Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1989.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

Мазмұны

бет

Кіріспе................................................................................................................4

I.Табиғаты және табиғи жағдайы................................................................6

1.1. Табиғаты және табиғи қорлары.................................................................6

1.2. Геологиялық құрылымы және пайдалы қазындылары.........................14

1.3. Су қорлары................................................................................................18

II.Негізгі бөлім................................................................................................28

2.1. Топырағы мен өсімдік дүниесі ...............................................................28

2.2. Емдік шөптері ..........................................................................................38

2.3. Өсімдіктер дүниесі және жайылымы ....................................................47

III.Өсімдіктердің маңызы және қорғау шаралары ...............................49

3.1. Өсімдіктер халық шаруашылығында ....................................................49

3.2. Топырақ пен өсімдіктерді қорғау ...........................................................49

3.3. Табиғаттты қорғау....................................................................................50

IV. Зерттелген аймақтың өсімдіктер тізімі .............................................52

Қорытынды ..................................................................................................60

Қолданылған әдебиеттер ............................................................................61

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Диплом жұмысы Маңғыстау облысының флорасының ерекшеліктеріне арналған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Маңғыстау облысының флорасының және өсімдіктерінің тізімін, аймақтың жан-жақты талдауын.) жүргізіп, алынған нәтижелері бойынша қорытынды жасау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1. Зертелген аймақтың физико-географиялық жағдайын (климатын, топырағын, геологиялық құрылымын және пайдалы қазындыларын, су қорларын қарастыру).

2. Облыстың тарихи зерттелуі.

3. Маңғыстау облысының флорасын жан-жақты талдау.

3.1. Топырағы мен өсімдік дүниесі.

3.2. Емдік шөптері.

3.3. Өсімдіктер дүниесі және жайылымы.

4. Өсімдіктердің маңызы және қорғау шаралары

4.1. Өсімдіктер халық шаруашылығында

4.2. Топырақ пен өсімдіктерді қорғау

4.3. Табиғаттты қорғау

5. Жасалған жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытынды жасау.

I.Табиғаты және табиғи жағдайы

1.1. Табиғаты және табиғи қорлары

Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылды. Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысына қарады. 1988 ж. қайтадан Атырау облысы қарамағына берілді. 1990 ж. Маңғыстау дербес облыс атанды.

Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16,7 млн га, оның 12,7 млн га-ы жайылымдық жер болып есептелінеді. Экономикалық қатынас, жан-жақты байланыс тұрғысынан алғанда бұл аймақтың орналасу реті өте тиімді. Өйткені облыстың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Европаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстанмен, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстанмен, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп, күнбе-күнгі тығыз байланыс мүмкіндігінде Ақтау форты қазақ мемлекетінің, оның болашақ теңіз флотының дүние жүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда. Сондай-ақ Ақтау әуе жолы қатынасының да дүниежүзілік маңызы бар қатынас жолына айналып, Алматы - Ақтау - Стамбул ұшағы ұша бастады.

Маңғыстау облысы ежелгі кезеңдерден бері мал шаруашылығымен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы қытымыр, тым ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, нағыз континентальды шөл далаға жатады. Осы жерде өсетін қаракөл қойы, қазақтың түсайыр түйесі, қысы-жазы жайылыммен өсіп-өнген Адай жылқысы осы аймақтың қым-қиғаш, айнымалы табиғатының өзіне лайықты түліктері болып табылады. Маңғыстау өңірінде өнеркәсіптің 1960 жылдардан бастап кауырт дамуына байланысты бұл аймақ тек қана мал шаруашылықты аймақ емес, өндірісі жан-жақ­ты жедел дамыған ірі өнеркәсіпті облыстар деңгейіне көтерілді. Дүниежүзілік маңызы бар мұнай мен газ қоры, жылдам нейтронды энергия көзі, стратегиялық қорғаныстық маңызы бар бағалы рудалар мен минералдық тыңайтқыштар, көмірдің мол қоры, құрылыстық ұлутас, ақ боры мен әлі алынбай жатқан табиғи асфальты бар аймақ.

Бұған қоса Маңғыстаудың емдік суы мен байлығы, шұбаты мен қымызы әлі де бол­са тереңірек игерілуін күтіп жатқан әлеуметтік тұрғыдағы табиғи мүмкіндіктер көзі болып саналады. Маңғыстауда шикізат өндірумен қатар өнеркәсіптің шикізатын өңдейтін саласы да қауырт дамып келеді. Өзен қаласындағы қазактың газ айдау зауды, Ақтаудағы пла­стмасса, кең байыту заудтары, БН-350 ре­акторы, Италиямен бірігіп салынған тіс пастасын шығаратын зауды казіргі таңда халық игілігі үшін қызмет жасайтын ұжымдық еңбектің ұйтқылы орындары болып есептеледі. Сондай-ақ Актау қаласында құс фабрикасы, ет комбинаты, сүт зауды, көкөніспен жабдықтаушы 6 га «Шаруа» жылыжай ұжымдық шағын кәсіпорны жұмыс жасайды.

Қазір Маңғыстау облысының шаруашылықтары мен қожалықтарында 650 мыңнан аса кой-ешкі, 50 мыңға жуық жылқы, 35 мыңға тарта түйе өсіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]