Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1989.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

Облыстың көлемін агрометеорогиялық үш аймаққа бөлуге болады.

1. Құрғақ ыссы шөл аймақ-Бейнеу әкімшілік ауданын алып жатыр. Бұл арада 10градустан жоғары температураның жалпы мөлшері 3500◦, жауын- шашын мөлшері 80-100мм төңірегінде ауытқып, өзгеріп отырады.. Көктемгі суық, орта есеппен сәуірдің екінші он күндігінде бітеді де, күзгі суық казанның бірінші он күндігінде түседі. Ал жылы кезең орта есеппен 180 күнге созылады. Кар әдетте желтоқсанның үшінші он күндігінде жата бастайды. Қардың тұрақты жатуы орта есеп­пен 60-70 күнге созылады.

2. Теңіз жағалық құрғақ және ыстық шөл аймағы Маңғыстау және қарақия әкімшілік аудандарының жағалық бөліктерін алып жатады.

10 градустан жоғары жылы температураның жалпы мөлшері 3600-3850°. Жауын-шашын мөлшері 80-85 мм шамасы. Қардың қалыңдығы орта есеппен 5 см-ден аспайды.

3. Өте ыссы қүрғақ шөл аймақтың алып жатқан жері - Үстірт жоны мен Маңғыстау таулары, негізінен Маңғыстау мен Қарақия әкімшілігі аудандарының оңтүстік шығыс жақтары.

10 градустан жоғары жылы температураның жалпы мөлшері 3800-4300°. Жылдық жауын-шашын мөлшері 90-160 мм. Қардың жату ұзақтығы солтүстік шығысында 60-70 күнге, оңтүстік батысында 30-40 күнге созылады.

Маңғыстаудың ауа-райы (ауытқу жылдарын айтпағанда) жайылымдарда малды жыл бойы ұстауға қолайлы келеді. Мал шаруашылығына байланысты барлық шараларды жүргізу мерзімдері әрбір нақты жағдайда, ауа-райына орай белгіленеді.

1.3.Су қорлары.

Маңғыстаудың қай түпкіріне барсан да малдың тұяғы, малшының табаны тимеген жер кем де кем. Сол шаруагердің бар болмысының бұлтартпас куәсіндей сәлекей күнгейді, болмашы ықтасынды сағалаған ескінің көзі, не заманғы қара жұрттар алдыңнан шығады. Олардың бәрі бірдей тұрақты орын емес, шаруаның маусымды қонысты пайдаланған уакытша аялдамасы. Қара жұрт маңында құдықта жоқ. Бірақ сол төңіректе тақыр мен тастақтың, қоңырдаң мен күптің, болмағанда ескі шырлаудын жосағы табылады. Ерте көктемде ұқыпты колмен көмілген қар суы шырлауы азғана шаруаны ыссы түскенше ілдалдалайды.

Маңғыстау шаруагерінің осылайша суды айрықша қастерлеп жаңбыр мен қар суларының жиналатын орнын есепке алып, оларға айрықша ат беріп айдар тағуы да осыдан. Құсымның тұраны, Қызыл тұран, Көк тастың тұраны, Қаншым тұран немесе су тұратын тақырлардың аты да атадан балаға мұра болып Айранның тақыры, Құсқонбастың такыры, Ұланақтың тақыры, Елейдің тақыры, Бәйменнің тақыры дейтін орындар бар. Ал жанжағы тасты жарқабақ, табаны қатқыл тұйықтағы Қазан шүқыр «күп» деп аталып, оның сулары 1950-60 жылдарға дейін кәдеге асты.

Маңғыстау жерінде Шаңырақкүп, Қоңыркүп, Шайтанкүп, Саураның күбі сияқты талай заман ел игілігіне жараған атақты күптер көптеп саналады. Бұл өлкенің саяси, экономикалық тіршілігінің негізі болған құдыктардың тарихы сонау орта ғасырлардан бермен қарай белгілі бола бастады. Бірақ олар азды-көпті сонау ежелгі дәуірдің өзінде де болғанға ұксайды. Сондай-ақ жер бетіне жақын кұм етектеріндегі ыза, тау анғарларындағы қайраңнан шығатын еспе, коңырлықтағы орпалық су көздерін өлке тұрғындары кезінде жаксы пайдаланған.

