- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттатмасы
- •Заңсыз кәсіпкерліктің обьективтік және субьективтік белгілері
- •Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағы
- •Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасаудың обьективтік және субьективтік белгілері
- •Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың обьективті субьективті бегілері
- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың динамикасы, криминологиялық сипаты, құрылымы
- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.
Бұл бөлімде біз кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың жасалу, шығу себептері мен осы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың жасалуына әсер ететін жағдайларды қарастыратын боламыз.
Себептілік ( казуалдылық, лат. сausa – себеп) - белгілі бір себеп келесі бір себептің туындауына өз әрекетімен жағдай жасайтын философиялық категория болып табылады.
Дүниедегі барлық құбылыстар мен процестердің дамуы бір – біріне өзара тәуелді болып табылады.
Осыған байланысты Е.И. Қайыржанов былай дейді: « Обьективтік шындықтың әрбір құбылысы, кез – келген процесі немесе заты – бар боллғаны оқиғалардың жалпылама тізбегінің бір сәттік звеносы ғана» [24. Б. 133].
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын зерттеу бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында әрқайссысы өз тәуелсіздігін лғаннан соң ғана зеріттеле батады. Соның ішінде Қазақстан Республикасында да. Себебі КСРО кезеңінде жалры кәсіпкерлік қызметпен айналысудың өзі қылмыс болп табылатын, ал қазргі күндк кәсіпкерлік қылмыс емес мемекет экономикасының негізгі қозғалтқыш күші болып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайлры негізінен тәуелсіздік алғаннан соң зерттеле бастады десек қате айтпаған боламыз.
Кейбір авторлардың пайымдаулары бойынша қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтау үшін статистикалық деректер мен , әлеуметтік қарама – қайшылықтарға, өтпелі кезеңнен нарықтық экономикаға өту барысындағы барша мәліметтерге сүйене отырып анықтау керек деген секілді ой білдіріп кетеді [203. Б. 142].
Сонымен қатар қылмыстылықты туындататын себептер мен жағдайларды баяндайтын нақты бір айқындап көрсететін себеп жоқ. Әр қылмыстың себебі әр түрлі болуы мүмкін. Барлық қылмысты анализ немесе экономикалық есептер негізінде анықтау мүмкін емес. Осы біздің ойымызға ұқсас ойды кейбір ғалымдар да үстанады. Олардың пайымдаулары бойынша « нет и единого облика преступности для всех времен и народрв. Поэтому нельзя рассчитывать на создание какого-либо универсального каталога причин» [204].
Криминологиялық оқулықтарда қылмыстылықты туындататын көбінен кездесетін себептер мен жағдайар дайында көбірек мәліметтер жазылғаны белгілі. Сонымен қатар осы себептер мен жағдайлар әрттүрлі қылмыстардың туындауына жағдай жасауы бден мүмкін. біздің пайымдауымыз бойынша төмендегі авторлардың еңбектері дұрыс бағытта жазылған деп есептейміз. Олардың пайымдаулары бойынша бірінші кезекте себептер мен жағдайларды анықтау үшін әртүрлі аумақтарда өмір сүретін адамдардың өмір сүру жағдайын ғ со жағдайлардың өзгеруін. Со аумақтардағы жалпы қылмыстылық деңгейіне сараптама жүргізіп анықтағанымыз жөн болатынын айтып кеткен [205. Б. 76-80].
Отандық қымыстық заң ғылымының корифейі атанған Е.И. Қайыржанов қылмыстылықтың құрылымына байланысты өте ауқымды . нақты түсіндірме беріп кеткен: «элементарная структура причины любого приступления состоит из волевого акта, соприкосновения или взаймодействия антиобщественных взглядов, навыков, привычек с конкретной жизненной ситуацией и неблагоприятных условий формирования личности» [207. Б. 208].
Бұдан түсінуге болатыны кез келген қымыстың себебі ретінде жағдайынң бомауын қарастыра деруге болмайды. Себебі кейбір қымыстарды жасаушы адам, кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарға да қатысты көбінесі дұрыс білім алған, жақсы ортада тәрбиеленген, отбасылық жағдай жақсы тұлғалар болып келеді. Демек нақты бір категорияны айтып өткеніміз дұрыс көзқарас емес деп есептейміз.
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың өсуіне әсер ететін негізгі фактор ретінде белгілі бір ортаның адамдарының экономикалық әлсіздіктер мен заңдық қадаңалаудың нашар болуы салдарынан баю мен пайда табу мақсаты болып табылады.
