- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттатмасы
- •Заңсыз кәсіпкерліктің обьективтік және субьективтік белгілері
- •Жалған кәсіпкерліктің субьективті жағы
- •Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасаудың обьективтік және субьективтік белгілері
- •Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың обьективті субьективті бегілері
- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың динамикасы, криминологиялық сипаты, құрылымы
- •Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты.
Жоспар:
Кіріспе.
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы.
Заңсыз кәсіпкерлік.
Жалған кәсіпкелік.
Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (216-б)
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың сипаттамасы.
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды динамикасы, криминологиялық сипаты құрылымы.
Кәсіпкерлік саасындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаты.
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың алдын алу
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмысқа жалпы сипаттама. Бұл дипломдық жұмыс негізінен кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың құқықтық және криминологиялық сипатына байланысты туындайтын теориялық және практикалық проблеммаларымен күресу үшін бағытталған.Бұл жұмысты жазу барысында автор тарапынан тың деректер мен ғылыми және тәжрибиелік негіздерге сүйенген жаңа тың деректер мәлім болды. Зерттеу барысында осы қылмыспен күресу жолдарын жетілдіруге бағытталған , және алдын алу шараларын жүргізу мәселелері де қарастырылып отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің алдына қоғамдағы және мемлекет ішіндегі проблеммаларды жеке өзі шешуі секілді мақсатты қойды. Сонымен қатар осының негізінде жаңа мемлекетке өзінің экономикалық жүйесін құру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабының 2 – тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] . Бұл дегеніміз мемлекеттің даму жолында эконмиканың қаншалықты маңызды, өзекті екенін көрсетіп отыр.
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дамуына жол ашатын стратегиялық “Қазақстан – 2030” , “Қазақстан – 2050” құжаттарын бекітті. Ол стратегиялық жоспарлардың басты талаптары ретінде – нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, ірі көлемдегі шетел инвестициясын тарту сияқты мақсаттар көзделген. Осыған байланысты мемлекет тарапынан экономиканы , кәсіпкерлікті қолдау мақсатында меншік туралы, кәсіпорындар туралы, ауыл шаруашылығы туралы, кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтің еркіндігіне бағытталған заңнамаар бұл саланың тамырына қан жүгірткені хақ[2].
Мемлекет ішіндегі 90 – жылдардағы реформалар негізінен бұрынғы кеңес елінен қалған жоспарлы экономикадан бас тартып нарықтық экономикаға өтуге бағытталды. Бұл мемлекеттің эконмикалық жүйесін түбегейлі өзгертуіне алып келді. Нарықтық жүйе эконмикалық жүйенің еркіндігіне жол ашады., барлық меншік түрлерінің теңдігін, және лайықты қорғалуын қамтамасыз етеді, бәсекелестіктің дамуына жол ашады. Ал жоғарыда аталған салаларды жоспарлы экономикада дамыту мүмкін емес.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев қадағалауымен экономика саласында төмендегі мақсаттар қойылды:
Бәсекелестікке негізделген нарықтық экономиканы қалыптастыру , меншіктің негізгі түрлерінің (жеке және мелекеттік) өзара байланысын қарастыру, жалпы жүйедегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерін бірге орындауға бағытталған.
Мемлекет тарапынан азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуын арттыру үшін заңнамалық жағдай жасау сияқты мақсаттар қойылды [3,б.6].
Сонымен қатар ел ішінде реформалар жүргізілгеннен бастап, экономикалық қылмыстар да түпкілікті өзгерістерге тап болды. Жаңа меншік түрлерінің пайда болуы , әлемдік эконмикамен жақыннан жұмыс істеу қылмыстың кең ауқымда дамына жол ашты. Қоғамға беймәлім қылмыстар туындай бастады. Біздің мемлекеттің құқық қорғау органдары пәреқорлық , ұйымдасқан қылмыстық топтардың мемлекеттік билікте отырған тұлғалармен біріге отырып “ өз ойын ережелерін” қоюға талпынуы секілді түйіткілді мәселелерге тап болды. Бұл әрине азаматтық нарықтық экономиканың дамуына үлкен кедергі келтірді.