Өнімділігі төмен тек қана қора басына есеп жасалған қол суларын үй орнындай етіп казып, түбі құмсақ құламалы болса жүзген, жыңғыл, сексеуіл сияқты бұталармен сыпыра қазандық жасап, іргесін шегендеп қауіпсіз халге келтірген апан құдықтарда болған.

Шымды, тепсенді қатқылдықтар арқылы жаңбырдан кейін жүретін коңырдаң суларын мал шаруашылығына, ал әр түрлі ағыстар мен құйылыстардың сағасын бөгеп, егіншілік мақсаттарға пайдаланған. Құдықтың тереңдігі 4-5 құлаштан асқасын-ақ көл суы емес терең шыңырау құдыктар санатына косылатын.

Шыңыраулар қырық құлаш, тіпті одан да терең болады, «жүз адым» деп аталуы да сол терендікті бейнелейді. Құдык пен шыңырауды қазуға көп енбек жұмсалған. Олар құламайтындай болып таспен өріліп, ауызы әйкелмен көмкеріледі. Құдық түбіндегі адамның кауіпсіздігі үшін қазылу кезінде қашыртқылар дайындалған. Тебін суы құдыққа кетпес үшін әйкелдін айналасы топырақпен көміліп, дөңестелген. Астаудың астына арнайы дере жасалады.

Маңғыстауда құдық қазуды кәсіп еткен рулар мен әулеттер болған. Өлкеде XIX ғасыр-дың 70 жылдарында 812тұщы, 322 ащы, барлығы 1139 құдық болған. Ал, олардың саны 1899 ж. - 1211 тұщы, 2957 ащы, барлығы 4168 құдыққа жетіпті. Соңғы мәліметтегі құдық санынын бұлайша екі есе көбеюі патша Үкіметінің 1881 жылғы Каспий сырты облысын құрып, әуелгі мәліметтерге теке, Красноводск уездерінін косылып, мәлімет аумағының кеңеюіне сәйкес келеді. Түбектегі құдық санының бірде көбейіп, бірде азайып көрінуі Маңғыстауды қоныстанған шаруагерлер мен мал басының кему не өсу қарқынына тікелей байланысты бо­лып отырған.

Маңғыстауды суландыру, жайылымды игеру шаралары 1960 жылдардан бастап колға алынды. Бұрынғы шахтылы құдықтарды жөндеу, аршу жұмыстары саябырсып, онын орнына техника куатымен қазылатын тұрбалы құдықтар пайда болды. Енді бұрынғыдай суды шығырмен емес арнайы су көтеретін меха­низм ВЛМ- 100-дің куатымен шығаратын болды. Техниканың күшімен 56-65 метрге дейінгі тереңдіктегі суды алып пайдалануға мүмкіндік туды. Бұл әдіспен тәулігіне жоғарғыдағыдай тереңдіктен 35-40 текше метрдей, ал 20-25 метр тереңдіктен 70текше метрдің үстінде су алуға болады. Бірқатар жерде атпалы су көздері өмірге келді.

Атпалы су көздерін кран арқылы белгілі тәртіппен пайдалану шаруашылықтар үшін өте тиімді, ал ондай су көздері қамқорлықсыз қалған жерлерде, шамадан тыс малдың шоғырлануы нәтижесінде жайылыстын істен шығуы, малдың арасында әр түрлі аурудың таралуы си­яқты жағымсыз жақтары да көрініс береді. Жайылымды суландырумен қатар жер асты суларының жалпы қорын анықтау, оның ішінде тұщы сулардың мүмкіндіктерін білу, оларды пайдаланудын ғылыми жүйелерін жасау жұмыстары 1949-50 жылдардан басталған болатын. Жер асты сулары халық шаруашылығының әртүрлі мұқтаждарың өтеу үшін ерекше орын алады. 1970-80 жылдардағы қорытынды бойынша жер асты суының коры күн тәулігіне 850 мың текше метрден асады, ал іс жүзінде оның пайдаланатын мөлшері халық шаруашылығының өсу қарқ­ынына байланысты өзгеріп отырады.