Рессейлік ғалымдар Н.И. Ветров пен М.Н. Зацепин келесідей криминологиялық факторларды кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары ретінде көрсетеді:
Көптеген азаматтардың нарықтық экономиканың дамуы барысында дұрыс экономикалық сипаттағы қабілетінің болмауы;
Олардың дұрыс шарттар мен шаруашылық операцияларын жүргізі туралы аз мәліметке ие болуы;
Заңа қылмыстылықтың пайда болуы, экономикалық қызмет саласындағы құқықбұзушылықтардың диспозициясының өзгеруі;
Кәсіпкерлік саласындадағы жағдайлардың криминогендік өзгерулері жайында құқық қорғау органдарының ұйымдастыруышылық, басқарушылық қызметінің артта қалуы;
Халықтың өмір сүру жағдайының дифференцияциялануы, копшілік халықтың жағдайының төмендеуі ал аздаған бөлігінің ірі мөлшерде пайда табуға бейімделуі;
Пайда табу мақсатына жету жолында кәсіби санасын пайдалануы, экономикалық инфляцияның құрылымының заңдылықтарын пайдалана отырып пайда табуға байланысты қоғамдық қауіпті қылмыстылықтың дәрежесінің көтерілуі [210. Б. 12].
Отандық ғалым Алибекова А. М. ханымның қаржы олициясына жүргізген сауалнамасының қорытындысына сәйкес экономикалық қызмет саласындағы қылмыстылықтың соның ішінде кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың дамуына себеп болатын жағдай ретінде:
Сауалнама жүргізгендердің 40% экономикалық қызмет саласын реттеудегі салық жүйесіндегі проблемалар деп жауап берген;
Азаматтық, әкімшілік, азаматтық заңнамалардың өзара сәкес еместігі дегенді 12% таңдаған;
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дұрыс жұмыс атқармауы – 31%;
Салынатын салықтың тым жоғарғы болуы – 17% жауап берген [25. Б. 108].
Заң әдебиеттерінде көптеген ғалымдрдың көзқарастары бойынша кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылыққа экономикалық сипаттағы факторлар әсер етеді деген көзқарастар бар.
Экономикалық сипаттағы факторлардың болмауы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының болмауына алып келетіні жайлы М. М. Бабаев пен И.С. Шляпочников атап кеткен [211. Б.13].
Ал, Н. Ф. Кузнецова болса кәсіпкерік саласындағы қылмыстылықтың экономикалық қатынастармен өзара байланысты екендігі жайлы айтып кеткен [190. Б. 64].
Б. Х. Төлеубекованың пайымдауы бойынша, қылмыстылық әлеуметтік- экономикалық жағдайлардан туындайды, соның нәтижесінде белгілі бір тұлғалар өзгеердің мүдделерін ескермей қылмыстылыққа баратыны жайлы айтып кеткен [51. Б. 82].
Жоғарыда кетірілген мәліметтерге сүйене отырып біздің пайымдауымыз бойынша заңды кәсіпкерлікті жүсеге асыруға келтіретін себептер мен жағдайлар ретінде төмендегілер табылады:
Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың қызметінің дүрыс жүргізілмеуі;
Кәсіпкерік қызметті қадағалаушы мемлекеттік органдарда бюрократизмнің болуы;
Көптеген кәсіпкерлердің бәсекелестік жағдайында жұмыс ісеу тәжірибесінің болмауы;
Салықтық заңнаманың толыққанды жетілдірілмеуі;
Заңды бұза отырып оңай жолмен пайда табуға бейімділік.
Белгілі бір әлеуметтік топтар өзгелердің есебінен тез уақытта байюдың әртүрлі жолдарын қарастыра бастайды, сол жолдарды іздей отырып қылмыстық құықы бұзушылықтрға да барады.
Осыған байланысты Ч. Х. Райттың келтірілген ойлары қызықты болып көрінеді. Оның пайымдауы бойынша, экономикалық қызметті реттеуге кез келген моральдік не болмаса сәйкес заңдардың қабылдануы да әсер ете алмайтынын айтқан. Бұл өз ретінде дуаланған орта сияқты: мемлекет кассасындағы жетіспуешілік салықты төмендетуге мүмкіндік бермейді, ал тұтынушы болса арзан қызметтер мен тауарлар алғысы келеді. Көптеген адамдар салықтан жалтарғаны нәтижесінде олардың ауыртпашылығы өзге салық төлеушілерге түседі. Бұл тиісінше заңсыз экономиканың дамуына өз септігін тигізетіні жайлы қызықты пайымдау білдіріп кеткен [214. Б. 62]. Осы аталған ой біздің пайымдауымызша тікелей кәсіпкерлік қызметтің себептері мен жағдайарына да келетін секілді.
