Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом 10.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.57 Кб
Скачать

1) Салықтар:

- корпорациялық табыс салығы;

- жеке табыс салығы;

- қосылған құн салығы;

- акциздер;

- экспортқа деген ренталық салық;

- жер пайдаланушыларына салық;

- әлеуметтік салық;

- көлік құралдарының салығы;

- жер салығы;

- мүлік салығы;

- ойын бизнесіне салық;

- тіркелген салық;

- бірыңғай жер салығы.

2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

- мемлекеттік баждар;

- тіркеу алымдары;

- Қазақстан Республикасының территориясы бойынша автокөлік құралда-рымен жүргені үшін алымдар;

- аукциондардан алымдар;

- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін лицензиялық алымдар;

- телевизиялық және радиолық таратқыш ұйымдардың радио-жиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алымдар;

- жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер;

- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлемдер;

- жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлемдер;

- орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін төлемдер;

- қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және ұялы байланысты қолданғаны үшін төлемдер;

- кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;

- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер.

Салықтар құрылымында маңызды орынды тікелей және жанама салықтар алады. Тікелей салықтар деп біз салық салу объектісі ретінде физикалық және заңды тұлғалардың табысынан (пайдасынан), табиғи ресурстардан және табыс табуға мүмкіндік беретін басқа да факторлардан алынатын салықтарды атаймыз. Қазақстан Республикасында тікелей салықтарға корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салық, мүлік салығы және басқалары жатады.

Жанама салықтар – бұл тауарлар мен қызметтерді өткізу, экспорттық-импорттық және сол сияқты операцияларымен байланысты тауар бағасына үстеме немесе пайыз қосу арқылы алынатын салықтар. Қазақстанда жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциздер жатады.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуі-не, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшерлемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып және өз табыстарының бір бөлігін жасырып «көлеңкелі» бизнеске кетуі мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономикалық қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 14.1-суретте көрсетілген.

Сонымен, Лаффер әсері – бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтар-дың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі.