Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
exp.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қасымжан Ж.А.

ВИДЕОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ҚҰРАЛ ЖАБДЫҚТАРЫ. АҚПАРАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ КОМПОНЕНТТЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 5B070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Алматы 2015ж.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қорғауға жіберілді

кафедра меңгерушісі _________ Б.А.Урмашев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ВИДЕОТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ҚҰРАЛДАРЫ. АҚПАРАТТЫ БЕЙНЕЛЕУ КОМПОНЕНТТЕРІ»

5B070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша

Орындаған Қасымжан Ж.А.

Ғылыми жетекші :

ф.-м. ғ.к., доцент Тюлепбердинова Г.А.

Нормобақылаушы: в1?

Алматы 2015ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

I бөлім. Енгізу – шығару құрылғылары

    1. Электронды сәулелік түтікшелі монитор

    2. Түрлі – түсті электронды сәулелік түтікшелі монитор

    3. Жазық панельді монитор

II бөлім. Видео

III бөлім. Видеотехнологиялардың компьютерлік құралдары

IV бөлім. Бағдарлама.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты жаңа технологиялар жарық көруде. Қазіргі таңда бізге электронды есептеуіш машиналардың алты буыны белгілі. Алғаш компьютерлер 1959 жылға дейін шығарылған электронды лампалық машиналар болатын. Бірақ бұл машиналарда монитор немесе дисплей болмаған. Алғаш мониторлық жүйе 1968 жылға дейін шығарылған есептеуіш машиналарда болды. 1975 жылдан бастап шығарылған компьютерлерге байланысты деректердің визуалды (бейнелік) түрдегі берілуі және өңделуі дамыды. Бұл дегеніміз видеотехнологияның және ақпаратты бейнелеу компоненттерінің даму кезеңінің басталуы.

Компьютерлік технологиялардың бір бөлімі ол – видеотехнологиялар болып табылады. Уакыт өтуге байланысты видеотехнологиялар да жаңа деңгейге өтуде. Видеотехнологиялардың дамуымен байланысты ақпарат түрі де өзгерді , яғни көне бейне материалдарды компьютер жадысына енгізу яғни, аналогты пленкадағы бейне материалды цифрлық материалға айналдыру арқылы жүзеге асты. Одан ары қарай қысқаша айта кетсек видеомагнитофон, видеокамералар шыға бастады. Технологиялық үдерістер нәтижесінде енді ол видеомагнитофондар мен видеокамералар сандық форматқа көшті. Яғни бұрынғы касеталар ығыстырылып флэш жадылар дәуірі келді.

Видеотехнологиялардың аппараттық қондырғылары көбінесе ақпаратты көрсету үшін, яғни ақпараттың визуализациясы үшін қолданылады. Қазіргі таңда Электронды Сәулелі Түтікшелі мониторлар үлкен қолданыста, бұл ЭСТ жаңалықтары видеотехнологиялардың дамуының себепшісі болып табылады. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан түрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.

Бұл жұмыста видеотехнологияларға толықтай сипаттама беріледі. Менің жұмысты орындаудағы мақсатым заманауи технологиялық жабдықтарды қолдана отырып видеоматериалмен жұмыс істейтін қосымша жасап, оны барынша пайдалы жасау.

Енгізу - шығару құрылғылары

Ақпарат термині латынның «informatio» сөзінен шыққан және бұл сөз білдіру, айту деген мағынаны береді. Информатика ғылымы ақпарат біздің қоршаған орта, яғни, кез келген объект, дыбыс жайлы маңызды мағлұматтар жиынын құрайды деп анықтама береді. Ақпараттық үдерістер адам өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ақпарат сөзімен қатар компьютер сөзі бірге жүреді. Кез келген ЭВМ орталық процессор, яғни арифметика-логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), жүйелік шина (аналық тақта), оперативті жады, тұрақты жадыдан басқа енгізу-шығару құрылғыларынан тұрады. Компьютерге мәліметті енгізу үшін енгізу құрылғылары, ал ақпаратты шығару үшін шығару құрылғылары қолданылады, оларды көбінесе біріктіріп енгізу-шығару құрылғылар блогы деп атайды.

Енгізу құрылғыларының негізгі екі типі бар. Олар мәліметтерді енгізу құрылғылары және командаларды енгізу құрылғылары. Келесі мәліметтер енгізіледі: өңделмеген текст (символдар тізбегі); сандар; суреттер; аудиомәліметтер; видеомәліметтер. Келесі командалар енгізіледі: инструкциялар; бағдарламалар; қолданушының реакциясы. Көп жағдайда негізінен ақпаратты енгізу үшін пернетақта қолданылады. Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайаланылады. Әзірге компьютерге адамның дауысын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта – пайдаланылушылардың компьютерге әріптік – сандық ақпартты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді. Пернетақтамен қоса негізінен тінтуір (мышь) жүреді. Сенсорлық экранмен көбінесе мини-компьютерлер, яғни смартфондар, планшеттер жасалған. Бұл экрандар тінтуір мен пернетақтаның қызметін бірге орындайды. Көрсеткіш құрылғының функциясы арнайы стилус қауырсынымен экранға тиісу арқылы орындалыды, бұл кезде бір рет немесе екі рет шерту орындалыды (бұл жерде «click және double-click» термині қолданылмайды, «tap және double-tap» термині қолданылады).бұл әдіс физикалық пернетақтаның болуын қажет етпейді. Графикалық мәліметтерді енгізу құрылғыслары –сандық фотоаппараттар, сканерлер, фидеоақпаратты енгізу құрылғылары, сандық және аналогтық видеокамералар, видеомагнитофондар, және де тұрмыстық техника (тұрмыстық техника мен технологиялық және телеметрикалық аппаратуралардың датчиктеріндегі мәлметтерді оқитын құрылғы). Бұл компьютермен тікелей байланыса алатын құрылғылардың аз бөлігі ғана болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]