Мемлекеттегі кәсіпкерліктің дамуына ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметтер де үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпкерлік саласы ол мемлекет экономикасының негізгі қозғаушы күшінің бірі болып табылады. Сондықтан ұзақ уақыттарға жоспарланған мемлекет тарапынан қадағалау, басқару шаралары талап етеді. Бұндай шаралардың нәтижесі, әрине, нарықтық экономикаға негізделген құқықтық мемлекеттің құрылына септін тигізеді. Біз бұл паймдауымызбен мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласында мүлде қадағалау болып жатқан жоқ дегіміз кеп тұрған жоқ, тик қана дұрыс басқару мен ұйымдастыпудың болмағаны жайла ғана айтып отырмыз.
Кәсіпкерлік саласындағы ұйымдастырушылық – басқарушылық сипаттағы қадағалаудың дұрыс жүргізілмеуіне қатысты криминогендік себептер:
Кәсіпкерліқ қызмет саласындағы басқарудың төмендеуі;
Қадағалаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызмет субектілеріне қатысты басқарудың төмендеуі;
Басқару саласында кәсіпкерік субьектілерінің болмауы.
Осымен біз кәсіпкерлік саладағы қылмыстылықытың дамуына тек қана экономиалық факторлар ғана емес, ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың да тікеей әсері барлығы жайлы айтып өттік.
Мемлекеттік органдардың өз қызметін дұрыс жүзеге асырмауына тағы да бірнеше себептер де әсер етуі мүмкін. Мысалыға: сыбайлас жемқоррлық, немқұрайлылық деген секілді себептер.
« Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане» еңбегінің авторларының пайымдаулары бойынша мемлекеттің экономикасының дамуына кері әсерін тигізетін тағы бір себеп ретінде көлеңкелі экономиканы атап көрсетеді [52. Б. 8].
Осы көлеңкелі экономикаға байланысты А.Н. Шохиннің ойы бойынша көлеңкелі экономиканы экімшілік – басқарушылық жүйе туындатады. Мүлде қарастырылмаған, реттелмеген және заңға қайшы экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығы екенін атап кеткен [215. Б. 52].
Бұл анықтамадан түсінуге болатыны көеңкелі экономиканңың дамуына тікелей басқарушылық органдардың әсері болады деген сөз.
Осыған байланысты 2005 – 2007 жылдар араығында жүргізілген экономика саласындағы жүргізілген құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес көлеңкелі экономиканың белседілігінің негізгі себебі ретінде рационоалды эмес құықтық режим танылған. Бизнестің дұрыс дамуына тек қана аз ғана жағдайларда ғана сол бизнестің дұрыс ұйымдастырылуы себеп болса, көп жағдайларда заң тарапынан қойылатын шектеулерге байланысты болып табылған. шенеуніктермен не болмаса өзгедей таныстары мен артықшылықтары бар кәсіпкер осы шектеулерді айналып өту арқылы тек өндірушілікпен ғана айналысатын кәсіпкерге қарағанда көбірек пайда табады. Заңды кәсіпкерлік саласындағы көлеңкелік операциялардың негізгі масаты ретінде: артықшылықтар, мемлекет тарапынан берілетін ерекше құқықтар, парақорлық пен бұрмалау арқылы өздеріне қолайлы нормативтік құжатты қабылдатуы, тәуекелді шектеу, заңсыз алынған пайдаларды заңдастыру, экономикалық игіліктерге құқықты заңсыз иемденіп алу,салықтан жалтару болып табылған [206].
Көлеңкелі экономиканың негізгі үш бекітілген блогы бар. Біріншісі - бейресми экономика. Бейресми экономикадағы тауарлар, пайдалар ресми статистикаға енгізілмейді. Соның нәтижесінде осы тауарлардың есебінен салықтан жатауға да болады.
Екінші блок – жалған экономика. Бұарлың қатарына: жымқыру, спикуляциялық келісімдер, парақорлық және ақша алу ақша беруге байланысты алаяқтықтың көптеген түрлері кіреді.
Үшінші блок – заңмен тыйым салынған экономиқалық қызмет түрлері. Бұның құрамында экономикақ қымыстылық та болады [210. Б. 111].
