Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1989.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

2.2 Емдік шөптері

Маңғыстаудың байтақ даласын­да кездесетін сан алуан өсімдіктер дүниесінде емдік шөптердің алатын орны ерекше. Өз заманында өмір талабына сай Маңғыстауда кездесетін емдік шөптерді іздеп тауып, қажетіне пайдалана білген Қожық, Айтқұл, Қойсары сияқты халық, емшілері болды. Маңғыстауда емдік шөптің қоры өте көп, олар болашақта мұқият зерттеуді қажет етеді. Осыған орай Маңғыстау даласының табиғат жайылымында өскен малдың етінің ерекше дәмді болуы да тегін емес. Төменде Маңғыстауда кездесетін бірқатар емдік шөптердің тізбесін келтіре отырып, осы шөптерді танитын, не осында жазылған мәліметтерді оқи сала одан өзін-өзі емдеумен немесе жалпы фито-терапевтік емшілікпен шұғылдануға тиіс деген ұғым тумауы керек. Науқасты тек қана маман дәрігерлердің ғана емдей алатындығы, сондай-ақ ел-жұртқа танымал арнайы рұқсаты бар халықтық медицинаны жақсы білетін халық емшілерінің емдеуі тиіс екенін ұмытпаған жөн. Халық емшілері де заманында емдік шөптерді жария етуге құмар болған емес. Өйткені олар ондай құнды шөптердің жойылып кетпеуін көздеген, ең бастысы кез келген адамды оларды қалай болса солай пайдаланудан, кездейсоқ бақытсыздықтан сақтандыру болатын.

Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биікт. 30-60 см-дей. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен ескі жұрт маңдарында өседі.

Химиялық құрамы. Құрамындаулы гармин және гармолин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алколоиды болады. Ады­распан улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігерлердін нұсқауымен ғана аса сақтықпен пайдалану керек.

Қолданылуы. Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан - ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөз жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде пайдаланған.

Халық медицинасында адыраспанды ревма­тизм, қышыма, тері ауруларын булауға пай­даланады. Ал шөбінен жасалған қайнатындыны суық тигенде, безгек, нерв жүйесінің әлсіреуіне пайдаланады. Шөбін жағып үйді, қойманы зарарсыздандырады. Ұрығын зығыр тұқымымен косып демікпені емдейді. Қара не қызылбұрышқа қосып, теңге қотырға жағады, несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде, ревматизмді емдеуге пайдаланады Белдегі радикулитті, сегізкөз невралогиясын емдегенде кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Бір қалта ады­распанды суға қайнатып салып төрт рет пайдалануға болады.

А қ т ү т . Түпқараған түбегі тауларында өседі. Түт тұқымдас бұта, ақшыл-жасыл жемісі бар. Биікт. 5-15 м-дей. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазіргі кезеңдерде түт ағаштары күтімсіздіктен азып, жабайыланып, тұқымы азайып барады. Маңғыстау приставы Н. Ломакиннің мәліметі бойынша 1873 жылдары Қаңға баба, Сұлтан Епе, Мерет құдықтары маңында Өтеп Көпжасаров, Ғафар Қаражігітов, Есіркеп Досжанов, Нүрнияз Маяевтер қарауында 2300 түп түт ағаштары болған. Түт ағаштарының тұқымы Қараған, Қаңға, Үстірт, Жібек жолы арқылы б. д. I ғасырында Қытайдан келген деген жорамал бар.

Химиялық құрамы. Жемісінде лимон және алма қышқылдары, қант, пектинді илік, боялғыш, май, витамин бар. Қолданылуы. Ақ тұттың жемістерінің, бұтақтарының қабығы мен тамырларының шипалық қасиеті бар. Жемістерін шілде-тамыз, бұтақтарының қабықтарын көктемде, ал тамырын күзде жинайды. Жемісі қанды көбейтеді. Зат алмасуды реттейді, терлетеді, зәр айдайды, қақырық түсіреді. Діңінің қабығын жараға жапсырады, ал жапырақтары дене қызуын төмендетеді. Ақ түт тамыры, қабығының суға қосылып жасалған тұнбасымен гипертонияны, бронхитті және демікпені емдейді. Түт діңі қабықтарының қайнатындысын жүрек ауруларын басу үшін, ал жапырақтары тұнбасын қызу басуға ішеді. Жарақат пен шағын жараға жағу үшін түт діңінің қабығын ұнтақтап 2 ас қасығын бір, бір жарым стакан күнбағыс майына араластырып дәрі дайындайды.

