Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1989.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

3.2. Топырақ пен өсімдіктерді корғау

Бұл мәселе әрқашанда топырақ қорғау және жайылымды жақсарту мәселелерімен тығыз байланысты, өйткені осыларға қойылатын талаптардың басым көпшілігі де өсімдік қорғау мәселесімен тығыз байланысты.

1960 жылдардан бері облыс жеріндегі 110 мың га қалың сеуіл тоғайының ауданы күрт кеміп, қазір 30 мың га і ні.і калып отыр. Бұл — сексеуілді отын ретінде пайдалану және тиімсіз мал бағудың нәтижесі. Сондай жайттер тек Бейнеу ауданында орман қорында ғана емес, Сенек-Сүмса өңірлеріңде де болып отыр. Алемдік, кәсіптік шөптерді қолдану дәстүрі қазір ұмыт болған, сондықтан да оны қорғауға және көбейтуге деген ниет те жоқ.

Өсімдік қорғау ісінің екінші бір қыры - Маңғыстаудың өсімдік түрін көбейту, яғни жаңа түрлерді жерсіндіру болып табылады. Елді мекендерді көгалдандырумен қатар жергілікті тынығу аймақтарын жасылдандыру да кажет.

Өткен ғасырда егілген Тұщыбектегі Аман ағаштары, Ақмыш бағы, Қаңғадағы ағаштар іс жүзінде жергілікті дәрежедегі табиғат ескерткіші болып табылады, сондықтан да оларды малдан сақтандырумен қатар қоршап, жаңа ағаштар егуді қолға ала бастаған жөн.

Топырақтың бұзылуы, өсімдіктердің азаюы, жайылымның сапасының төмендеуі ең алдымен атакәсіп - мал шаруашылығына үлкен соққы болып саналады. Сондықтан облыстағы көлік жолдарын реттеу, жайылымды артық пайдаланбау, құнды өсімдіктерді жасанды түрде көбейту және эндемиктерді, эталондық учаскелерді, тұқымдарды қорғауға алу, жайылымды суғару, мал бағудың тиімді жүйесіне көшу кезек күттірмейтін шара болып қала бермек.

3.3.Табиғатты қорғау

Маңғыстау облысының жануарлар дүниесін, сонымен қатар өсімдіктерін де қорғау мақсатында бір мемлекеттік қорық пен 2 резерват (заказник) ұйымдастырылған.

Үстірт қорығы. 1984 жылы шілденің 12 жұлдызында ұйымдастырылған. Карақия ауданының жерінде орналасқан. Қорықжеріне Үстірт батыс шындарының бір бөлігі (қырдың енсіз жолағы), Кендірлісордың үлкен ойысы кіреді. Ең биік жері 300 м, ең төмен жері - 50 м. Ауданы 223,3 мың га. Ұйымдастырылу мақсаты - Казақстан шөл зонасының эталондарының бірі ретінде оның табиғатын сақтау. Қорық алабында құм массивтері, саздық тегістіктер мен құрғақ ойыстар, ежелгі және қазіргі заманғы уақытша су мамандарының құрғақ сайлары кездеседі. Ойыстар төрттік дәуір, қыр палеоген-неоген жыныстарынан түзілген. Үстірт шындарының бедері алуан түрлі. Кендірлі сорын үш жағынан қоршай жиектеп, тік құлама жарлы болып келеді, сондай-ақ төрткілдер жиі кездеседі. Қорық негізінен Үстірт қойын, барыс, мәлін, қарақал және басқа да жануар түрін қорғауды жүзеге асырады. Ғылыми мекемесі Жаңаөзен қаласында орналасқан.

Ақтау-Бозащы заказнигі 1982 жылы 10 жыл мерзімге ұйымдастырылған. Түпқараған ауданының "Жаңа жол" кеңшары территориясында орналасқан. Заказник Бозащы түбегінің оңтүстік-батыс шетін, Солтүстік Ақтаудың батыс бөлігін және теңіз жағалауындағы жазықты қамтиды. Ауданы - 170 мың га. Сүтқоректілердің 34 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15, қосмекенділердің 1 түрі мекендейді. 80жылдары осында Аралдағы (Барсакелместегі) құлаңдардың бір бөлігін жерсіндіру әрекеттері жүргізілді.

Қарақия-Қаракөл заказнигі Қарақия ойысының бір бөлігін, Ақтау қаласының күнгей жағындағы Қаракөл төңірегін қамтиды. Жалпы ауданы - 138 мың га.

Заказниктің ұйымдастырылу мақсаты Ақтау-Бозащы заказнигіне ұқсас, ең алдымен су құстарын және өлке жануарларын қорғау болып табылады.

Заказникте киіктер жиі кездеседі. Қаракөл - осы аттас ойыстағы жасанды көл, энерго комбинатта (МАЭК) пайдаланылған ыстық суларды ойысқа ағызу нәтижесінде пайда болған көл. Оның қазіргі ауданы 3,5 мың гектар, айналасында қалың қамыс өскен. Мұнда қоқиқаздар (фламинго) тұрақты түрде аялдайды, кейбір жылдары қыстап та қалады. Қорғалған территорияға Маңғыстау, Бейнеу әкімшілік аудандарының шекарасына, Үстіртте орналасқан Бейнеу мемлекеттік сексеуіл тоғайын жатқызуға болады. Маңғыстау облысында қорғауға алынған территорияның жалпы ауданы 747 мың гектарға жетеді. Бұл - Қазақстан облыстары бойынша үшінші орын алады (бұл тым аз (6%). Өлке халқының орналасуы мен тығыздығын ескере отырып, облыс территориясының 15-20 %-ын қорғауға алуға мүмкіндік бар. Әсіресе, құмдардың бір бөлігін (Бостанқұм, Сам, т.б.) қорғауға алу қажет-ақ.