- •Мазмұны
- •I.Табиғаты және табиғи жағдайы................................................................6
- •III.Өсімдіктердің маңызы және қорғау шаралары ...............................49
- •IV. Зерттелген аймақтың өсімдіктер тізімі .............................................52
- •1.1. Табиғаты және табиғи қорлары
- •1.2. Геологиялық құрылымы және пайдалы қазындылары.
- •Облыстың көлемін агрометеорогиялық үш аймаққа бөлуге болады.
- •1.3.Су қорлары.
- •2.1. Топырағы мен өсімдік дүниесі
- •2.2 Емдік шөптері
- •2.3.Өсімдіктер дүниесі және жайылым
- •III. Өсімдіктердің маңызы және қорғалу шаралары
- •3.2. Топырақ пен өсімдіктерді корғау
- •3.3.Табиғатты қорғау
- •IV. Зерттелген аймақтың өсімдіктер тізімі
2.3.Өсімдіктер дүниесі және жайылым
Халықтың атакәсібі малшылық болғандықтан, өсімдіктер дүниесі адам үшін ерекше маңызға ие болды, өйткені малдың өсіп-өнуі де өсімдіктің шығымдылығына байланысты. Маңғыстау өсімдіктерінін басым көпшілігі малдың жеуіне жарағанымен, өсімдіктің массасы, яғни жайылымның өнімділігі шамалы болып қалып отыр. Бірақ шөл даланың ащы өсімдігі малға жұғымды келеді, ал мал өнімі (еті, сүті) сапалы, дәмді болады.
Ең құнды мал азығы қатарына: қалған селеу, еркекшөп, ши, қоңырбас, түйеқарын, ажырық, мортық, тарақбоз, жантақ, қызылмия, жусан түрлері, изен, теріскен, ебелек, бұйырғын, күйреуік және т.б. өсімдіктер жатады.
Климаттың қатаң болуы және топырақ-өсімдік жамылғысының әлсіз болуы, соңғы 3 мың жылда шөл далаға экологиялық жағынан елеулі өзгеріс енгізбейтін ауылшаруашылық жологиялық жағынан елеулі өзгеріс енгізбейтін салаларын қамтамасыз етті. Көшпелі малшылық жайылымды тиімді пайдалануды меңгерді, яғни жайылу, көктеу, күзеу, қыстау жайылымдарын пайдалану жайылымдарды жойылып кетуден сақтап отыр.
Бұйырғынды Бозқаулы бірлестігі.
Маңғыстау түбегінде XVIII ғасырдың басынан бастап Маңғыстау Жем-
Мұғалжар аймағын қамтитын жайылым Күйесі қалыптаса бастады. Ол тек 1870 жылғы "Адай көтерілісінен" кейін бұзыла бастап, қазір көлемі жағынан кішірейіп, облыс аумағында ғана қалды. Бірнеше жүздеген ауылдар сонау
Ойдан Үстірт арқылы Жем, Мұғалжар, Доңызтау бойларына дейін белгілі бір маршрутпен ғана жүріп, бөтен территорияны пайдаланбауды қатаң сақтап отырды. Ауылдар да кішігірім болып, мал басы (отардағы) шағын болды, бұл ауылдардың үлкен дала кеңістігінде бытырай, біркелкі орналасып, жайылымды толық пайдалануға мүмкіндік берді. Кейінгі мал шаруашылықтарының ірілендірілуі, мал басының бір территорияда шоғырлануына, ал соның салдарынан жайылымдар әркелкі пайдаланылып, тапталып, тоза бастауына әкеп соқтырды. Соңғы 70 жылда 10 млн.гектар жайылымның 8 млн-ы іс жүзінде пайдадан қалса, қалғанының құнарлығы біраз төмендеді. Маңғыстауда шабындық жерлер жоқ, сондықтан табиғи жайылымдардың бір бөлігі шабылып, шөп-пішен дайындады. Ал шабылған жайылымның орнын қалпына келтіру үшін кем дегенде 4-5 жыл керек. Осының бәрі жайылымдарды сақтау және өнімділігін арттыруды қажет етеді. Осы шараларды іске асыру үшін, ең алдымен, мал шаруашылығын дамытудың жаңа әдістерін іздестіру керек.
Мал шаруашылығындағы сан қуу сапаға мән бермей малдың басын көбейте беру әдетін шығарды. Осылардың нәтижесінде мал саны өскен жоқ, қайта кеміді (1908 жылдан қой саны 4 есе, түйе 3 есе, жылқы 7 есеге кеміген).
Мал шаруашылығын дағдарыстан шығару мәселесі әлі шешілген жоқ, бірақ шешу қажеттілігі күшеймесе азайған жоқ, өйткені мал тек кәсіп емес, тұтас бір халықтың өркениетінің (цивилизациясының) негізі болып отыр.
III. Өсімдіктердің маңызы және қорғалу шаралары
3.1. Өсімдіктер - халық шаруашылығында
Өсімдіктер көне заманнан бері адам баласына қызмет етіп келеді. Оны әртүрлі мақсатта, ең алдымен бояу жасауға, тері илеуге, сабын қайнатуға және емдеуге пайдаланады. Мәселен, адыраспанның өзіндік иісі бар және мал жеуге жарай бермегенімен кәсіптік маңызы бар. Адыраспаннан көптеген жұқпалы аурулардың кейбіріне қарсы препараттар алынса, ревматизм, тері жөне қышыма ауруларын емдеуге халық ертеден пайдаланып келеді. Бояу дайындауға адыраспан, қызылтамыр, қоянсүйек, сораң т.б. пайдаланылса, жантақ, баялыш, сораң, жыңғыл, жүзгін, құбатал тері илеу кәсібіне қажет өсімдіктер. Сабын кайнатуға қызылтамыр, түйетабан, алабота, боз сораң, балықтұз, қарабақ, итсигек, сексеуіл, аққабақ пайдаланылады. Шытыр сияқты өсімдіктерден қажетті сақар дайындалған. Ал емдік өсімдіктердің саны көп. Ақмия тыныс алуды жақсартса, жантақтың кайнатпасы геморройға пайдалы, оның күлінен істеген мазьбен құсуды тоқтатуға болады және тамырынан іш өткізуді тыятын дәрмек жасалынады. Қазақтар итсигекті кене түсу, қышыма және туберкулез сияқты ауруларды емдеуге пайдаланса, түйетамырдың пластырь қызметін атқаратын жапырағын қолданған, ал түйесіңірді құтыру ауруларынан емдеуге пайдаланған. Осылардан басқа медициналық мақсатта құмаршық, түйетабан, сасыр, торсылдақ, тағы да басқа шөптерді кеңінен пайдалана білген.
Маңғыстау өсімдіктері техникалық өнімдер (май, шайыр) алуға да, сахароза алуға да қолданылады, сондай-ақ сексеуіл және басқа да бұталардың отындық маңызы зор.