Бәйшешек. Биікт. 15-30см. Иісті сары гүлдері шатырға ұқсас. Жемісі жұмыртқа тәріздес қауашақ мамыр-маусым айларында гүлдейді.

Химиялық құрамы. Тамырында 10%-тейсапониндер, эфир майы және примверин, примулаверин глюкозидтері, С витамині болады. Өсімдіктердің барлық буындарында аскорбин қышқылы мен каротин кездеседі. Қолданылуы. Бәйшешек тамыры бронхит аурулары кезінде қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Витамин үшін жапырақтарын салат жасап жейді. Қақырық түсіреді, несеп жүргізеді, іш өткізеді. Гүлдерін бастың сақинасына, бастың айналуына, тамырын сүтке кайнатып туберкулезге, сабағы мен жапырақтарынан қайнатыңды жасап, күн өткенде, аяқ-қол қалтырағанда, буын сырқырағанда, ұйқы қашқанда ішуге болады.

Бәйшешек- Подснежник

Жиде. Ірі-ірі тікендері, тармақтары барағаш тәрізді.биікт, 10м-ге жуық. Жапырағы сопақша, ақшыл тікенді түктері бар. Гүлдері бал иісті ашық сары, шоғырланып өседі. Жемісінің ұзынд. 2-3 см, қызғылт түсті, дәмі үн татитын бүлдірген. Шілде де гүл жарып, қыркүйек, қазан айларында жеміс береді.

Химиялық құрамы. Жемістің кұрамында көмірсутегі, таниндер,

С витамині, органикалық қышқылдар, калий, фосфор бар. Жапырағында аскорбин қышқылы, ал гүлдерінде хош иісті эфир майы болады. Колданылуы. Дәрілік мақсатта гүлдері мен жапырақтары, жемісі пайдаланылады. Боз-жиде жемісі іш өткенде де пайдаланылады. Гүлінен қайнатып жүрекқан тамырлары ауруларын, гипертониялық ауруларды емдеуге пайдалы тұнба жасайды. Сондай-ақ бозжиде жемісін тыныс органдары қабынғанда қақырық түсіруге де қолданылады. Ғыл. медицинада бозжидеден асқазан ауруларын емдейтін лохпектан және пшазан препараттарын жасайды.

Жиде-Лох-(Elaeagnus oxycara)

Ж а н т а қ – Бұршақ тұқымдас, тікенді, көп жылдық өсімдік. Гүлдері қызғылт, жемісі бұршақ тәрізді. Биікт. 40-60см. Маусым. тамыз айларында гүлдейді. Маңғыстаудың құм етегі көлдеу тепсендерінде, тау шатқалы аңғарларында, сулы жерлерінде кездеседі. Химиялық құрамы. Құрамында С витамині көп, сондай-ақ каротин, эфир майы, ал тамырында алколоидтар, глюкозидтер, қант және бояғыш заттар, шайыр мен кейбір органикалық қышқылдар кездеседі. Колданылуы. Емдік мақсатында жантақтың жапырақтары мен тамырын пайдаланады. Жантақ шөбін қайнатып, сүзгіден өткізгеннен кейін сұйығын күніне 3 рет 1 стаканнан ішеді. Қуыққа тас байланғанда сұйық дәрет жүргізу үшін, өт тазарту, іш жүргізуге пайдаланылады. Сондай-ақ бүйрек, қуық қабынуларынада пайдаланады. Жантақ қайнатындысынан геморройға қарсы ванна жа­сайды. Шөбінен жасалған түнбаны тер шығаратын, іш жүргізетін және қан тазартатын дәрі есебінде қолданады.

И з е н . Алабұта тұқымдас, тік өсетін, жапырағы ұсақ, гүлдері де ұсақ, жасыл, қызғылт түсті, биікт. 30-50 см болып келеді. Маңғыстауда құмды, бұйратты, коңырлық жерлерде өседі.

Химиялық құрамы. Изеннің құрамында са­пониндер бар.

Қолданылуы. Емдік мақсатында изеннің дәндерін пайдаланады. Дәнін қыркүйек, қазан айларында жинайды. Қытай халық медицинасында изенді несеп жүргізетін, жүрек қызметін реттейтін емдік препарат ретінде колданады. Сондай-ақ изенді тері мен тырнақтың кейбір ауруларын емдеу үшін де пай­даланады.