Осығын байланысты экономика саласындағы қымыстың алдын алуға байланысты мемлекет тарапынан реформалар жүргізіле бастады. Осыған байланысты ел ішінде алғаш рет экономикалық қылымстармен күресуге байланысты 2002 жылы, 29 – желтоқсанда үкімет тарапынан №1430 қаулы бекітілді, ол қаулыда Қазақстан Республикасында 2003 – 2004 жылдар аралығында қымыспен күресу жоспары бекітілді. Ол жоспардың негізгі мақсаты – мемлекеттің қаржы – шаруашылық саласындағы қадағалауын орнықтыру, құқық қорғау органдарынынң біліктілігін арттыру, сонымен бірге мемлекеттік органдар , құқық қорғау органдары ,фискальдық, қаржылық мекемелермен біресе отырып экономикалық, корупциялық қылмыстармен күресу болып табылды.[9]
Эконмикалық қылмыспен күресуді одан раы қарай жетілдіру мақсатында 2003 – 2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан, Пезиденттің жарғысымен – 2030 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында 2003 жыл , 15 тамызда үкімет жоспары бекітілді.[10]
Жоспарда мемлекеттің экономикалық қауімсіздігін қамтемасыз ету кешені, қоғамдық тәртіпті бекіту , қылмыспен күрусу , ішкі саяси тұрақтылық, сонымен қатар құқықтық нормативтік базаны жетілдіру де қарстырылды, ескерту шараларының сапалы жұмыс істеуін , Заңға бағынуға насихаттау жұмыстары жүргізіді. Жоғарыдағы Концепциияның жүзеге асуы нәтижесінде , көптеген түйіндер шешіліді, және бұдан кейінгі уақыттарда да экономикалық қымыстрмен күрсуге жүйелі түрде бару керек екенін ұғындырды, бұл туралы Қзақстан Республикасы Үкіметі тарапынан бекітілген 2005 – 2007 жылдарға арналған қылмыспен күресу жоспарында көрсетілген [11]
Жоғарыдағы шараларды қолданылуына қарамай эконмикалық қылмыстар одан әрі етек жайуын тоқтатпайды, оның басты себебі эконмика саласын реттейітін зағнаманың жетілдірілмеуі болып табылады. Профессор И.И. Рогов әділетті баға беріп кеткендей “Экономикалық қылмыстар қылмыстың жалпы жағдайына айтарлықтай әсер етеді, кейбір ескертпелерді ескере отырып мына нәрсені тұжырымдауымыз мүмкін, керек болса кез келген қымыстардың бастауы да десек әбден болады.”[13,б.2]
Оның үстіне бұл дипломдық жұмысты жазуда тағы бірнеше мәселелерге тап болдым десем де болады. Себебі біріншіден менің тақырыбымда бұдан алдыңғы кезеңдерде ешбір диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылмапты. Көбі орыс тіліндегі материялдар мына менің өз бетімше ізденуіме тура келді. Екіншіден - 2014 жылы 3 шiлдеде Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі қабылданған болатын , міне осы өзгеріс мына менің жаңадан ізденуіме себепші болды.
Тақырыптқа байланысты ізденістер алып барған тұлғалар
Жалпы, экономика, саласындағы қылмыстарға қатысты өз ойларын жазып қалдырған отандық және рессейлік ғалымдар ізденістер жүргізген. Атап айтқанда: Н. М. Әбдіров , А. Н. Ағыбаев, Б. И. Ахметов, А. Ф. Әубакіров, К. Ж. Балтабаев, И. Ш. Борчашвили, У. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, Е. И. Қайыржанов, Г. Д. Карагусов, Г. С. Мәуленов, М. С. Нәрікбаев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. Г. Рогов және көптеген аға буын ғалымдары өздерінің құнды мәлі меттерімен бөліскен.
Ал посткеңестік кеңістік ғалымдары арасынан бұл тақырыпқа байланысты өз ойларын жазып қалдырған ғалымдар: Г. Н. Борзенков, Б. Н. Волженкин, Л. Д. Гаухман, И. И. Карпец, В. Котина, Н. А. Лопащенко, А. М. Яковлева Секілді белді ғалымдар өз еңбектерін жазып қалдырған. Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектері, біздің тақырыбымыздың, теориялық, практикалық тұрғыда кең ауқымда ашылуына себепкер болды.