Қ а р а т а у ж о н ы. Бұлар үш бөліктен: Таушык, Батыс және Шығыс Каратау жондарынан құралып, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Қаратау сілемдерінен су алатын 20 шақты орын бар. Олардың ішінде ең ірілері - Тұщыбек, Шайыр, Шетпе, Қарақұдық, Онды, Жармыш, Ағашты, Аусары, Күркүреуік, Керіз, Доллы апа. Бұлардағы су мүмкіндігі 1,5-т"ен 6,3 л/с дейін, ал атпалы түтіктердікі 5-15 л/с-ке дейін (Тұщыбек, Шайыр, Онды), кей жерлерде 23 л/с дейін (Карақұдық), кей жылдары бірсыпыра су коздерінің (Тұщыбек, Шайыр) өнімділігі көктемде 15-25 л/с жетеді. Пайдаланатын су қоры әр түрлі әдіспен есептегеңде 260 л/с деп бағаланады.

Қаратаужонының өсімдіктер көрінісі.

Ұланақ аңғары. Ұланақ аңғарының бірінші қабатынын суы тұщы, екінші, үшінші,төртінші қабаттарының суы 150-240 м тереңдікте жатыр, суынын ащылығы азырақ (3 г/л дейін). Жалпы қоры 220 л/с шамасындай. Ұланақ 1950 ж. зерттеліп 27 жылдық қоры белгіленген, 1961 жылдан бастап суы алына бастады. Сол жылдан бері 70 түтіктен 600 мм-дің үстінде су алынды. Судың шамадан тыс есепсіз алынуынан судың деңгейі 250-270 м төмендеп кеткен, ал Шетпе маңайындағы жер асты суларының шет жерлерінде судың деңгейі 40-50 мге төмендеген. Ол ман­дата құдықтардың суы тартыла бастаған. Құйылыстан қазір тәулігіне 45-55 мың тек­ше метр су сорылып, онын тек қана 4,5 мың текше метрі ауыз суға пайдаланылып, калға­ны өндірістік мақсатқа жұмсалады.

Басқұдық құмы. Жер көлемі 150км2 Басқұдық құмды аумағы Бекі-Басқұдық солтүстік қанатын алып жатыр. Мұның барлық жері сулы болып келмейді, тек терістік ойпаттары ғана сулы болады. Жер асты суының тұздылығы литріне 0,24 г-ға дейін, тұщы су құмның орталық бөлігін алып жатыр. Жер асты суы жауын-шашын суының сүзіліп өтуінен және ішінара құмды аумақ астындағы альб-сеноман шөгіндісінде ашық жер деп аталатын саңылаудан ағу арқылы көбейеді. Судың қоры 50л/с.

Солтүстік Ақтау артезиан бассейні. Аталған сулы аумақ батыс және шығыс Қаратау жондарының солтүстік жағына орналасқан, жалпы аумағы 500 км2. Оның ұзындығы 100, ені 40-50 шақырым шамасында. Сулы аумақ су ұстайтын 6 қабаттан тұрады. Жалпы олардың терендігі 700-1100 метрдің арасында. Әрқайсысының қабаты 50-60 метр шамасында болады. Суы неғұрлым молырағы және тұщысы - жоғарғы қабаттары. Екінші және үшінші қабаттарының практикалық мәні зор, бірақ судың тараған аумағы оларда салыстырмалы түрде үлкен емес, минералдығы 3 г/л төңірегінде.

Екінші қабаттағы судың қоры 400-500 л/с жобасында. Сам қ ұ м ы. Сам құмы Үстірт жонының солт. шығыс жағын алып жатыр. Оның жал­пы аумағы 2320 шаршы км шамасында, ұзындығы 70-80 шақырым. Су қабатының калыңдығы шет жағында 0,5-1,5 м, орталығында 25-30 м. Тұщы судың көзі төрт линзадан тұрады. Олар бір-бірінен тұздылығы жоғарылау сумен бөлініп тұрады. Орташа тұздылығы 1 г/л тәулігіне 35,6 мың м3 су қоры пайдаланылады, оның 110 л/с батыс линзада, 200 оңт, 89,4 солт, 11,9 л/с шығ. линзада. Қызылқұ сулы аумағы. Қызылкұм улы аумағы Бозащы түбегінің орталық бөлігіне орналасқан. Жалпы көлемі 800 шар­шы километрден астам ауданды алып жатқан кұмды аумақ. Ұзындығы 40, көлденеңі 4-10 шақырым шамасында. Құмды аумақ түгелге жуық сулы. Құмды аумақтың және су ұстағыш шөгінділердің жер бедеріне байланысты жер асты суларының жату терендігі 1-5 м-ден 10- 12 м-ге дейін ауытқиды. Құмдағы су молшылығы тұтасымен алғанда онша үлкен емес. Судың деңгейі 0,3-1,0 м төмендегенде құдықтардың өнімділігі секундына 0,1-ден 6,8 литрге дейін ауытқиды.

