Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жум.багдарламасы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170.5 Кб
Скачать

Ф. 4-41

С.БӘЙІШЕВ ат. АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогика және жаратылыстану

факультетінің әдістемелік кеңесінде

ҚАРАЛДЫ

хаттама № «_»_________2014ж.

БЕКІТЕМІН

ОӘЖ жөніндегі проректор

______ Кабиева А.А.

«____»_______________2014 ж.

Ж Ұ М Ы С Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

Пәні Мектеп педагогикасы

Факультет Педагогика және жаратылыстану

Оқу түрі күндізгі

Мамандық Құқық және экономика негіздері

Курс 2 Семестр 3

Кредит саны 3

Дәріс 11 Семинар

Тәжірибелік сабақ 30 Лабораториялық сабақ

ОСӨЖ 11 /90

Бақылау түрі емтихан Семестр 3

Жұмыс бағдарламасы 2014 жылы бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалды

Жұмыс бағдарламасын құрастырған Раушанова И.М.

Жұмыс бағдарламасы Педагогика, психология және пәндік технологиялар кафедрасының мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « » 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі: __________ п.ғ.к., доцент А.С.Мустояпова

КІРІСПЕ

Мектеп педагогикасы 5В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша болашақ мамандарға, педагогика – адамзаттың тәжірибесін мақсатқа бағыт беру процессі және жас ұрпақты өмір мен іс-әрекетке даярлайды.

Курстың мақсаты: тәрбие процесінің теориялық негіздемесін, мазмұндық сипаттамсын, заңдылықтары мен принциптерін, әдістерін, тәрбиенің құралы мен түрлерін, тәрбиенің жаңа технологиясын теориялық негіздері бойынша нұсқаулар беріледі.

Курс пререквизиттері: Жалпы педагогика, педагогика тарихы, жалпы психология, тәрбие жұмысының теориясы.

Постреквизиттер: Білім берудің қазіргі педагогикалық технологиялары, жаңа педагогикалық технологиялар.

Курстың міндеті:

- Қазіргі білім берудің даму тенденцияларымен танысу,

- оқытудың мәні, білім берудің мазмұнын таңдау принциптерін білу,

- оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне талдау жасау,

- білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалауды жүзеге асыру.

1. Құрылымдық-тақырыптық жоспар

    1. Сағаттар бөлінуінің тақырыптық жоспары

Тақырып атауы

Барлық сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Өзіндік жұмыс

Дәрістер

(сағ)

Практ./семинар

Лаб. жұмыс (сағ)

барлығы

Оның ішінде ОСӨЖ

1.

Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері

9

1

2

-

8

-

2.

Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.

9

1

2

-

8

-

3.

Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу.

9

1

2

-

8

-

4.

Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі

9

1

2

-

8

1

5.

Отбасы тәрбиесінің негіздері

9

1

2

-

8

1

6.

Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны.

9

1

2

8

1

7.

Оқытуды ұйымдастыру формалары. Қазіргі сабақ.

9

1

2

-

8

2

8

Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу.

9

1

2

-

8

1

9

Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік басқару

9

1

2

-

8

2

10

Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектепішілік бақылау.

9

1

2

-

9

2

11

Мектеп жұмысын жоспарлау

9

1

2

-

9

2

Барлығы:

135

11

30

90

15

1.2.Курс мазмұны

1-тақырып. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері

Педагогика ғылымы әуел бастан тәрбие жайлы ғылым болып қалыптасты. Ал адамзат баласы тәрбие мәселесімен алғашқы қауымнан бастап айналысты. Бірақ ол кездегі тәрбиеге байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері болды. Қазіргі кезде тәрбие мәселесімен мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, ортпа білім орындары, жоғары білім орындары, арнайы институттар айналысады. Педагогика қоғамдық өмірде тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды.Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіріледі, педагогикалық шындық тәжірибесін зертейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады.

2-тақырып. Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді.

Психологияда «жеке тұлға » деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсініккке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

3-тақырып. Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу.

Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезеңінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді. Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасынынң өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.

4- тақырып. Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі.

Педагогикалық проесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын ісәрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді.соныдықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді мегерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құныдылықтарына бағыт табу болып табылады.

Шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінде мұғалім әр уақытта да олармен өзара қарым- қатынаста болады. Мұғалімнің шәкірттермен қарым- қатынасында ол- тен әлеуметтік қызметті атқарумен ғана емес, сонымен қатар және нақты және тұлға ретінде педагогикалық іс- әрекеттің құрамды бөлігі.

5-тақырып. Отбасы тәрбиесінің негіздері.

Жанұя, барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейін жоғары болуы.

Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды. Отбасы тәрбиенің негізі. Оның құндылығын «ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал айқындай түседі. «Отбасы» деген сөз әлеуметтік өмірімізде ертеден орын алса да, «семья», «жанұя», «үйелмен», деген сөздер оның орнын алмастырып жүр. Өйткені, олардың түпкі мағынасы - әке мен шешенің және қандас адамдардың тіршілік ету кезіндегі бірлігі, одағы.

6-тақырып. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны

Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі теориялары ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында қалыптасты. Олар материалдық және формальдық деген атқа ие болды. Біріншісі дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп аталған, ол бағыттағы ұстанымдарда білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларды ғылымның әртүрлі саласымен қайткенде де мол үлкен көлемде білім беру. ХҮІІ ғасырдың чех педагогі Я.А.Каменский "Дидактика" деген еңбегінде білім мазмұнын қарады.

ХІХ ғасырдың көптеген педагог ғалымдары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырымдама бұл күнде құнын жоймай кейбір оқу жоспары мен оқулыққа талдау жасауда оқушылардың меңгеруі қиын жағдайда да көп көмегін тигізіп отыр.

7-тақырып Оқытуды ұйымдастырудың формалары. Қазіргі сабақ.

Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген үғыммен анықталады. Яғни, «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сырткы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі – оқу материялын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушыладың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынасы (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін менгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орыны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлар мен байланысты.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдағы және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.

8-тақырып. Тұтас педагогикалық процестегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу.

Тәрбиелік жұмыстың нәтижелерін есептеу оқушылардың танымдық қабілеттерін дамуын, сондай-ақ жеке тұлғасының даму деңгейін бағаламай толық бола алмайды. Бұл бағалауды психологиялық бақылау мен диагностика барысында мектеп психологі жүргізеді. Психологиялық бақылау мен диагностика - психологтың педагогикалық ықпал әсер нәтижелілігін анықтау мақсатында жүргізетін тексеру шараларының жиыгнтығы. Тексеру шаралары негізінен, жай ғана бақылап – зерттеудің, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден тұрады. Психологиялық диагностикада белгілі бір психологиялық міндеттерді орындау үшін арнайы талданып алынған бірнеше әдістерді қолданады. Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрі тест. Психодиагностикада тесттер арқылы белгілі бір зерттелетін психикалық сипаттардың даму дәрежесін салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға болады. Мұндай тест дәлдік, беріктік, обьективтілік талаптарына сай болу керек. Тесттің беріктігі дегеніміз – оынң сол нәтижелерді біргнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуі.

9-тақырып. Мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушылық әдістемелік басқару.

Қазіргі заман мектебі – күрделі жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз – мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады.Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеметтік-педагогикалық жүйе ретіндеқарастыру керек.Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез келген оқу білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша тың басты ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

Мектепті басқарудың басты мәні – педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты ұйымдастыру

10-тақырып. Мектептің, сыныптың оқу-тәрбие процесін диагностикалау – басқарудың негізі ретінде. Мектепішілік бақылау.

Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің әдістемелік даярлығын тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды тгеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдері нәтижелі әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.

Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші роль атқарады. Қазіргіғылыми әдебиеттерде «педагогикалық диагностика» терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзқарас тұрғысынан беріледі. Соныдықтан педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процесті оқып үйрену және педагогтар мен оқушыарды тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.

11-тақырып. Мектеп жұмысын жоспарлау.

Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жоспарын құрастыруға қойылатын маңызды талаптарды, мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі мазмұнын ашу, мектеп ішіндегі құжаттамалар түрлерімен танысу

Басқару еңбегінің өрісінде іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданғаншшімдердің орындалу барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Тиімді де нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өз ара әрекеттесетігін қамтамасыз ету қажет, олард біреуін орындамау тұтастай ұжым іс-әрекетінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз – іс-әректтің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін артыруға бағытталған шараларды анықтау.