Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1989.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

1.2. Геологиялық құрылымы және пайдалы қазындылары.

Маңғыстау жер кыртысының құрылымы негізінен пермь, триас, юра, бор дәуірі шөгінділерінін нәтижесінде пайда болған әр түрлі жыныстардан тұрады. Маңғыстау жерін Каспий тенізінің жартылай қоршап жатуы және оның деңгейінін бірде жоғарылап, бірде төмендеуі маңайында орналасқан аймақтардың ауа-райына немесе өсімдіктер дүниесіне ғана емес, геол. құрылммына да айтарлықтай әсер еткені даусыз.

Түбектің кез келген бұрышынан мұнай мен газдың аткылауында бір кездегі осы аймақты қымтай құшағына алып, кейін тартылып қалғ­ан Тетис мұхиты мен оның казіргі замандағы көзі Каспийдің атқарар орны орасан зор. Сондықтан да мамандардың дәлелдегеніндей қазіргі Маңғыстаудың жер қыртысындағы көрер көзге сайрап жатқан геол. түзілімдердің көпшілігі бұл аймақтың түгелімен су астында жатқан көне дәуірімен тұстас келеді. Палеозой дәуірінін соны мен мезозой дәуірінін бас шамасындағы пермь, триас кезеңдерінен (бұдан бұр. 190 млн. жыл шамасы) қалған құм, тас, саз, сланец, көк сұр әктастар казіргі Қаратау баурайларынан жиі кездеседі. Бат. және шығ. Қаратау мен онын сілемдері сол пермь және триас кезеңінің шөгінділерінен түзілген ежелгі жыныстары болып табылады.

Юра (бұдан 140-150 млн. жылдар бұрын шамасы) кезеңінің қалдықтары құм, саз карбонатты жыныстар күйінде түбектің өне бойынан түгел табылады.

Маңғыстаудағы юра қабаты шамамен 1300 м-ге дейін жетеді. Жетібай, Өзен кен орындарында бұл қабаттан қазірде мұнай алынып отыр.

Маңғыстауда ең көп кездесетін тау жыныстарының бірі бор (бұдан 115-120 млн. жыл шамасы бұрын) кезенінің қалдықтары. Солт. пен онт. Ақтау және олардың арасындағы ірілі-уақты алқаптар негізінен бор дәуірінін шөгінділері құм, тастан ақмергель бор, әктас, саз тастардан тұрады. Бор дәуірінен калған, жел мен судың және күннін әсерінен адам таңқаларлық әр түрлі бейнедегі қотыр тастарды жиі кездестіруге болады.

Кайнозой дәуірінің палеоген (30-65 млн. жыл шамасы бұрын) кезеңінің жұрнақтары түбектің кез келген пұшпағында кездеседі. Палеогеннің аяқ кезеңі олигоцен тұсында (бұдан 30-40 млн. жыл шамасы бұрын) теңіз қайтадан тасып, казіргі Маңғыстау түп-түгел су астында жатады. Бірақ теңіз қайтадан қайтып, тау жоталары пайда болып, кара жер көріне бастайды.

Неоген тұсы (20-30 млн. жыл шамасы бұрын) кезінде Каспий оқтын-оқтын тасып, Онт. Маңғыстау жоталарын қайта-қайта су басып, казіргі ұлутастар қабатын құраған. Геол. жас дәуір басаяғы ең сонғы бір млн. жыл ауқымымен шектелетін ширектік кезеңнің калдықтары да бұл түбекте өте мол. Каспий жағалығы, Қарақия ойпаты мен Бозашы түбегі сол ширектік кезең шөгінділерінен тұрады. Жоғарыдағы көріністерге Карағанда Маңғыстауда алғашқы құрғақ жер триас дәуірінің аяқ кезеңінде, бұдан 190-200 млн. жылдар шамасында казіргі Қаратау қыраты жатқан тұстан пайда болған.

Қалған өңір көп уакытқа дейін су астында жаткан Қаратаудан кейін орт. Маңғыстау мен орт. Үстірт судан босаған Бозашы түбегі тіптен беріде құрғаққа айналған деген корытынды шығарылуда.

Сан ғасырлар бойы табиғаттың осыншама таңқаларлық мол өзгерістері Маңғыстау жер койнауын қабат-қабат казынаға толтыра берген.