Судың беткейінде судың тұздылығы литріне 0,6-0,9 грамнан аспайды, ал тереңдегенде және құмның шетіне қарай ол көрсеткіш 3 грамға дейін жоғарылайды.

Қызылқұм сулы аумағының жалпы табиғи мүмкіндігі секундына 60 литр болады, ал тұздылығы литріне 1 грамға дейінгі тұщы су қорының мүмкіндігі секундына 25-30 литр деп бағаланған.

Қызылқұм сулы аймағының басқа сулардан айырмашылығы оның тұщы суы ащы судың үстінде жатыр. Есепсіз пайдалану, тепетендіктің бұзылуы судың ашып кетуіне соқтырары сөзсіз. Қазіргі кезде есептегі 38 су түтікшелерінін 7-еуі ашып кеткен, 7-еуі құмығып калған. Егерде алға қарай су пайдаланудағы жүйесіздік жолға қойылмаса, халықтың сумен қамтылуы болашақта қиындауы күмән келтірмейді. Сондықтан да ауыз суды өндірістік бағытқа пайдалануды жан-жақты ойластырып, ғылыми негізде бұдан әрі шектеудің шараларын алу қажет. Құмсауысқан сулы аумағы. Құмсауысқан-Бостан сулы аумағы Басқұдық құмының шамасына орналасқан, сулы қабаттың көлденеңі 4-5, ұзындығы 29 шақырымға созылады, ал калыңдығы 0,4-21,5 метрге дейін өзгереді. Құмды аумақтың көп бөлігінде су тұщы және алғаулы болып келеді. Ауыз судың тұздылығы 03-06 грамнан аспайды. Құмның солтүстік бетінде құм жиегіне жақындағанда судың тұздылығы шұғыл артып, литрінде 5-10 грамға дейін жетеді.

Жер асты суы жауын-шашын есебінен көбейеді. Құмсауысқан кен орны 1964 жылдан бастап Жаңаөзен қаласын, Өзен және Тенге поселкаларын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылып келеді. Құмсауысқан кен орны 29 жыл үзбей пайдаланылып, одан 30 мл су алынды, ал онын жалпы қоры қорғалған уакытта 16 жылға есеп жасалынған болатын. Алғашқы жылдары су­дың жер бетінен денгейі 1,5-5 метрге дейін болса, қазір бұл қашықтық 9-15 метрге дейін жетіп отыр. Алынатын судың мөлшері жылдан-жылға кеміп барады. 1977 жылдары тәулігіне 5 мың м3 су сорылса, қазір онын мөлшері 3,25 мың м дейін азайған. Түйесу кұмы сулы аумағы. Түйесу құмының жалпы ауданы 180-190 шаршы км. Оның сулы қабаты батыстан шығысқа қарай 22-24 шақырымға, ал көлденеңі 1,5-6,8 шақырымға созылады. Тұздылығы 1 литрде 1 г шамасына дейінгі жер асты суы кен орнының жалпы ауданы 82 км2, оның ішінде негізгі лин­за - 65 км2 солтүстік батыс линза - 17 км2, ал егер тұздылығы литріне 1-ден 3 г-ға дейінгі алғаулы су көлемін алсақ, оның көлемі 30 км2-ден асады. Оның негізгі өнімділігі орта есеппен секундына 0,54 л болады. Түйесу су қоры 15 жылға қорғалып, 1972 жылдан бері Өзен өндіріс орнына пайдаланылып келеді. Осы жылдар ішінде одан 74 мл су сорылған. Судың жер асты деңгейі жылдан-жылға төмендеуде. Алғашқы кезде судың жер бетінен қашықтығы 5-17 метр болса, ол қазір 17-35 метрге дейін темен кеткен. Қазір Түйе-судан тәулігіне 9,25 мың м3 су сорылады. Су деңгейінің төмендеуі құмдағы бұталардың жоғалуына, сөйтіп соңғы жылдары құм көшкініне соқтырып, елді мекендерді құм баса бастады. Құмды мүйіс. Исан түбегінің сүйірлене барып теңізге сұғына кірген тұмсығы Құмды мүйіс Құрық кентінен 25 шақырым солтүстік батысқа қарай орналасқан. Кен орны екі қабатты сулы қабаттан тұрады. Түбектің оңтүстік жағалығын бойлай тұзды ортада қалқып таралған құм маңында тұщы су созылыңқы линза тәрізді болып жатады. Құмды жамылғының қалыңдығы 1,5-13,5 м, көлденеңі 3 км және ұзыңдығы 10 км-ге дейін созылады.