Тақырыптың жаңашылдығы:
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында мен көптеген қызық жайыттарға тап болдым. Осы тақырыпқа байланысты мәліметтер негізінен орыс тілді мәліметтер және ол аталған мәліметтердің арасында да нақты кәсіпкерлік саладағы қылмыстардың барлығын алып көрсеткен ғылыми жұмысты не болмаса дисертацияларды байқамадым. Көп жұмыстар негізінен кәсіпкерік саласындағы қылмыстарға жеке жеке арналған, негізінен жазылған жұмыстар – заңсыз кәсіпкерлік, жалған кәсіпкерлік деген секілді жеке – жекке зерттелген. Сонымен қорыта келе бұл дипломдық жұмыс кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарға қатысты жазылған қазақ тілінде жазылған алғашқы дерек. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығын алып қарастырған алғашқы жұмыс. Бұл жұмыста қылмыстық құқық , криминология секілді құқық салаларының негізгі қағидалары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – теориялық және практикалық дәйектерге сүйене отырып, кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттатмасы
Біздің бүгінгі зертеп отырған тақырыбымыз жалпы кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың барлығына шолу жасай отырып оны жан – жақтама толығырақ, мағыналырақ ашып көрсетуге бағытталған. Осы күндері кез келген тәуелсіз мемлекеттің саясатының бір тармағына айналған экономика саласы мемлекет үшін де, халық үшін де өте маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабының 2 – тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] Сонымен қатар Конституцияның 26 – бабында әрбір азамат кәсіпкерлікпен еркін айналысу құқығына еге делінген. Сонымен қатар біздің мемлекетте шағын және орта кәсіпкерлікті , жалпы кәсіпкерлік саласын қорғау және қолдау басты міндеттердің бірі болып отыр.
Кәсіпкерлік терминін XVIII ғасырда Р. Кантильон ғылымға енгізді. Оның берген анықтамасына қарағанда кәсіпкерлік ол алдын ала көре алу, тәуекелге бел буа алу және қылынған барша әрекеттерді өз жауапкершілігіне ала алатын субьект деп көрсетті.Бұл субьекттер негізгі капитарлдың егесі болуы міндетті емес деп айтылдып өтті.[20,86-96.б]
Саяси экономиканың класикалық мектебінің негізін қалаушы А. Смиттің анықтамасы Р. Кантальоның анықтамасынан біршама өзгешеліктері болды. Ол кәсіпкерді мүліктің иегері ретінде көрсетті және кәсіпкерлікпен пайда табу мақсатында айналысатынын айтып кетті.[21,124 – 130.б]
Ал, Й. Шумпетердің ойы бойынша кәсіпкер инаватор болуы тиіс, кәсіпкерік саланы болса шаруашылық салаларды ұйымдастырудың құралы деп есептеді. Оның ойы бойынша мүлік меншік құқығы боып есептелмеді.Шумплердің ойы бойынша кәсіпкерліктегі қандай да бір өзгерістер экономкаға да өзгерістер алып келеі деп айтып кетті.[22,169-170.б]
Қазақстан Республикасының “Азаматтық кодексінің” 10 – бабына сәйкес кәсіпкерлік дегеніміз - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Жоғарыдағы анықтаманы кеңірек ашып көрсету үшін мынандай амалды қолданғанымыз дұрыс болар. Кәсіпкерліктің басқа қызмет салаларынан ажырататын негізгі мынандай белгілері бар:
Нарықта өз өнімін, жұмысын, қызметін өндіру және сату арқылы пайда табатын қызмет түрі.
Бұл қызмет түрі ерікті түрде бастамашының мүддесі мен талаптары негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпкердің өзінің жекеменшік мүлкінің негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар барша мүліктік шығындар мен шығыстаға өз атынан жауап береді.
Кәсіпкер тек өз атынан қатынасады.
Жоғарыда аталған негіздердің біреуі жоқ болатын болса бұл қызмет түрін кісіпкерлік қызмет деп атауға келмейді. Бұны қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамымен ұқсатуға да болады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсанда Астанадағы: “Қазақстан 2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа сратегиялық бағыты атты жолдауында : қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын реформалауы жайлы, сонымен қатар ілгерідегі ізгілендіру барысында, оның ішінде экономика саласындағы қылмыстарға мән беру керектігі жайында жазылған. Демек осыдан түсінуге болатыны мемлекеттің лайықты дамуы үшін маңызды екенін көрсетіп отыр.
Енділікте кәсіпкерлік жайлы шағын болса да түсінік болса өзіміздің негізгі тақырыбымыз жайлы жазайық. Қазақстан Республикасының жаңа 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ Қымыстық кодексін зерттей отырып мынандай кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды таба алдық:
214-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет.
215-бап. Жалған кәсіпкерлік
216-бап. Іс – жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жаcау
Осы қымыстарды кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар деп қарастырғанымыз дұрыс көзқарас болар деп есептейміз. Біздің тақырыбымыз да осы баптардың негізінде жазылатын болыды.
Кісіпкерлік саласындағы қымыстардың баршасына тән ортақ белгі олар мемлекеттің, немесе жеке тұлғалардың мүддесін, құқығын таптай отырып жүзеге асырылады.