К и і к о т ы . Көп жылдык өсімдік. Көп сабақты. Сабағы 4 кырлы. Жапырактары сопақша, кезектесе бітеді. Биікт. 30-80 см. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Химиялық құрамы. Киікотының құрамында тимол, карвакрол және терпеңдерден тұратын эфир майы бар. Киікоты шөбінде илік заттар мен аскорбин қышқылы болады. Колданылуы. Киікотын гүлдеген кезде жинап көлеңкеде кептіріп қағаз қалтада сақтайды. Киікотының қайнатындысымен асқазан мен ішек және кеңірдек ауруларын, сондай-ақ жатыр ауруын емдейді. Бірак киікотын екікабат әйелге пайдалануға болмайды. Киікотын ас корыту жүйелерінің жиырылу, созылу қасиеті перистальтикасы бұзылғанда пайдаланады. Киікотын адамның көңіл-күйі нашарлап, еңсесі түскенде, жабырқаған және ұйқысы бұзылғанда пайдаланады. Киікоты тұнбасын жөтелге, етеккірді реттеуге де пайдаланады. Түнба тәбет ашады. Қақырық түсіреді. Хош иісті ванна, комп­ресс жасау үшін де пайдаланады. Киікотынын ас қорыту және қолқа бездерінің жұмысын жақсартатын қасиеттері де бар. Киікотынан дайындалған тұнбамен ревматизмді, құрысуды, жалпы қан тамырының соғысын көтереді. Киікотынан жасалған дәрі майды дененін салданған мүшесіне, іш желденгенде қарын сыртына жағып сылайды.

Көккекіре. Күрделі гүлдер тұқымдас сұрғылт жасыл түсті өсімдік. Гүлдері өте әдемі, қауашаққа жинақталған. Биікт. 30-60 см-дей мамыр-тамыз айларында гүлдейді. Ащылы, тепсенді құм жиектерінде, қалыңдықтарда өседі.

Химиялық құрамы. Көккекіре гүлдерінде цианин, центаурендеп аталатын ащы глюкозиндер, кницин цикории глюкозиді, минералды тұздар бар.

Қолданылуы. Емдік мақсатында өсімдіктің гүл қауашағының шетіне өсетін гүлдері мен тұқымын қолданады. Оның гүлдерін несеп жүргізетін дәрі ретінде, қызба ауруларына қарсы және ыстық басуға колданады. Ол үшін көккекіренің гүл желектерінен тұнба жасап ішеді. Бір шай қасық желегін бір стақан ыстық суға салып жарты сағаттай тұндырады да 3 ас қасықтан ас ішуден жарты сағат бұрын күніне 4 рет ішеді. Басқалай дәрілік өсімдіктермен қосып нефритке, яғни бүйректің қабынуына қарсы, несептің жүрмей қалуына, қуықтың қабынуына, бүйректе тас байлануына қарсы ішеді. Көккекіре гүлдерінің тұнбасын суық тигенде, жөтелгенде, іш қатқанда, асқазан, бауыр мен қуық ауырғанда ішеді. Бұл тұнбамен түрлі көз ауруын да емдейді. Көкпек. Көкшегір гүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Сабағы жуан, тамырының бүрлері өте жиі болады. Сабағы түзу, биікт. 30-50 см-ге жуық. Гүлдеріде әртүрлі түске боялған, шашақталып тұрады. Күлтесі бес қалқанды. Гүл қауашағы бес бөліктен тұрады. Бес аталығы, үш аналығы болады. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Шөбін маусым-шілде айларында, ал сабағы мен тамырын күзге қарай жинайды. Негізінен алқаптарда, ағыстық қалындықтарда, бұта араларында өседі.

Химиялық құрамы. Тамырында сапониндер өте көп. Сондай-ақ құрамыңда органикалық қышқылдар, эфир майы, нерв жүйесіне әсер ететін белгісіз заттар бар. Қолданушы. Дәрілік мақсатқа сабағын, жапырағын, тамырын пайдаланады. Қақырық түсіреді, жүйкені тыныштандырады. Қазір көкпекті қарын мен жіңішке ішектің жарасын емдеуге ұсынады. Емдеу мерзімі 3 аптаға созылады. Ауру адам алдымен шөптен жасалған қайнатындыны астан жарты сағат бұрын ішеді, ал ас артынан екі сағаттан кейін тамырдан жасалған қайнатындыны күніне 3 рет ішеді. Көкпек препаратын пайдаланғаннан кейін қақырық түсіп кеуде жеңілдейді, шан

шу басылады. Көкпекті казтабан, шайкурай-мен қосып жатыр мойнының эрозиясын емдеуге пайдаланады.