Құмның сулы бөлігінің қалыңдығы 0,25-12,8 м, құмдағы тұщы су линзасының орташа қалыңдығы 2 м болады. Тұзды ортада калқып жүретін, тұздылығы литріне 1 г-ға дейінгі тұщы су линзасының жалпы ауданы 11 км2, құмда 3 км2, әк тастарда 22 км2 болады, судың өнімділігі секундына 1,3-тен 3,7 л аралығында ауытқиды.

Кетік аңғары. Кетік аңғарында су жиналатын алқаптьң ауданы 190 км/м2. Тұщы және алғаулы жер асты суларының мол қоры аңғардың арна бөлігіне тура келеді, бірақ онша енді емес (1,5 км-ге дейін) тілімделген, оның қалыңдығы 14,0-тен 63,9 м-ге дейін жетеді.

Жер бетінің бедеріне байланысты жер асты суының орналасу терендігі арна бөлігінде 15-тен 35 м-ге дейін, аңғар беткейлерінде 50-ден 70 м-ге дейін ауытқиды. Сулы қабаттың бүкіл қалыңдығында судың тұздылығы литріне 0,8-1,0г болады.

Арнадан қашықтаған сайын судың тұздылығы арта түседі. Қала халқын сумен қамтамасыз ету үшін барлау жасалған және тұщы су линзасы аумағындағы тұщы суды пайдалану қоры секундына 10,5 л болып анықталған. Үстірт жоны су көздері. Арал теңізі мен Каспий теңізінің аралығында Сам кұмымен Каратүлей, Есенқазық, Елтеже, Шылпық, Ақсексеуіл түлейлерін ортасына алып жатқан байтақ дала Үстірт жоны Маңғыстаудың жазғы мал жайылымы болып табылады. Мұндағы жер асты су көздері шахталы, түтікті құдықтар арқылы бір кездердегі шығырдан бастап қазіргі замандағы күрделі, әр түрлі су көтеру механизмдерінің көмегімен шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Сам құмынан бастап оңтүстік шеттегі Қырық сегіз теппеге, Сай Өтестен шығыс оңтүстік шекарадағы Жаңбыршы құдығына дейінгі кеңістікке орналасқан мыңдаған құдық суларының 90%-ке жуығы мал шаруашылығына пайдалануға болатын тұздылығы 1 л-де 3 г-нан 5 г-ға дейін ауытқып отыратын жер асты сулары. Көбіне тұздылығы басымдау, суы мол, тереңдігі 20-40 м-ден шығатын су көздері Қаратүлей, Есенқазықтан терістік және терістік шығысқа қараған беттегі құдықтарда кездеседі. Ал Үстірт жонының шыңға жақын Қарнау бөлігі және орталық Үстірттегі: Уәлі, Ұлықыз, Ұзын, Қараш, Ақоты, Астауой, Қосқызыл, Жаңасу, Төлеп, Қожантай желісінде жатқан су көздері тұздылығы орта есеппен 3 г-нан аспайтын, терендігі 45-65 метрдің жобасынан келетін малға өте жұғымды су болып табылады. Үстірт жонындағы тұщы су көздері көбіне ащы судың үстінде орналасқан сулар. Бұлар Жолбаян, Қырықыстау, Шаңғала, Түкібай құдықтары маңдарындағы су көздерінде кездеседі.

