болмайды немесе төмен болып табылады.
Экономикада М1 және М2 ақша агрегаттары аса жиі қолданылады.
Ақша массасының теориясын, соның ішінде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысын неоклассикалық мектептің құрамдас бір бөлігі ақшаның сандық теориясы зерттейді. Бұл теорияның негізгі өкілі, американдық экономист Ирвинг Фишер (1867-1947) мынадай теңдеуін ұсынады:
MV = PY,
мұнда, М – айналыстағы ақшаның саны; V – ақша айналымының жылдам-дығы; Р – елдегі бағалардың орташа деңгейі; Y – экономикада өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің саны.
Бұл теңдеуге сәйкес мынадай болжам жасалынады, яғни V мен Y тұрақты, себебі олар ұзақ мерзімді факторлармен анықталады.
10.4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
«Несие» (кредит) сөзі латынның «credo» деген сөзінен аударғанда «сенемін» деген мағынаны білдіреді.
Несие деп мерзімділігі, қайтарымдылығы және пайыздың төленуі жағдайында ақшалай немесе тауарлық нысанда берілетін қарызды айтады. Несиелік келісім – бұл төлем мерзімі кешіктірілген сату-сатып алу қатынаста-ры. Несие берудің мақсаты болып табыс алу табылады. Несие жүйесі – бұл несиелеу нысандарының және әдістерінің, несиелік қатынастардың жиынтығы, яғни несие жүйесі банктік, коммерциялық, тұтынушылық, мемлекеттік және халықаралық несиелер арқылы көрініс табады. Несие жүйесі несиелеудің негізгі принциптеріне сәйкес, ақша қаражаттарын жасаушы, жұмылдырушы және ұсынушы несиелік институттардың жиынтығын сипаттайды. Несие жүйесі банктік жүйеден және банктік емес қаржы-несие институттарынан құралады.
Қазіргі уақытта, несиенің кең тараған нысандары бар:
1. Коммерциялық несие тауарды төлем мерзімін кейінге қалдырып сату кезінде орын алады. Мұндай несиенің мақсаты тауарлардың өткізілуін жеделдету болып табылады.
2. Банктік несие банктердің кәсіпкерлерге және басқа да қарыз алушыларға қарыз ретінде беретін ақша қаражаттарын білдіреді. Несиенің бұл нысаны коммерциялыққа қарағанда аса икемді болып табылады, өйткені, ол несиелік келісімдер сомасымен, олардың бағытталуымен және мерзімімен ерекшеленеді.
3. Мемлекеттік несие – мемлекеттің халыққа пайызбен немесе мақсатты түрде пайызсыз түрінде беретін қарыздары мен қазыналық міндеттемелері.