Қаражусан. Күрделі гүлділер тұкымдас, көп жылдық өсімдік. Үстіңгі жағы қою жасыл,астыңғы жағы ақшыл, гүл қауашақтары ұсақ, биікт. 30-70 см-ге жетеді. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Теңіз жағасына жақын жерлерде, су жүретін алқапта, сайларда, ылғалды жерлерде өседі. Химиялық құрамы. Құрамында шырышты және шайырлы заттар, каротин, С витамині, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар. Тамырында илік заттар, инулин және эфир майы бар.

Колданылуы. Емдік мақсатқа шөбі мен тамырын пайдаланады. Шөбін шілде, тамыз, ал тамырын күзде жинайды. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан ішек бездерінің қызметін күшейтеді, толғақты жеделдетеді, нерв жүйесін тыныштандырады, әр түрлі шаншулар мен құрыспаларды басады, ұйықтатады. Тер шығарады, ішек құртын түсіреді. Қаражусанмен карашай-черкестіктер гипертонияны емдейді, украиндықтар шарапқа ашытып, бал қосып өкпе ауруын және тыныс жолдарының ауруларын емдейді. Орта Азия елдерінде одан суық тигенде ванна жасайды. Демікпеге шалдыққан адамға қаражусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді.

С ү т т і г е н . Оның 150-ге жуық түрі бар. Сүттігеннің жапырақтары кезектесе.немесе қарама-қарсы орналасқан. Сабағы тік бұтақты. Гүлдері шоқталып өседі. Жемісі үш ұялы қауашақ. Биікт. кейде бір м-ге дейін жетеді. Маусым, тамыз айларында гүлдейді. Құмақты, елді мекенді, тұяқ кесті, тоза бастаған жерлерде өседі.

Химиялық құрамы. Сүттігеннің кейбір түрлерінің ұрығында іш өткізетін май бар. Сондай-ақ сүтті шырын, шайыр майы, кау­чук те болады. Бұл - өте улы өсімдік. Колданылуы. Емдік мақсатқа өсімдіктін ма­усым, тамыз айларында жиналатын шөбі мен сүтті шырынын пайдаланады. Ол негізінен іш өткізетін, несеп жүргізетін және ішек құртын түсіретін, сондай-ақ қатерлі ісіктерді емдейтін дәрі ретінде колданылады. Ол үшін сүттіген тамырының 2 грамын және 4-5 грамм кептірілген шөбін бір стакан қайнаған суға салып тұндырады да, бір ас қасықтан күніне 2-4 рет су косып ішеді. Өсімдік шырынын мендерді, сүйелдерді және беттегі дақтарды кетіру үшін пайдаланады. Сүттіген дәрілерін қалыптан тыс кеп мөлшерде қолданса ауыр асқынулар, қарын және ішек кабынулары болады. Сүттіген шырыны көздің, еріннің, мұрынның және жыныс органдарының ішкі қабатына тисе, оларды да кабындырады.

Т о б ы л ғ ы . Раушан гүлдер тұкымдас, көп жылдық өсімдік. Гүлдері ұсак, хош иісті, шоқталып өседі. Жемісі ұсак дән түрінде. Биікт. 1-1,5 м-ге дейін барады. Маусым, та­мыз айларында гүлдейді. Таулы, ылғалды жерлерде, көбіне Бейнеуден әрі карай терістік Үстірттің шындарында өседі. Химиялық құрамы. Құрамында салицил альдегиді, эфир майы, гелиотропин эфирі, ванилин, терпен, салицил қышкылы, май, илік және бояғыш заттар, аса мол мөлшерде С витамині, ал гүлінде эфир майы, сары түсті бояғыш зат және спиреин глюкозиді бар.

Қолданылуы. Емдік максатқа гүлдеу кезінде жинап алатын шөбін, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Тобылғы іштін өтуін тоқтатады. Несеп пен тердің шығуын күшейтеді, ауырғанды басады, қабынуды жояды, жараны жазады, қан тоқтатады және ішек құртын түсіреді.