Төңірек шың су көзі аумағы. Бұл аумақтың суының тұздылығы 1 л-де 3 г-ға дейін болып, жалпы көлемі 1,5 мың км2 жерді алып жатады. Суы 550-700 м тереңдіктен кездесіп, түтікшелер арқылы жер бетіне өз бетінше атқылап шығады. Сулы қабаттың орташа калыңдығы 50м. Өздігінен ағатын атпалы судың өнімділігі 30-40 л/сек болып келеді. Күн ілгері алынған мәлімет бойынша, 3 г/л-ға дейінгі тұздылықтағы су қоры кемінде 50 л/с деп есептелінген. Маңғыстау облысы бойынша ауыл шаруашылығына бағытталған 11599,6 мың га жайылыстың 5275 мың га жайылымы суландырылған. Бұл жайылыстарда қазір 588 шахта­лы, 691 тұрбалы, барлығы 1279 құдық бар. Әр түрлі жарамсыздық себептерімен 1511 мың га жайылымды қамтитын 1357 құдық (оның 337-сі шахталы, 1020-сы тұрбалы құдықтар) есептен шығарылған. Елді мекендер мен сусыз аймақтардағы жайылымдық жерлерді игеру мақсатында 1974-90 жылдар арасында бірқатар жұмыстар атқарылып, ұзындығы 403 шақырымдық, су айдау мүмкіндігі тәулігіне 0,25-1,663 м3 арасындағы болатын Опорный-Қарақұм, Сам 2-Бейнеу, Ақжігіт-Сам құмы, Қызылкұм-Қызан, Басқұдық-Бекі, Тереңорпа-Сеңгірқұм су құбырлары пайдалануға берілді. Аталған су құбырларынан шаруашылықтар жылына орта есеппен 170-180 мың текше метр арасында тұщы су көздерін пайдаланып келеді. Сондай-ақ жаңбыр, қар суларын үлкен көлемде жинау және оны шаруашылық мақсаттарына пайдалану бағытында 1974-80 жылдарда Қаратау, Ақтау жондарынан түсетін үлкен аңғарлардан ағын су кедергілері жасалынып, Ақмыш, Жармыш, Құйылыс су бөгеттері пайдалануға берілді. Бірақ су қоймаларының орнын таңдауда, оның гипсометриялық, гидравликалық және алқаптық параметрлерін жасаудағы есеп-қисаптарының ғылымға негізделіп мұқият зерттелмеуінен бөгеттердің көпшілігі мезгілсіз істен шықты, ал бірқатары жердің ащылығы, сондай-ақ су ағыстарының жолшыбай сорлы аумақтарды басып өтуіне байланысты бөгет сулары тұзданып пайдасызданып қалды.

Маңғыстау облысы бойынша көп жылдардан бері шаруашылықтар үшін тұрақты пайдаланылып келе жатқан бөгеттердің есебіне Ырғызбай, Қарасай бөгеттерін жаткызуға болады.

