Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_normativti__1179_aza_1179_tili.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Фразеологиялық антонимдер

Фразеологизмдер мән-мағынасы жағынан бір-біріне үйлес келіп, өзара бір-бірімен синоним болып жұмсалатындығы сияқты бұлар мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып қолданылады. Тұрақты тіркестердің арасындағы осындай кереғар құбылстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады.

Қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып кездеседі. Мұнің бірінші түрі тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді бақадай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: аты шықты – аты шеті, ат ізін салмады – ат ізін құрғатапды, әлі кірді – әлі кетті, боқ қонды – базы тойды.

Фразеологиялық антонимдердің екінші түрі құрылым құрлысы жағынан мүлдем басқа сөздерден жасалады.

Мысалы: салт басты – үйлі боранды

еңкейген кәрі – еңбектеген бала

ақ ниет – арам ой

әу баста – ақыр соңында

бауыр басты – жат бауыр болды.

Фразеологиялық варианттар

Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрлысы жағынан ұқсас (үйлес) келген түрлері фразеологиялық варианттар деп аталады.

Фразеологиялық варианттар екі түрлі болады:

а) фонетикалық вариант

ә) лексикалық вариант.

а) Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген кейбір сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқарып айтылуы жатады.

Мәселен, ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ дегенді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ деп те айта береді. Мұндағы ай мен әй, ажа мен әже бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі. Сол сияқты адыра (адырым) қол, әдіре (әдірем) қол деп те айтыла береді. Мұнда бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық (адырам - әдірем), кейде ықшамдалып, қысқарып (адыра - әдіре) айтылып тұрғанымен, тұрақты тіркестің мағынасын өзгертуге ешқандай себеп бола алмайды.

ә) Лексикалық варианттар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады. Мысалы: ағама жеңгем сай – апам жездем сол алақанын жойды – қолын жайды, ант атқан – ант ұрған, аспанмен таласқан – аспанмен тілдескен, отарға оғы жоқ – отарға оғы болмады, жасөспірім – жас ұлан – жас түлек.

Фразеологизмдердің шығу арналары

Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылары:

1. Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған.

Мысалы: арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген фразеологизмнің негізінде иттің қарсылық білдіріп, айбат шегуі жатыр кейіннен бұл мағына адамға қатысты айтылатын болған.

Мысалы: ат басына күн туды

ат-тонын ала қашты

исі мұрнына кірмеді.

2. Көптеген фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған.

а) уақыт, мерзімі өлшемдері: күн шыға, тапа-тал түсте, түс ауа, ымырт жамыла, ел жата, тоңға жақын.

ә) көлем өлшемдері: бір үйір жылқы, бір жағым от, бір жайлым нан, бір қорын шай, бір асым ет, бір киер киім.

Қазақ халқы революцияғаға дейін көшіп-қонып көшпенділік дәуірді ұзақ уақыт басынан өткізгендігі белгілі. Олар жаз жайлауда, қыс қыстауда, күз күзекте бірден-бірге көшіп-қонып жүргенде, уақыт мерзімін, ұзындық пен көлемді қалай өлшеп білген деген заңды сұрау тұрады.

Өткен заманда қазақтар уақытты сағатпен нақтылап өлшегенмен, секунд, минут, сағат деген ақыт өлшемдерін шамамен дәл болжай білген.

Мәселен, секунд ұғымын – қас қағым, кірпік қаққанша, демнің арасында деген дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы арқылы білдірген. Минут пен сағатты бие сауым, сүт пісірім, жай қайнатым, ет асым сияқты нақтылы мөлшерлі уақытпен білдірген.

3. Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға байланысып жасалған. Мысалы, ант су ішті, қыс көпір, иманды адам, құран сөзіндей, періштенің құлағына шалынсын, пітір берді, дем салда т.б.

4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар. Өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: қайда барса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қосымханның қысқа жолы, мол құлағы саңырау, отқа май құйды, құба қалмақ заманы, шашбауын көтерді т.б.

Жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар.

Мәтін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]