Осылайша біз осы жұмысымызда көлеңкелі экономикаға да қысқаша анықтама жүргізіп өттік. Көлеңкелі экономика мемлекет тарапінан зер салып қбдағалауды талап ететін сала.
Осыған байланысты Г. Д. Тленчиева мағыналы ой қалдырып кеткен. Оның пайымдауы бойынша көлеңкелі экономикамен күрес тек қана қылмыстық – құқықтық және әкімшілік шаралармен ғана қарастыру үлкен нәтиже алып келмейді, себебі көлеңкелі экономика әлдеқашан оған қарсы өз қалқанын құрып үлгерген, ол қалқанның қатарында мемлекеттік құрылымдар да бар. Онымен еүрес экономикалық негіздерде де жүргізілуі керектігін айтып кеткен [52. Б. 27].
Ия шыныменен қазіргі таңдағы мемлекет қазынасына түспей жатқан сан мыңдаған қаражаттар үлсіне осы көлеңкелі экономика саласының да үлесі зор. Бұл індетпен күресу тек заң шығарып қана жүзеге асырылмайды. Сол заң шығарылғаннан кейін оны қадағалау шаралары да қатаң қоға алынуы керек.
Бұдан ары қарай кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстың орын алуына өз әсерін тигізетін құқықтық сипатқа ие факторларды тізбектейтін боламыз. Олар мына тізбектен тұрады:
Кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық базаның шалалығы;
Кәсіпкерік саласындағы құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін құқықтық – нормативтік базаның шалалығы;
Кәсіпкерлік қызмет садасында құқық қорғаушының әсерінің жеткіліксіздігі.
Кәсіпкерлік қызмет саласын реттейтін құқықтық базаның шалалығы өз кезегінде осы қызметтің қарқындылығын төмендетумен қатар заңға қайшы іс – әрекеттердің де орын алуына өз септігін тигізді. Шнайы нарықтағы жағдаймен санасылмай экономикағ кәсіпкерлік саласында заңнамалардың шығарылуы.
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқық қорғау органдары қызметіне байланысты құқықтық базаның реттелмеуі болса қымысты анықтау мен тергеуге өз кедергісін келтіруде.
Кәсіпкерлік қызмет саасындағы құқық қорғау органдарың әсер етуінің жеткіліксіз дәрежеде болуы кәсіпкерлік қызмет саласындағы нақты криминалдық ситуацияны төмен дәрежеде қадағалауынан көрінеді, сонымен қатар жасалынатын қылмыс жайлы толық хабардар бола алмауына, қылмыскерлерді жазалаудың белгілі бі жүйесінің болмауына алып келеді.
Негізгі құқықтық криминогендік факторлардың қатарына төмендегі себептерді жатқызуға болады:
Халықтың экономикалық реформаларға сенуіне мүмкіндік бемейтін және заңды кәсіпкерлікпен айналысуына ықпалын тигізетін мемлекет экономикасының қаыпты емес жағдайы;
Шаруашылық саласында қолданылатын ресурстардың ресурстардың шығуының заңдылығына байланысты мәселелер;
Мемлекеттің өз халықымыздың ерекшеліктерімен, менталитетімен санаспай шет ел мемлекеттерінің тәжірибесін қолдануы.
Кәсіпкерлік саласын реттейтін мемлекеттік жүйедегі жемқорлықтың жоғарғы дәрежеде болуы.
Дереккөздермен таныса отырып анық болғаны көп жағдайды қымытық құқық бұзушылыққа баратын заң ережелерімен жүретін азаматтар көбіне заңды жолмен белгілі - бір пайда табу мен өзін қамтамасыз ту жолының жоқ екеніне, заңды жолмен пайда табудың мүмкін еместігіне сенгеннен соң барып қылмыстық құқық бұзушылыққа барады екен.
Жоғарыдағы мәліметтермен танысып, ойымызді бөлісіп болғаннан соң келесідей қорытындыға келдік:
Қылмыстық ортаның өкілдері кез – келген экономикалық жаңалықтарға жедел түрде жандаса білу арқылы өздеріне пайдалы шешімді қабылдайды. Заңның шалалығын, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысында жіберілген кемшіліктерді пайдарана отырып заңсыз түрде баюын одан ары қарай жалғастыра түседі.
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қымыстылықтың орындалуына экономикалық, ұйымдастырушылық – басқарушылық факторлер де өз әсерін тигізеді,
Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына мемлекет экономкасындағы тұрақсыз жағдай өз әсерін тигізеді.