Топырағы. Маңғыстаудың жері биоклимат жағдайына қарай шөлді ландшафты аймаққа жатады. Аймақтың топырағы негізінен өсетін өсімдігіне және топырағының түсі мен беткі қабатына қарай екі аймаққа бөлінеді. Оның біріншісі - қоңыр топырақты солтүстік сортаң-жусан өсетін далалық шөл аймақ және сұрқоңыр топырақты, ерте қурап өшіп кететін раң тәріздес өсімдік және ащылы шөп бұта тектілер есетін орталық шөл аймақ. Қоңыр топырақты аймақ облыстың солтүстік жағын (Түпқараған түбегі, Бозащы, Таулы Маңғыстау, Үстірттің Қарнау бөлігін) алып жатыр. Тұздану, сортандану дәрежесіне және қарашірік қабатының қалыңдығына қарай топырақтың сұр-қоңыр, сортаң, сор-сортаң, сорлау, сор, қоңыр топырақтың су шайып бүлінген және нашар дамыған түрлері көзге түседі. Аталған топыраққа негізінен жусан өседі, қарашірік қабаты жоқ десе де болады. Қоңыр сортаң және аздап сор-сортаң топырақты учаскелерді әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарын егуге пайдалануға болады. Тек екінші рет тұзданып кетпеуі үшін оны суармалы ету және басқа да шараларды жүзеге асыру керек. Сұр-қоңыр топырақты аймақ Қарақия ойпатының оңтүстігінен бастап, Маңғыстау жазығының көпшілік бөлігін алып жатыр. Сондай-ақ топырақтың бұл түрі Үстірт жонының оңтүстік шетін түгелге жуық қамтиды. Карбонатты топыраққа жататын топырақтың бұл түріне көбіне бұйрығын мен тітір, сондай-ақ сояулы, биік, бөрікбас, ақ жусан, сиректеу күйреуік өседі. Шабындық-қоңыр топырақтың аздап тараған жері - таулы Маңғыстау. Бұл топырақ, тау араларында, сондай-ақ суффозиялық-баулық және қарсты ойпаттардағы дәнді-жусан өсімдіктердің астында құрылады. Оның құрылуы минералданған, аздап тұщы ыза суының әсерімен, атмосфералық нөсер жауын-шашынның ағысы есебінен бетінің қосымша ылғалдануына байланысты болады. Шабындық-қоңыр топыраққа тиімді әсер ететін дренаж жасау арқылы мелиорация жүргізу оны ауылшаруашылығына лайықтап игерудің ең перспективалық жолы. Шөлдің сортаң топырағы өте-мөте кең тараған. Өсімдігі мейлінше қуарып, сиреп кеткен, мұнда өсетіңдер бұйрығын, тасбұйрығын мен қара жусан. Бұл топырақта көзге түсетіні на­трий мөлшерінің көптігі, ол топыраққа сіңген негіздердің 30-50 процентіне жетеді. Шабындық-сортаң топырақтар айтарлықтай сирек кездеседі. Олар тым күшті минералданған, ыза суы тайыз 3-4 м жерде, тау арасындағы ойпандардағы ажырық, басқалай сораң тектес ащылы өсімдіктер астында түзіледі. Бұл топырақтар түбірлі мелиора­ция жүргізілмейінше егіншілікке жарамайды. Маңғыстауда тақырлардың бәрі де хлор-натриймен тұзданып болған. Бұл топыраққа шөп өспейді, жаңбыр, қар суы жиналады. Сордың топырағы ең пайдасыз топырақтар. Бұл жер асты суы жақын жатқан, үсті ылғи батпақтанып, майлы тұзға айналуынан пайда болады. Ондай жердің қабатына хлорид пен сульфат көп жиналады да, ыза суы өте ащы болып кетеді.

Маңғыстаудың өсімдіктер және жануарлар дүниесі сондай-ақ су көздері туралы мәліметтер арнайы такырып пен өз алдына енетін болғандықтан бұл жерде қайталап жазудың қажеттілігі болмады.

Өсімдігі. Маңғыстау өлкесінің өсімдіктер дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. И. Шренк, И. Г. Борщов, П. П. Семенов-Тян-Шанский, И. А. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825-26 жылдары жарық көрген Эйхвальдтың-Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға (Крас-новодск қ.) дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г. С. Карелин 1832 ж. Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И. Г. Борщовтың 1965 ж. жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марни, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктер дүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау жайылым және мелиоративтік тресінің 1948 ж. Ақ-құдық Қарынжарық және Оңтүстік Үстірттің оған шектес жерлеріне жүргізген зер­ттеу жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстаудың оңтүстік құмдақ ауданының өсімдіктер дүниесі мен жайылымдық шөбінің өнімділігі туралы нақты деректемелер жинақталды.

Маңғыстаудың құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түлейлерде, сондай-ақ, Сам, Матай құмдарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас; Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Маңғыстау жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында - сүттіген, Бозащы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі еседі. Итсиген пен адыраспан, құртқа-шаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі.

Еркек, боз, бидайық, ақ шөптер көбіне құмды аудандар мен Бозашыда, Түпқараған жазығында кездеседі.

Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы - жусан. Жусан аймақтың, барлық жерінде өседі. Жусаннан кейінгі төрт түлік малдың талғамай жейтін шөбі - күйреуік. Қоныссыз жылдары күйреуік жақсы шықса, малшы қауым жусанды көп іздемей, қанағат тұтады. Ал бұйрығынды көктемей тұрғанда, не шала көктеу кезінде, содан кейін күз, қыс қарсаңында жақсы пайдаланады. Сондай-ақ, изен, жапақ, тітір, жантақ барлық жерде біркелкі кездесе бермейтін шөптер, бірақ төртеуінің де малға жұғымдылығы, қоректік сапасы өте жоғары. Маңғыстауда тұрақты қоныс бола бермейді. Қысы қарлы, көктемі желсіз жылы, жазы жаңбырлы болған жылдары шөптің қай түрі де: қызғалдақ, сарғалдақ, раң, мортық, сіргеқара, беде, мысыққұйрык, аққайың, жауылша, қазтабан, шытыр, қоңырбас, сіңбірік, қоянжын; таулы жерлерде: киікоты, ерқұны, қына, түйежапырак, қызылша; ащылы жерлерде: көкпек, домалатпа, түйеқарын, алабұта, кекіре, торғайот, балықкөз т. б. каптап шығып, дала құлпырып кетеді. Бірақ, бұл сирек, 7-10 жылда бір кездесетін өзгермелі құбылыс. Көктемгі төл шөптердің ішінде шаруашылық үшін ең пайдалысы мортық. Мортық қонысты жылдары Маңғыстаудың көпшілік жерінде шығады. Көктемде бас жарғанға дейін мал жақсы жейді. Кей жылдары мортықты мал азығы үшін де дайындайды. Азықтық және шығымдылық сапасы жағынан мортықпен деңгейлес шөптердің бірі-ебелек. Ол да мортық сияқты Маңғыстаудың көпшілік жерінде кездеседі. Мортықтан ерекшелігі жаңбырлы жылдары көктемнен қоңыр күзге дейін мезгіл тандамай шыға береді. Малдың барлық түрі, оның ішінде жылқы малы ебелекті жақсы жейді. Дәнденіп, қатайған уақытта қозы үшін тиімсіз. Әдетте қазан айының соңғы он күндігінен бастап ебелек ұша бастайды. Малға жұғымдылығы жағынан бағалы шөптердің бірі ажырық. Ол тау қойнауларында, ағыстардың түйіскен, су жиналатын жартылай тақыр тегістіктерінде тұтаса өседі. Ғылымда ажырықты мал семірткіш азық деп бағалайды. Шаруашылықтар қалың шыққан жылдары ажырықты мал азығы үшін де дайындайды.

Маңғыстау даласында ши басқа өсімдіктердей кең көлемде кездесе бермейді. Бұл су сағалайтын, жоғарғы қабаттағы тұщы сулардан нәр алатын өсімдік. Шиді тау бөктерлерінде, ызалы, еспелі бұлақтар маңында, құмның қоңырлыққа айқасар сулы, тепсенді алқаптарында кездестіруге болады. Ши сақалдарын мал жақсы жейді. Ал шидің өзін тартып дайындап, тоқып үй тұрмысына және малға ықтасын ретінде пайдаланады. Суармалы жерлерде мал азығы үшін жоңышқа, жүгері, судан шөбі жақсы өседі. Бірақ су көздерінің тапшылығына байланысты, өсімдіктің бұл түрлері кең көлемде тарамаған. Өзен, көл, жайылма судың жоқтығына байланысты Маңғыстауда түрақты шабындық жоқ. Қоныс реттеріне қарай әр жылда әр жерден мал азығы дайындалады. Мал азықтық өсімдіктердің орташа өнімділігі бір гектардан 1,8-2,5 центнер шамасынан келеді. Мал азығының көлемі ең көп дайындалған жылдары облыс шаруашылықтары бойынша 80 мың тоннаға дейін жетеді. Бірақ бұл корсеткіш соңғы 20 жылда екі-ақ, рет қайталанды. Көпшілік жерде, әсіресе, топырағы карбонатты Оңтүстік Маңғыстау жазығы мен Оңтүстік Үстіртте. шабылған жердің есімдігі 4-5 жылға дейін жетіспейді. Сондықтан да Маңғыстау жағдайында мал өз аяғымен жайылатын жердің шөбін шаппаған дұрыс.

II.Негізгі бөлім