Маңғыстау даласын мұкият зерттеген көрнекті географ, бұр. Одақтың дәрежедегі ҒА-ның корр.-мүшесі Б. А. Феодоровичтің пайымдауынша ежелгі өзендер Палео-Амудария, Палео-Еділ, Палео-Кура, Оңт. Каспий ойпатына құйғанда, теңізге орасан көп тұнба ағызып әкеліп отырған. Әр түрлі қалыңдықта қордалана жинақталған тұнбалар, шөгінділер кейін мұнайлы алқаптарға айналған. Белгілі палео-географ, геология-минералогия ғылым докторы Н. И. Марковскийдін пікірінше, Жетібай және Өзен кендері ежелгі Өзеннің сағасының орнынан табылып отыр. Ол айтылып отырған өзен шамасы осыдан екі мын жыл бұрын Каспийге құйып жатқан көне Яксарт (Амудария) болса керек («Природа» журналы, № 2,1976,107-6.).

Маңғыстауда мұнаймен бірге табиғи газдың да қоры өте көп мөлшерде аталады. Сондай-ақ бұл өлкенің төменгі және жоғарғы юра қабатынан тас көмір табылды. Ал бор дәуірінін шөгінділері қабаттарында фосфорит кені көп кездеседі. Н. И. Андрусоволигоцен қалдыкқтары қабатынан марганец кен көзін ашты. Қаратаудағы пермь, триас қабаттарының бірнеше жерінен мыс, темір кендері табыл­ды. Темір кендері сол сияқты юра және төмендегі бор қабаттарында ұшырасады.

Маңғыстау мен Үстірттегі плиоцен қалдық­тары қабаттарынан аса құнды құрылыс материалдары ұлутас кен орындары көптеп ашылуда. Өлкеде бұлардан басқа силикат, құм, кобальт, қорғасын, калий, магний, ас тұздары, кесек күкірт, ақ бор кендері бар. Ауа райы. Маңғыстаудын ауа райы континентальды. Жазы ыстық қысы суық, жыл маусымдары бір-біріне кенет ауысады, күннің көзі көп түседі, жауын-шашыны өте аз, ауа ылғалдылығы болымсыз, күн радиациясы жоғары және желі тұрақты күшті бо­лады.

Түбекті үш жағынан қоршап тұрған Каспий тенізінің жақындығы, теңіз жағалық азғана жерін коспағанда, ауа райына жөнді әсер ете коймайды. Температураның жылдық абсолюттік минимумы 26-30° шамасы, ал максимумы - 34-35°. Ауа температурасының жылдық амплитудасы 70-75°. Жылдық тем­пература 4300°-4600° жылылыққа жетеді, жерден ұшатын ылғал жылына 1500 мм-ге дейін барады.

Көп жылдық (55 жылға дейін) мәліметтер бойынша жасалған ауаның орташа жылдық температурасы (°С) Форт-Шевченкода -11,2, Тұщыбекте - 10,4, Қарақияда - 11,2. Аққұдықта - 11,4, Самда - 8,5 болады. Ал жауын-шашынның жылдық жиынтығы тиісінше аталған жерлерде 214,247,175,155. 179 мм болып келеді. Жыл бойына күшті дауылды күндер саны (секундына 15 м) Самда - 17, Бейнеуде - 25,

Форт-Шевченкода -32, Ералыда - 37 мөлшерін көрсетеді. Жалпы аймақ бойынша ауаның температурасы 0 градустан төмен болса қыс, ал 0°-дан 15°-қа дейінгіні көктем және күз, 15°-тан жоғарыны жаз деп айтуға болады. Осы ретпен есептегенде әр маусымның ұзақтығы төмендегідей болады.

а) Көктем - наурыз, сәуір - 61 күн.

ә) Жаз - мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек -153 күн.

б) Күз - қазан, қараша - 61 күн.

в) Қыс - желтоқсан, қаңтар, ақпан - 90 күн.

Көп жылғы байкаудың нәтижесінде аязсыз күндердің саны 273 күнге, 5°С-тан жоғары күндер саны 232 күнге жуықтайды. Ал жылдық ылғалдың маусым бойынша түсуі төмендегіше болып келеді.

а) көктем-61күн-25мм

ә) жаз - 153 күн - 57 мм

б) күз - 61 күн -20 мм

в) қыс -90 күн - 30 мм

Барлығы: -132 мм

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]