Тобылғы тұнбаларын құяң мен ревматизмге шалдыққанда, асқазан, қуықауырғанда ішеді. Ол үшін 1 шай қасық шөбін

1стакан қайнаған суға салып, жабық ыдыста 8 сағат тұндырады. Содан соң сүзеді де, ширек стаканнан күніне 4 рет астан бұрын ішеді немесе 2 шай қасықтобылғы гүлін бір жарым стакан кайнаған суға салып, жабық ыдыста 3-4 сағат тұндырады да, оны бүйрек пен куык ауырғанда несеп жүргізу үшін ішеді. Тұнбасын жылан шаққанда да пайдаланады, ірінді жараларды, тері ауруларын және гинекологиялық мақсатта да пайдаланады. Томарбояу. Корғасын шөптұқымдас өсімдік. Тамыры ұзын, гүлді сабақтарында бұтақ көп болады. Жағымсыз иісі бар. Тамыры ұзын, биікт. 30-60 см, шілде, қыркүйекте гүлдейді. Маңғыстау даласында, қырлы жер­лерде өседі.

Химиялық құрамы. Тамырында илік заттар, галла және эллага қышқылдары, ал шөбінде мирицитрин глюкозиді мен аздаған мөлшер­де алкалоидтер бар.

Қолданылуы. Емдік мақсатта күнде кеш алдында тамырларын қолданады. Ол қан тоқтатады және қабынудан сактайды. Тамырының қайнатындысы мен ұнтағы іштің жәй, қан аралас өтуін, жатырдан қан кетуін емдеуге аса пайдалы. Сабағынан жасалған ұнтақпен «кермейн» сығындысын асқазан, ішек ауруларының асқынған түрімен ауырған адамдарға ішкізсе, олардың денсаулығы жақсарады, ас қорытуы түзеледі, іштің өткені тиылып, асқа тәбет артады. Қарын жарасын емдеу үшін 100 грамм томар бояу тамыры мен 100 грамм шайқурайды қосып, бір жарым литр араққа ашытып, тамақтан бұрын 1—2 қасықтан екі ай бойы ішеді. Жоғарыда айтылған емдік өсімдіктердің тек Маңғыстауда кездесетіндері ғана камтылды. Бірақ бұл аймақтағы шипалы шөптер осылар ғана деген ұғым тұмауы тиіс. Түбектегі есепке алынған үш жүзге жуық өсімдіктердің ішінде ғылымға шипалық қасиеті тұрғысынан әлі белгісіз, зерттелмеген талай өсімдіктердің бар екені күмән келтірмейді. Солардың бірі ерқұны деген өсімдік, оның екі түрі бар. Біріншісі қырықбуын тәрізді, тамыры қызыл, өкпе, демікпе сияқты тыныс жолдары кеселдеріне пайдаланылады.

Қараған тау шатқалдары мен т. б. бірқатар кебірлі баурайларда ірі динозавр, ихтиозаврлардың сүйектері Таушық маңын-лағы Апажар қосқанатынан ұшырасады. Бұл – қайсы бір ауыз әдебиеті нұсқаларындағы - Үстірт шыңында «Таутайлақ» өмір сүреді екен, Айназар мерген (аңыз кейіпкері) Шоқырақ тауының аңғарынан «айдаһар атыпты», «Таушық тауларынан құлан аулапты» деген секілді аңыз сарындардың «таутайлақ», «айдаһар», «құлан» тағы басқа ғасырлар қатпарларында жасырынған тарихи дәлелдемелері секілді. Ал қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты: хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қара-шұбар жылан, оқ жылан, су жылан, кұм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т. б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік қорықтардан ғана кездестіруге болады.

Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суық торғайдан қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: жапалақ, үкі, жарқанат, күйкентай, ителгі, қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, үйрек, шағала, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл заказнигінде жоғарыда аталған су құстарының бір сыпырасын кездестіруге болады. Сондай-ақ, Бозащы, Ембі заказнигі мен Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шынды жерлерінде - арқар; Жазық, Жайылма қоңырлықтарында қарақұйрықта мекен етеді. Бозащы түбегінің терістігі мен терістік шығысы, қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы үлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер жиі ұшырасады. Құмды, арымды жерлер мен бұйраттарда қоян өседі..